"Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31548 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларында:

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустирялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің 2022 жылғы
21 желтоқсандағы № 731
Бұйрыққа қосымша
  Жер қойнауын
пайдаланушының пайдалы
қатты қазбаларды барлау
және өндіру, кең таралған
пайдалы қазбаларды өндіру
жөніндегі операцияларды
жүргізу кезінде есептерді ұсыну
қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/miid

Пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есеп

      Индекс: 1.1.-ПҚҚ*

      Мерзімділігі: жыл сайын пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде, тоқсан сайын пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде

      Ақпарат ұсынатын адамдар: жер қойнауын пайдаланушылар

      Қайда ұсынылады: пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға

      Тапсыру мерзімі: пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей, пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей

      1-кесте

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі

Сатып алу үшін код

Сатып алу коды

Сатып алу тәсілі

Сатып алу қорытындысын қортындылау күні (күні, айы, жылы)

Келісімшарттың №

Келісімшартты жасасу күні (күні, айы, жылы)

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Келісімшарт қызметінің аяқтау күні (күні, айы, жылы)

Келісімшарт мәртебесі

ҚҚС** қоспағанда келісімшарттың жалпы сомасы, теңге

ҚҚС қоспағанда СЖЖ*** жоспарланған сомасы теңге

ТЖҚ ****жеткізушінің ұйымдық-құқықтық нысаны

ТЖҚ жеткізушінің елі

8

9

10

11

12

13







      кестенің жалғасы

ТЖҚ жеткізушілердің атауы

Жеткізушінің БСН***** (ЖСН******)

Жеткізушінің электрондық мекенжайы

Жеткізушінің байланыс телефоны

Жеткізушілер қызметкерлердің саны

Жеткізуші қызметкерлерінің жалпы саны, адам

Қазақстан Республикасының азаматтардың жеткізуші қызметкерлердің саны, адам

14

15

16

17

18

19







      2-кесте

Келісімшарттың №

Сатып алу коды

ТЖҚ БНА ******* бойынша ТЖҚ коды

Сатып алынған ТЖҚ атауы және қысқа сипаттамасы (қосымша)

Өлшем бірлігі

Сатып алу көлемінде табиғи білдіру

ҚҚС қоспағанда сатып алу көлемінің бағасын белгілеу, теңге

"СТ-КZ"
сертификаты берілген тауар өндірушінің БСН\ЖСН

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

"СТ-КZ" сертификат №

"СТ-КZ" сертификаттың сериясы

"СТ-КZ" сертификатты берген органның коды

"СТ-КZ" сертификатты берген күні (күні, айы, жылы)

"СТ-КZ" сертификатта көрсетілген тауарда % елішілік құндылық

Жұмыстарда (көрсетілетін қызметтер), % елішілік құндылық

Тауар шығаратын елі

9

10

11

12

13

14

15








      Атауы _________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      * ҚПК - қатты пайдалы қазбалар;

      ** ҚҚС - қосылған құн салығы;

      *** СЖЖ - сатып алудың жылдық жоспары;

      **** ТЖҚ - тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      ***** БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ****** ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ******* ТЖҚ БНА – тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есеп (индексі 1.1.-ҚПК, жылдық кезеңділігі, тоқсан сайынғы)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есеп" әкімшілік деректер нысаны (бұдан әрі - Нысан) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 195-бабы 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, 215-бабының 3-тармағының бірінші және төртінші бөлімдеріне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті елішілік құндылық мониторингі болып табылады.

      3. Толтырылған Нысанды жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынады;

      пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензиялар (келісімшарттар) бойынша жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей;

      пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар (келісімшарттар) бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей.

      4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда - оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      5. Нысан әр тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет бойынша жеке-жеке толтырылатын екі кестеден тұрады.

2-тарау. 1-кестені толтыру бойынша түсіндірмелер

      6. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда уәкілетті орган берген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшарттың (лицензияның) тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда сатып алу мәнінің коды көрсетіледі: 0 – тауарлар, 1-жұмыс, 2-қызмет;

      3-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі;

      4-бағанда сатып алу тәсілі көрсетіледі:

      1) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жер қойнауын пайдаланушылар: 101 – ашық конкурс, 103 – бір көзден, 104 – тауар биржаларында, 105 – төмендетуге ашық конкурс (электрондық сауда-саттық), 112 – жоқ тәсілдерін қолдану;

      2) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына (бұдан әрі – Қор) тікелей немесе жанама түрде тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар: 201 – ашық тендер, 209 – жабық тендер, 210 – екі кезеңді ашық тендер, 211 – екі кезеңді ашық тендер жабық тендер, 202 – баға ұсыныстарын сұрату, 203 – бір көзден, 208 – электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында, 204-тауар биржалары арқылы, 212 – "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 2-тармағына сәйкес Қордың Директорлар кеңесі бекітетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының нормаларын қолданбай;

      5-бағанда сатып алу қорытындыларын шығару күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      6-бағанда сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы шарттың нөмірі көрсетіледі;

      7-бағанда шарттың жасалған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      8-бағанда шарттың қолданылу мерзімі (күні, айы, жылы) көрсетіледі;

      9-бағанда шарттың мәртебесі көрсетіледі:

      "0" мәртебесі жасалған шарттар бойынша көрсетіледі;

      "1" мәртебесі төлемге қарамастан, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған шарттар бойынша көрсетіледі;

      "2" мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған шарттар бойынша көрсетіледі;

      "3.0" мәртебесі жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

      "3.1" мәртебесі төлеміне байланысты емес, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

      "3.2" мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі.

      10-бағанда сатып алуды растайтын теңгемен ҚҚС-ты есепке алмағанда шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы айтылмаса, осы шарт бойынша осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жоспарланған сома көрсетіледі. Егер шарт ұзақ мерзімді болса, онда шарттың бүкіл қолданылу кезеңіне шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы айтылмаса, бірақ шарттың орындалуына қарай шот-фактуралар немесе орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің актілері ұсынылса, онда әрбір есепті кезең үшін өсу арқылы осы құжаттардың сомасы көрсетіледі;

      11-бағанда теңгемен ҚҚС-ты есепке алмағанда, жылдық сатып алу бағдарламасында жоспарланған сома көрсетіледі;

      12-бағанда шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының жіктеуішіне сәйкес тауарды, жұмысты немесе қызметті берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;

      13-бағанда елдердің Мемлекетаралық сыныптауышына сәйкес тауарды, жұмысты және көрсетілетін қызметті берушінің елі көрсетіледі. Егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;

      14-бағанда өнім берушінің атауы көрсетіледі. Егер тауарды, жұмысты немесе көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, атауы заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтамаға сәйкес (заңды тұлғалар үшін) және дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікке сәйкес (жеке тұлғалар үшін) көрсетіледі;

      15-бағанда тауарды, жұмысты немесе қызметті берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер тауарды, жұмысты немесе қызметті жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;

      16-бағанда өнім берушінің электрондық мекенжайы көрсетіледі;

      17-бағанда жеткізушінің байланыс телефоны көрсетіледі;

      18-бағанда өнім беруші қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі;

      19-бағанда жеткізушінің Қазақстан Республикасының азаматтары қызметкерлерінің саны көрсетіледі.

3-тарау. 2-кестені толтыру бойынша түсіндірмелер

      7. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда шарттың нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімімен берілген сатып алу коды көрсетіледі. Егер сатып алу жүйені пайдаланбай жүргізілсе, баған толтырылмайды;

      3-бағанда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес коды көрсетіледі;

      4-бағанда сатып алынған тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттар, қасиеттері мен сипаттамалары) көрсетіледі;

      5-бағанда өлшем бірліктері мен шоттардың Мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі. Баған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      6-бағанда тауардың көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай көріністегі сатып алу көлемі көрсетіледі. Баған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылмайды;

      7-бағанда қосылған құн салығын есепке алмағанда құндық мәндегі сатып алудың нақты көлемі теңгемен көрсетіледі;

      8-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген тауар өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      9-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нөмірі көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      10-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың сериясы көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      11-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру органының коды көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      12-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың берілген күні көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      13-бағанда "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамту пайызбен көрсетіледі. Баған жергілікті шыққан тауарлар үшін толтырылуға жатады;

      14-бағанда қосалқы мердігерліктің барлық деңгейлерін ескере отырып, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 2-тармағына сәйкес индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) елішілік құндылық пайызбен (жүздік үлеске дейін) көрсетіледі.

      15-бағанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекетаралық статистика комитеті елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауардың шығарылған елінің цифрлық коды көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады