ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі – конфиденциалдылықты бұзу, банк активтерінің тұтастығын немесе қолжетімділігін қасақана бұзу салдарынан зиянның пайда болу ықтималдығы;
2) ақпараттық технологиялар тәуекелі – банк пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың істен шығуы (жұмыс істеуінің бұзылуы) салдарынан зиян туындау ықтималдығы;
3) банктің уәкілетті алқалы органы – директорлар кеңесі, директорлар кеңесінің жанындағы комитет, басқарма, басқарманың жанындағы комитет;
4) бедел тәуекелі – қоғамда банктің сенімділігі, ол көрсететін қызметтердің сапасы немесе жалпы банк қызметінің сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан клиенттік базаның тарылуы, өзге де даму көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде жоспарланған кірістерді алмау ықтималдығы;
5) заңдық тәуекел – банктің не контрагенттің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда - оның шығу елінің заңнамасының, сондай-ақ жасасқан шарттардың талаптарын сақтамауы салдарынан залалдардың туындау ықтималдығы;
6) капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – активтердің көлемін, қызметтің сипаты мен күрделілік деңгейін, ұйымдастыру құрылымын, стратегиялық жоспарларды, банктің тәуекел-профилін, нормативтік құқықтық базасын есепке алғандағы маңызды тәуекелдерді басқару процестерінің жиынтығы, тұрақты қаржылық жағдайды және төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін банк капиталы жеткіліктілігінің нысаналы деңгейін анықтау мақсатында мұндай тәуекелдерді бағалау және біріктіру.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының капиталы деп, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысының талаптарына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерві ретінде қабылданатын активтер түсініледі;
7) капиталды қаржыландыру жоспары – банк капиталының күрт төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдер мен іс-әрекеттердің жиыны;
8) кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналы – кепілмен қамтамасыз етудің сипаты мен сипаттамасын, сапаны тәуелсіз бағалаудың бірінші және неғұрлым өзекті бағалауының қорытындысы (бағалау күні, сапаны тәуелсіз бағалаудың атауы, бағалау құны, әдісі) бойынша ақпаратты, кепіл қызметінің қорытындысын (күні, құны), құнының әр түрлі болуының себептерін, өткізу бойынша ақпаратты қамтитын кепілмен қамтамасыз ету құнының ішкі журналы;
9) кепілсіз тұтынушылық қарыз – жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген, берілу сәтіне кепіл туралы талап қоюсыз банктік қарыз;
10) комплаенс-тәуекел – банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының, сондай-ақ банктің қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттер заңнамасының талаптарын орындамау салдарынан шығындардың туындау ықтималдығы;
11) корпоративтік басқару – банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері), акционерлердің, басшы қызметкерлердің және аудиторлар директорлар кеңесінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ банктің уәкілетті алқалы органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі.
Корпоративтік басқару жүйесі өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді ұйымдастыруға, сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдау процесін құруға мүмкіндік береді;
12) кредиттік тәуекел – қарыз алушының немесе контрагенттің банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін орындамау салдарынан туындайтын шығын ықтималдығы;
13) кредит төлеу қабілеттілігі – қарыз алушының болашақта банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді толығымен және мерзімінде орындай алу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік беретін, қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштермен ұсынылған кешенді құқықтық және қаржылық сипаттамасы;
14) кредит шарты – нәтижесінде банк тарапынан қарыз алушыға талаптар туындайтын (немесе келешекте туындауы мүмкін) қаржыландыру (шартты қаржыландыруды қоса) туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім;
15) күтпеген оқиғалар орын алған жағдайда қаржыландыру жоспары – банктің өз міндеттемелері бойынша уақтылы жауап беру қабілетінің төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдердің жиынтығы мен іс-қимылдар жоспары;
16) қадағалап стресс-тестілеу – бұл оқиғалардың өрбуінің болжамды (стрестік) сценарийлеріне банктердің қаржылық орнықтылығын бағалауға бағытталған уәкілетті органның құралы. Банктер қадағалап стресс-тестілеуге қатысушылар үшін бірыңғай әдіснаманың және сценарийлердің негізінде ішкі модельдерді қолданумен есептеулер жүргізеді және уәкілетті органға стресс-тестілеудің нәтижелерін ұсынады. Бұл ретте, банктер жүргізілген есептеулердің сапасы мен стресс-тестілеудің нәтижелері үшін жауапты болады;
17) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган;
18) қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше – банк бөлімшесі, ақпарат иесі, ақпараттың конфиденциалдылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзу банкті шығындарға алып келеді;
19) маңызды ақпараттық актив – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16772 болып тіркелген, "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысына сәйкес айқындалатын ақпараттық актив;
20) маңызды тәуекел – іске асырылуы банктің қаржылық тұрақтылығының нашарлауына алып келетін тәуекел;
21) мүдделер қайшылығы – банктің, оның акционерлерінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органының лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері) және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүдделілігі және олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе банктің және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің мүліктік және өзге де мүдделері арасында қарама-қайшылық туындайтын жағдай, бұл банк және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін;
22) нарықтық тәуекел – нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнының өзгерістерінде байқалатын нарықтық жағдайдың тиімсіз өзгерістері себеп болатын баланстық және баланстан тыс баптары бойынша қаржы шығыны туындау ықтималдығы;
23) операциялық тәуекел – стратегиялық тәуекел және беделдік тәуекелді қоспағанда, қолайсыз және жеткіліксіз ішкі процестер, адами ресурстар мен жүйелер, немесе сыртқы оқиғалардың ықпалының нәтижесінде шығындардың пайда болу ықтималдылығы;
24) өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – банктің өтімділіктің тиісті деңгейін ұстап тұруы және қызмет, валюта түріне байланыссыз түрлі уақыттық аралықтарда өтімділік тәуекелін басқарудың тиісті жүйесін енгізу мақсатында өтімділік тәуекелін басқару процестерінің жиынтығы;
25) өтімділік тәуекелі – банктің өз міндеттемелерін елеулі шығындарсыз белгіленген мерзімде орындауға қабілетсіздігі нәтижесінде қаржылық залалдардың туындау ықтималдығы;
26) пайыздық тәуекел – банктің активтері, пассивтері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруінің салдарынан шығындардың (зияндардың) пайда болу тәуекелі;
27) саясат – банктің директорлар кеңесі бекіткен, банктің тиімді қызмет етуін және оның қызметінің стратегиясына, тәуекел бейініне, тәуекел дәрежесіне сәйкестігін қамтамасыз ететін негізгі сандық және сапалық өлшемдерін, қағидаттарын, стандарттарын айқындайтын ішкі құжат. Саясат шеңберінде банктің директорлар кеңесі жекелеген рәсімдерді, процестерді, нұсқаулықтарды сипаттайтын тиісті ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
28) стратегиялық тәуекел – банктің стратегиялық дамуын айқындайтын және банктің қызметіне тән қауіптерді жеткілікті түрде есепке алмаудан көрінетін шешімдер қабылдау, банктің бәсекелестер алдында басымдыққа жетуі мүмкін қызметтің перспективалық бағыттарын дұрыс немесе жеткілікті түрде негіз келтіріп айқындамау, банк қызметінің стратегиялық мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін қажетті ресурстар мен ұйымдастыру шараларының болмауы немесе толық көлемде қамтамасыз етілмеуі кезінде жіберілген қателер (кемшіліктер) нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы;
29) стресс-тестілеу – ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың банктің қаржылық жағдайына әлеуетті әсерін бағалау әдісі;
30) тәуекел – күтілетін немесе көзделмеген оқиғалардың банктің қаржылық орнықтылығына, оның капиталына және (немесе) кірістеріне теріс әсер етуі мүмкін ықтималдық;
31) тәуекел-бейін – тәуекел түрлерінің және әлсіз тараптарды анықтау және тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберіндегі келесі іс-қимылдардың басымдығын айқындау үшін банктің банк қызметінің барлық түріне тән тәуекелдер түрлеріне ұшырау дәрежесін сипаттайтын өзге мәліметтердің жиынтығы;
32) тәуекел дәрежесі – банк стратегияны іске асыру кезінде қабылдауға дайын не алып тастауға ниетті маңызды тәуекелдердің біріктірілген деңгейі (деңгейлері);
33) тәуекел дәрежесін мәлімдеу – банктің директорлар кеңесі бекітетін, маңызды тәуекелдердің банк қабылдауға дайын не стратегияны іске асыру кезінде алып тастауға ниетті болатын біріктірілген деңгейі (деңгейлері) (тәуекелдің рұқсат етілген мөлшерінің лимиттері) сипатталатын құжат. Тәуекел дәрежесін мәлімдеу кірістілікке, капиталға, өтімділікке, тәуекелдерге қатысты көрсеткіштерді, өзге қолданылатын көрсеткіштерді қоса алғанда, сапалық сипаттағы, сондай-ақ сандық сипаттағы мәмілені қамтиды;
34) тәуекел-мәдениет – тәуекелдердің банктің қаржылық жай-күйіне әсер етуін азайту мақсатында, банктің тәуекелдерді түсінуіне, қабылдауына, басқаруына және бақылауына бағытталған процестері, рәсімдері, ішкі қағидалары, сондай-ақ ұйымдық құрылымның барлық қатысушыларының кәсіби қызметінің этикалық нормалары және стандарттары. Тәуекел-мәдениет банк қызметінің қолданыстағы бекітілген рәсімдерін, процестерін және тетіктерін толықтырады және тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас құрауышы болып табылады;
35) тәуекелді өңдеу – тәуекелдерді өзгерту жөніндегі шараларды таңдау және іске асыру процесі;
36) тәуекелдер тізілімі – тәуекелдердің өлшемшарттары мен туындау себептері, олардың туындау ықтималдығы, әсері (залалы), тәуекелдерді өңдеу басымдығы мен әдістері бар құрылымдалған тәуекелдер тізілімі;
37) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
38) ұйымдастыру құрылымы – банктің бағыныстылық, есеп беру құрылымын көрсететін басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелерінің сандық құрамын және жүйесін белгілейтін ішкі құжат және (немесе) ішкі құжаттардың жиынтығы;
39) цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық активтер платформасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
40) ішкі (экономикалық) капитал – маңызды тәуекелдерді, оның ішінде әлеуетті, банк қабылдаған, меншікті модельдерді қолданумен банктің ішінде есептелген капитал.
Қағидалардың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданған кезде:
директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі;
басқарма деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері түсініледі;
меншікті капитал деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы" қаулысының талаптарына сәйкес есептелген резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі;
қаржылық есептілік деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік түсініледі;
тәуекел-менеджмент басшысы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі;
бас комплаенс-бақылаушы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Банктің ұйымдық құрылымы таңдап алынған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне сәйкес келеді, мүдделер қайшылығын барынша азайтады және алқалық органдар және құрылымдық бөлімшелер арасындағы тәуекелдерді басқару өкілеттіктерін қоса алғанда, бірақ шектемей бөледі:
1) банктің директорлар кеңесі;
2) банктің директорлар кеңесі жанындағы комитеттер;
3) банктің басқармасы (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері);
4) тәуекелдерді басқару бөлімшесі (бөлімшелері);
5) комплаенс-бақылау бөлімшесі;
6) ішкі аудит бөлімшесі;
7) кепіл қызметінің функцияларын орындайтын бөлімше, оның ішінде аутсорсинг негізінде кепіл қызметі (банктің стратегиясы кепілмен қамтамасыз етуге кредиттер беруді көздемейтін және банктің ағымдағы портфелінде кепілмен қамтамасыз етуге берілген қарыздар болмаған жағдайларды қоспағанда) (бұдан әрі – кепіл қызметінің бөлімшесі).";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Банктің директорлар кеңесі директорлар кеңесімен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын жеткілікті өкілеттіктерге, тәуелсіздікке және ресурстарға ие тәуекел-менеджменті басшысы жетекшілік ететін және (немесе) басқаратын тәуекелдерді басқару бөлімшесінің (бөлімшелерінің) болуын қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі (бөлімшелері) мынадай, бірақ олармен шектелмей, келесі функцияларды орындайды:
1) тәуекелдерді басқару саясаты мен рәсімдерін, тәуекел дәрежесінің стратегиясын және тәуекел дәрежесі деңгейлерін анықтауды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу;
2) банк қызметіне тән маңызды ағымдағы және әлеуетті тәуекелдерді, оның ішінде қадағалап стресс-тестілеу және ішкі стресс-тестілеу аясына енген банктер үшін қадағалап стресс-тестілеу арқылы анықтау;
3) тәуекелдерді бағалау және тәуекел дәрежесінің (дәрежелерінің) агрегирленген деңгейін анықтау;
4) кейін тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тәуекел дәрежесінің деңгейлерін, тәуекел дәрежесі деңгейлерінің сақталу мониторингін әзірлеу;
5) тәуекел дәрежесі деңгейлерінің бұзушылықтарын анықтауға бағытталған ерте ескеру жүйелерін және триггерлерді әзірлеу;
6) басқармаға, тәуекелдерді басқару комитетіне және банктің директорлар кеңесіне басқарушылық есептілік ұсыну.
Тәуекел дәрежесінің деңгейлерін әзірлеу және әрі қарай тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына шығару, банктің директорлар кеңесінің бекітуі бөлігінде осы тармақтың 1) тармақшасының, 4) тармақшасының, сондай-ақ осы тармақтың 5) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. КЖБІП ұйымдастырушылық құрылымын сипаттау капиталдың жеткіліктілігін басқару процесін іске асыруға қатысатын банктің алқалы органдары мен бөлімшелерінің жауапкершілігін көрсетумен КЖБІП қатысушыларының тізбесінен тұрады, оның ішінде:
1) банктің директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару және тәуекел дәрежесінің деңгейін (деңгейлерін) анықтау мақсатында капиталдың жеткіліктілігін басқару үшін жауапты болады. Банктің директорлар кеңесі есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей, капитал жеткіліктілігінің қажетті деңгейін қолдау туралы ақпаратты қамтитын КЖБІП және ӨЖБІП сақтау бойынша есепті бекітеді;
2) тәуекелдері басқару мәселелері жөніндегі комитет банктің директорлар кеңесі бекіткен тәуекел дәрежесінің деңгейі аясында тәуекелдерді басқару және капиталды басқару саласындағы рәсімдерді әзірлеу үшін жауапты болады;
3) ішкі бақылау функциялары жүктелген бөлімше (бөлімшелер) адамдар КЖБІП рәсімдерінің сақталуын тексеруді жүзеге асырады және нәтижелерді банктің директорлар кеңесіне береді;
4) тәуекелдері басқару бойынша процеске қатысатын бөлімше (бөлімшелер):
капиталдың жеткіліктілігін басқару процесінің іске асырылуы үшін жауапты болады;
Қағидаларға қосымшаға сәйкес капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің сақталуы жөніндегі есептің құрылымына сәйкес КЖБІП және ӨЖБІП сақтау бойынша есеп дайындауға жауапты болады. Банк есептеулерді, қолданылатын модельдерді, түсіндірме жазбаларды, талдамалық анықтамаларды, өзін-өзі бағалау нәтижелерін, КЖБІП тиімділігін бағалауды және КЖБІП рәсімдерінің сақталуын тексеру нәтижелерін қамтитын, бірақ олармен шектелмей, КЖБІП және ӨЖБІП сақтау бойынша есепке растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
стресс-тестілеу өткізу үшін жауапты болады;
5) бюджет әзірлеу және жоспарлау үшін жауапты бөлімше инвестициялар жоспарлауды және банк қызметінің барлық бағыттары бойынша бюджет әзірлеуді жүзеге асырады;
6) капиталды басқару бөлімшесі (бөлімшелері) капиталдандыру деңгейін ұлғайту бойынша шаралар әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ мүдделі бөлімшелермен бірлесіп капиталды қаржыландыру жоспарын әзірлейді;
7) ішкі аудит бөлімшесі КЖБІП тиімділігін бағалауды жүргізеді.
КЖБІП аясында банктің директорлар кеңесі Қағидалардың 3-тарауына сәйкес әзірленген тәуекел дәрежесінің бекітілген стратегиясының сақталуы үшін жауапты болады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің шеңберінде банк мынадай қағидаттар мен талаптарды басшылыққа алады:
1) директорлар кеңесі және банк тәуекелдерін басқару мәселелері жөніндегі комитет мыналарды қамтамасыз етеді:
провизиялардың жеткіліктілік деңгейін ұстап тұру;
төмендегілермен қамтамасыз етілетін кредиттік тәуекелді бағалау процесін бақылауды жүзеге асыру:
шешімдер қабылдау мақсатында ақпараттың толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі), Банктер туралы заңның, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң), "Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, ішкі саясаттарды және кредиттік тәуекелді басқару бойынша рәсімдерді сақтау;
басқарушылық, реттеушілік және қаржылық есептіліктің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
бизнес-бөлімшелерден тәуелсіз қарыздарды бағалау рәсімінің болуы;
қарыздарды бағалау барысында барлық қолжетімді ақпаратты пайдалануға негізделген кредиттік тәуекелдің деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесін бекіту;
кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысушылардың арасында нақты және толық көлемде регламенттелген өзара іс-әрекет рәсімдерінің болуы;
бекітілген провизияларды және ішкі капитал жеткіліктілігін бағалау процесін құру әдістемесінің шеңберінде провизиялар деңгейінің күтілетін залалдарға сәйкестігін бағалау кіретін тиімді ішкі бақылау жүйесін құру;
2) банк кредиттік қызметті және бекітілген кредиттік саясат шеберінде кредиттік тәуекелді басқаруды жүзеге асырады, оған мыналар кіреді, бірақ мұнымен шектелмейді:
банктің кредиттік қызметінің негізгі бағыттары;
кредиттік процестің қатысушылары және олардың жауапкершілік салалары;
кредиттерді қарау және мақұлдау тәртібін қоса алғанда, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды кредиттеуге қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі, кредиттік тәуекелдің концентрациясын шектеу мақсатында кредиттеу лимиттері;
қарыз алушының кредиттік қабілеттілігін талдау рәсімі.
Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылданған шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыздан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеге дейін банктің меншікті капиталынан 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайыздан асатын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:
қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;
жылжымайтын және басқа мүлігінің болуы;
қарыз берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында;
борыштық жүктеме;
қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);
қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса);
басқа да берешегінің болуы;
банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;
банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар;
білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат;
әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары;
ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат;
қарыз алушының кірістері туралы қосымша ақпарат.
Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылдаған шартты міндеттемелердің жалпы сомасы банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын меншікті капиталының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспайтын немесе банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:
қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;
қарыз берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы;
борыштық жүктеме;
қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);
қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса);
банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;
банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар;
білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат;
әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары;
ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат (бар болса).
Егер заңды тұлғаға ұсынылған қарыздардың және шартты міндеттемелердің жалпы сомасы мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден аспайтын банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын болса банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:
қарыз алушы-заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін және негізгі қаржылық коэффициенттерін (рентабельділігі, меншікті және қарыз қаражатының арақатынасы, ақша қаражатының түсу жоспары (қаржы ұйымдарына қарыздар беру, қаржы ұйымдарында салымдарды орналастыру, 6 (алты) айдан аз мерзімге кредиттік желі ашу жағдайларын қоспағанда), кірістер деңгейін талдау.
Активтерінің баланстық құны банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) асатын қарыз алушының талдау үшін қабылданатын қаржылық есептілігі (мерзімі 6 (алты) айдан кем овердрафттар, кредиттік карталар, кредиттік желілер түрінде қаржыландыру жағдайларын қоспағанда) мынадай талаптарға сәйкес келеді:
баланстың материалдық (маңызды) құрауыштары (баланс валютасынан 5 (бес) пайыздан астам) және (немесе) пайда мен зияндар туралы есеп (түсімнен 5 (бес) пайыздан астам) бойынша шоттардың талдамасымен есептіліктің негізгі үш нысанының болуы. Бұл талап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына, Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс), Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch Ratings Inc. (Фич Рейтингс) агенттіктерінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар жария компанияларға, жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғаларға, сондай-ақ қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін компаниялар куәландырған аудиттелген қаржылық есептіліктің болуы жағдайларына қолданылмайды;
қаржылық есептіліктің барлық нысандары арасындағы толық сәйкестік;
ұсынылған қаржылық есептіліктің астында қарыз алушының жауапты (уәкілетті) тұлғаларының қолдарының болуы.
Қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін аудиттелген қаржылық есептілік болған жағдайда кез келген мақсаттар үшін аудиттелген қаржылық есептілікке басымдылық беріледі, сондай-ақ оны салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді. Жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғалар үшін қаржылық есептілікті салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салық декларациясының болуы (Салық кодексіне сәйкес салық декларациясын тапсыру талап етілген жағдайда) және бір кезең үшін құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақша ағындарын есептеу үшін пайдаланылатын қаржы есептілігіндегі деректермен салық декларациясындағы деректердің қайшылығының болмауы талап етіледі. Қаржылық және салықтық есептілік көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтарға бухгалтерлік және салықтық есепке алу айырмашылықтарына байланысты жол беріледі. Өзге жағдайларда есептілік нысандары арасындағы деректердің айтарлықтай алшақтығының себептері қарыз алушы бойынша банктің жауапты бөлімшесінің қорытындысында сипатталады және банктің уәкілетті алқалы органы қарайды.
Банк ішкі құжаттардағы айырмашылықтардың маңыздылығын белгілейді. Белгіленген шектер болмаған жағдайда түсім, қорытынды қаржылық нәтиже, активтердің рентабельділігі көрсеткіштері бойынша 30 (отыз) пайыздан астам мөлшерде айырмашылықтар (бірақ олармен шектелмей) елеулі алшақтықтар болып табылады.
Қаржылық есептілік объективті болған жағдайда банк қаржылық есептілікті құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақша ағындарын есептеу мақсатында пайдаланады.
Қаржылық есептілік және (немесе) салық декларациясы болмаған жағдайда (Салық кодексіне және Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңға сәйкес оларды тапсыру талап етілмеген жағдайда) қарыз алушының активтері және өзге де табыс көздері туралы ақпарат (банк шоттары бойынша үзінді- көшірмелер, меншікте тиісті активтердің болуын растау) сұратылады.
Құнсыздану белгілері мен құнсыздану санаттарын бағалау шеңберінде қарыз алушылардың, тең қарыз алушылардың, кепілдік беруші мен кепілгерлердің қаржылық есептілігін шоғырландырылған түрде пайдалануға жол беріледі.
Қарыз бойынша күтілетін ақша ағындарын есептеу мақсатында қарыз алушының қаржылық есептілігін (оның ішінде банк тарапынан) оның төлем қабілетсіздігі басталған жағдайда қарыз алушымен оның берешегін өтеу бойынша шарттық міндеттемелері бар тұлғалардың (оның ішінде қарыз алушымен байланысты) есептілігімен, сондай-ақ егер осы тұлғаның активтері қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылса, қарыз алушымен осындай шарттық міндеттемелері жоқ тұлғалардың есептілігімен шоғырландыруға жол беріледі.
Банк осы тармақшаның отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші абзацтарында белгіленген талаптарды сақтамай қарыз берген жағдайда, қарыз алушының барлық міндеттемесі халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (бұдан әрі– ХҚЕС) бойынша құнсызданған активтерге жатады;
қарыз берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында қарыз берешегінің болуы;
қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредит тарихы);
өтімді активтердің деңгейі;
борыштық жүктеме;
алдындағы берешекті өтеудің өзге көздерінің болуы;
болжамды бос ақша ағындары;
қарыз алушының сыртқы ортасын бағалау (экономиканың, саланың жай-күйі, даму перспективалары, өндіріс пен өткізу нарықтарының әртараптандырылуы және қарыз алушының операциялық қызметінің сипаттамалары, мысалы, қарыз алушының тиісті нарықтағы нарықтық үлесі, қарыз алушының өнімін көрсету, операциялар географиясы, бизнестің циклділігі, тұтынушылардың басымдықтарындағы өзгерістер, технологиядағы өзгеріс, экономика секторына кірудегі кедергілер және компанияның табыс алу мен бағаларды ұстап тұру мүмкіндігіне ықпал ететін басқа да факторлар);
басқару сапасын бағалау (тәжірибе, құзыреттілік, іскерлік бедел);
қарыз алушының меншік иелерін бағалау;
сот талқылауларына тартылу фактілерінің болуы;
сенімсіз салық төлеушілер тізіміне енгізу.
Егер заңды тұлғаға берілген қарыздардың және шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан аспайтын немесе банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:
қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;
қарыз берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы қарыз берешегінің болуы;
қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);
борыштық жүктеме;
банк алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;
тиісті саланы дамыту перспективалары.
Кредиттеу саласына және қарыз алушының типіне қарай сандық және сапалық көрсеткіштер жиыны өзгеріп отырады.
Жеке және заңды тұлғаларға қатысты кредиттік саясат олар болған кезде қарыз алушының кредиттік қабілеттілігіне талдау жүргізілмейтін жағдайларды айқындайды (банктік кепілдіктерді, аккредитивтерді, банктік қарсы кепілдікке шығарылған банктік кепілдіктерді, сондай-ақ жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген қарыздарды беру). Қазақстан Республикасының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді кредит рейтингі немесе басқа бір рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктер үшін бас банк немесе банкке қатысты үлестес тұлға кредиттік қабілеттілігінің талдауы қарыз алушының кредит алуға өтініші банкке түскен күннен бастап 12 (он екі) айдан кешіктірмей жүзеге асырылған жағдайда, қарыз алушының бас ұйымы деңгейінде немесе қарыз алушының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне кіретін ұйымның ондай талдауын пайдалануға жол беріледі;
қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде негізділік, мақсатқа лайықтылық және тәуелсіздік ұстанымдарына негізделген және қарыздарды қайта құрылымдау жағдайлары мен талаптарының сипаттамасын қамтитын қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі. Банк қарыз алушының қайта құрылымдау жағдайлары мен түрлерін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 Қаулысына (бұдан әрі – № 269 Қаулы) сәйкес айқындайды.
Банк қайта құрылымдаудан кейін қарызды өтеу перспективаларының болуын есепке ала отырып, қарыз алушылар бойынша қарыздарды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдайды.
Шартты міндеттемелерді қоса алғанда, жалпы берешегі мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 1 (бір) пайыздан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден аспайтын банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыздан асатын, қарыз алушылардың және (немесе) бір-бірімен байланысқан қарыз алушылар тобының қарыздарына № 269 Қаулысына сәйкес айқындалатын мәжбүрлі қайта құрылымдау жүргізу туралы шешімді банк басқармасы немесе құрамына банк басқармасының төрағасы кіретін банктің алқалы органы қабылдайды. Қабылданған шешімдер туралы ақпарат тоқсан сайын банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі;
мынадай факторларды есепке ала отырып (бірақ олармен шектелмей) кредиттік тәуекелді басқарудың тиімді тәсілдері:
тәсілді пайдаланған кезде өз білімі мен тәжірибесінің болуы;
экономикалық тиімділігі;
қарыз алушының және (немесе) контрагенттің типі, олардың қаржылық жай-күйі;
3) банк кредиттік қызметін оларға кредиттік тәуекел тән операцияларды жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады, оларға мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді:
әлеуетті қарыз алушыларға және (немесе) контрагенттерге қойылатын талаптарды қоса алғанда, кредиттеудің әрбір түрі бойынша жеке және заңды тұлғаларға (оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға және банк қызметкерлеріне) кредит беру талаптары;
қарыз алушының және (немесе) контрагенттің ақпаратына, оның ішінде кредит беру туралы шешім қабылдауға қажетті қаржылық және басқа ақпаратқа қойылатын талаптар;
кредиттеу секторына, қарыз алушының кредиттік тарихына, сондай-ақ кредиттердің сапасын толық бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық факторлар негізінде рейтингтік жүйеге талдау жасауды көздейтін корпоративтік кредиттеудің ішкі тәртібі;
кредиттік скоринг әдіснамасы немесе сандық және сапалық сипаттамаларға негізделген қарыз алушының төлем қабілеттілігінің және кредиттік қабілеттілігінің талдауы және оны пайдалану ішкі тәртібі;
оған сәйкес кредит берілетін рейтингтің мүмкін болатын ең төменгі деңгейін белгілеу (бар болса);
кредиттік саясаттан, стандарттардан, процедуралардан, лимиттерден ауытқу мониторингін мақұлдау, бекіту және талдау ішкі тәртібі және процедуралары;
кредиттеу лимиттерін және (немесе) қарыз алушыларды талдауды ескерумен, оның ішінде бар болса, қарыз алушылардың рейтингтерін және (немесе) скорингтік бағалауын есепке ала отырып кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Кредиттеу лимиттері, оның ішінде кепілсіз кредиттер бойынша кредиттеу лимиттері валюталар, салалар, қарыз алушылардың (контрагенттердің) санаттары (қаржы ұйымдары, корпоративтік, жеке кредиттеу), өнімдер, байланысқан тараптардың топтары бойынша және бір қарыз алушыға белгіленеді;
кредит беру туралы өтініштерді қарау, мақұлдау, беру (беруден бас тарту) туралы шешімдер қабылдау ішкі тәртібі, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды кредиттеуге қатысты;
кепілдік қамтамасыз етуге қатысты, мыналарды айқындайтын ішкі тәртіп:
банктің жекелеген өнімдері үшін, оның ішінде қарыз алушыға кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін кепіл түрлері және олардың жарамдылық өлшемшарттары;
кепіл түріне және банк өнімінің түріне байланысты кепіл құрылымына қойылатын талаптар;
өнімнің түріне және банктің кредиттік портфелінің құрылымына байланысты кепіл түрлері бойынша лимиттер;
өтімді және жоғары өтімді кепілді анықтау;
қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы өтімді кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициент (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса) не қолда бар бағалау);
қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы жоғары өтімді кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициенті, (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса), не қолда бар бағалау);
кепілді қабылдау және қарыз беру шеңберінде, оның ішінде арнайы техникалық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптарды айқындай отырып, кепілді қарап-тексеруді жүргізуге қойылатын талаптар (барлық кепілдердің жалпы санының кемінде 20 (жиырма) пайызын тәуелсіз іріктеуді қамтамасыз ете отырып, ипотекалық кредиттеу шеңберінде қарап-тексеруді іріктеу тәсілімен жүргізуге жол беріледі);
кепіл түріне байланысты талаптарды белгілей отырып, кепілмен қамтамасыз етумен мониторинг жүргізу және жұмыс істеу тәртібі;
кепіл мүлкін қайта бағалауға қойылатын талаптар;
кепілдердің заңды күшін қамтамасыз ететін рәсімдер, оның ішінде кепіл түріне және банк өнімінің түріне байланысты кепілді тіркеуге қойылатын талаптар;
қарыз алушының өндірістік қызметі көрсеткіштерінің өзгерістерін, қамтамасыз етудің құнын және сақталуын, оның ішінде оның бағасына едәуір ықпал ететін басқа да жағдайларға ұшырау ықтималдығын есепке ала отырып кепілдік қамтамасыз етудің жедел бағалауы;
өткізу және өндіріп алудың шекті мерзімдерін қоса алғанда, кепіл және банк өнімі түріне байланысты кепілдік қамтамасыз етуді өткізу рәсімдері;
егер қарыз алушыға берілген қарыздар мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан аспайтын болса және бағалау объектісі республикалық маңызы бар қалалардағы және облыс орталықтары болып табылатын қалалардағы жылжымайтын мүлігі болып табылатын жағдайын қоспағанда бағалаушылар тарапынан кепілдік қамтамасыз етудің құнын бағалаудың объективтілігі (барабарлығы);
әртүрлі өлшемдерге (бағалауға қате көзқарас, бағалаушы мен қарыз алушының үлестес болуы, бағалаушы мен банктің, оның ішінде кепіл қызметі қызметкерлерінің үлестес болуы) және кепілмен қамтамасыз етудің өтімділігіне қарай бағалаушы айқындаған кепіл құнына қатысты дисконттарды белгілеуге қойылатын талаптар.
Банк ол бойынша кепілзат жылжымайтын мүлік және материалдық емес активтер (жер қойнауын пайдалану құқықтары) қойылатын қарыз беру туралы шешім қабылдаған кезде бағалау нәтижелерін қарайды. Соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құн 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын жағдайда, банк бағалаушының кепілзатты бағалау жүргізуін (жылына кемінде 1 (бір) рет) қамтамасыз етеді.
Банк ХҚЕС-ке, сондай-ақ № 269 Қаулының талаптарына сәйкес соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құны 100 000 (бір жүз мың) асатын кепілдер есептік көрсеткішті, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткішті құрайтын, кепіл бойынша кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю белгілері болған жағдайда уәкілетті тіркеуші органда оның түріне қарамастан кепілдің тіркелуін қамтамасыз етеді.
Банк қызметкерлері тарапынан кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі банктің ішкі бағалауды қалыптастыру кезінде бағалауға жол берілетін тәсілдерге қойылатын талаптарды нақты формалдауды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, бағалауға дұрыс тәсілдерді пайдалануды, атап айтқанда:
осы тәсіл шеңберінде кепіл түріне байланысты бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану тәртібі белгіленеді;
кепіл құнын бағалау кезінде сараптамалық бағалау қолданылған жағдайда, осындай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, регламенттелген процес қамтамасыз етіледі;
соңғы 4 (төрт) тоқсандағы не аяқталған күнтізбелік жылдағы объект бойынша теріс операциялық ақша ағындары немесе EBITDA (пайыздарды, салықтарды төлеу бойынша шығыстар шегерілгенге дейінгі пайда, тозу және есептелген амортизация) теріс мәні кезінде кіріс тәсілі шеңберінде дисконтталған ақша ағындары негізіндегі тәсілді қолдануға жол берілмейді. Бұл талап мынадай жағдайларға қолданылмайды:
компанияны инвестициялық сатысында бағалау, сондай-ақ егер бағаланатын компанияның балансында активтер, оның ішінде ақша ағындарын құруға қабілетті келісімшарттар болған;
растаушы ақпарат немесе нарықтық деректер болған жағдайда ақша ағынын құруға қабілетті объектілерді бағалау.
Объектінің құнын есептеу кезінде кіріс тәсілі шеңберінде есептеу банктің ішкі құжаттарында белгіленетін бағалау объектісінің тәуекел деңгейіне сәйкес келетін дисконттау мөлшерлемесі пайдаланылады.
Салыстырмалы тәсіл шеңберінде объектінің құнын есептеу кезінде нарықта орын алатын неғұрлым өзекті мәмілелер туралы ақпарат және (немесе) бағалау объектісімен салыстырылатын объектілерді сату туралы ұсыныстар пайдаланылады, ал олар болмаған жағдайда тиісті түзетулер қолданылады.
Банктің кепіл қызметі бөлімшесі тарапынан, оның ішінде бағалаушы белгілеген кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі оған ұқсастар тізбесіне және оларды салыстырмалы деп тану өлшемшарттарына қойылатын талаптардың нақты ресімделуін қамтамасыз етеді, бірақ олармен шектелмейді:
объектінің типі және (немесе) кіші түрі;
объектінің орналасқан жері;
объектінің жалпы ауданы;
үй-жайлардың жай-күйі, бағалау объектісінің сыртқы жай-күйі;
объектінің нысаналы мақсаты;
объектінің өзге де техникалық сипаттамалары.
Кепіл қызметінің бөлімшесі бағалаушылардың әрбір есебі бойынша ішкі тәртіп негізінде кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдау нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.
Банк бағалаушы айқындаған кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдаудың ішкі тәртібін әзірлейді, ол мыналарды қамтамасыз етеді, бірақ онымен шектелмейді:
кепіл түріне байланысты бағалау тәсілдерін қолдану тәртібі;
бағалау есептеулерінің дұрыстығына қойылатын өлшемшарттар мен талаптар;
болжамдарды, түзетулерді және сараптамалық пайымдауларды пайдалану бөлігіндегі талаптар мен шектеулер;
толық және негізделген есептеулердің болуы;
кепіл объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін толық ақпараттың болуы;
кепіл нысанасын міндетті түрде тексеру және бейне-, фототүсірілім жүргізу;
құқық белгілейтін құжаттардың толық топтамасының болуы;
банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнында (10 (он) пайыздан астам) елеулі айырмашылыққа әкеп соққан себептер мен өлшемшарттарды анықтау.
Бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнындағы елеулі (10 (он) пайыздан астам) айырмашылық анықталған кезде банк айырмашылыққа әкеп соққан мән-жайлар бойынша ақпаратты кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына енгізеді.
Банк кепілді дұрыс бағаламау мүмкіндігін болдырмау үшін олар бойынша кепілді қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына ақпарат енгізілген бағалау туралы есептерге талдау жүргізеді.
Қарыз беру туралы шешім қабылдау шеңберінде банк барлық өлшемдерді ескере отырып, бағалаушы айқындаған кепіл құнының объективтілігін (барабарлығын) бағалау қорытындылары бойынша айқындалған кепіл құнын пайдаланады.
Қабылданған шешімдерді белгіленген ішкі тәртіпке сәйкестігі тұрғысынан бағалау Қағидалардың 11-тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Белгіленген ішкі тәртіптен ауытқулар анықталған жағдайда, мүдделі бөлімшелер анықталған ауытқулар туралы ақпаратты банктің уәкілетті алқалы органына жеткізеді. Банк қызметіндегі елеулі ауытқуларды болдырмау мақсатында банктің уәкілетті алқалы органы қарыз көлеміне (сомасына) және (немесе) ауытқулар санына шектеулер белгілейді және белгіленген шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Банк мыналарды:
қарызды және (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін және (немесе) қарыз алушы оның құнын бағалауды қоса алғанда, банктің балансындағы кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі деректер банкінің клиенті болуын тоқтатқаннан кейін банктің ішкі жүйелерінде кемінде 5 (бес) жыл сақтауды;
банктің ішкі құжаттарына сәйкес кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді уақтылы жаңартуды және тәуекел-метрикаларды (PD, LGD, EAD), провизиялар мен капиталды есептеуге жауап беретін модульдерге, сондай-ақ басқарушылық, қаржылық және реттеушілік есептілікті автоматты түрде қалыптастыруға жауап беретін модульдерге деректерді автоматты түрде ауыстыруды;
қолмен түзетуді қолданғанға дейінгі бастапқы деректерді, қолмен түзетуді қолдануға жауапты тұлғалар туралы деректерді қоса алғанда, кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді кез келген қолмен түзету туралы деректерді автоматты түрде тіркеу және сақтауды қамтамасыз етеді.
Сақтауға жататын кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректер мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді):
бағалау объектісінің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне, бизнес-сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – ЖСН) кепіл берушінің, қарыз алушының, тең қарыз алушылардың және кепілгерлердің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН және ЖСН-нен өзгеше болса,) байланыстыру және байланысты қарыз алушылардың сәйкестендіруші топтары мен байланысты қарыз алушылардың барлық БСН немесе ЖСН-нің нақты көрсетілуі;
кепілмен қамтамасыз етудің түрі мен кіші түрі;
бағалау объектісінің кадастрлық нөмірі (егер қолданылса);
бағалау объектісінің орналасқан жері (елі, өңірі, мекенжайы);
банк жүйесінде кепіл шартын тоқтатудың күні;
дисконттарды кепілмен қамтамасыз етуге қолданғанға дейінгі нарықтық құны;
кепілмен қамтамасыз етуге бағалау (қайта бағалау) жүргізу күні;
әрбір бағалау объектісі бойынша, оның ішінде банк балансындағы ағымдағы кепіл және жылжымайтын мүлік объектілері бойынша, сондай-ақ банк өткізген барлық бағалау объектілері бойынша кемінде 5 (бес) жыл кезең үшін қолданылған дисконттар. № 269 Қаулысына сәйкес дисконттар арасында өндіріп алу ықтималдығы және (немесе) өткізу ықтималдығы, сатуға дейінгі күтілетін мерзім, қолданылған дисконттау мөлшерлемесі және индекстер, сатуға арналған күтілетін шығыстар, өтімділік коэффициенттері қолданылмаған жағдайда дисконт мәндері туралы ақпаратты сақтау қамтамасыз етіледі;
барлық дисконттарды, оның ішінде ұлттық валютадағы баламасын есепке алғаннан кейінгі нарықтық құн;
провизияларды есептеу кезінде пайдаланылатын кепілмен қамтамасыз ету құны;
бағалау объектісінің ауыртпалық белгісі;
бағалау объектісінің ауыртпалық кезектілігі;
кепіл беруші, кепілдік беруші, кепілгер, сақтандырушы (заңды немесе жеке тұлға, атауы, бірегей сәйкестендіруші) туралы мәліметтер;
бағалау объектісіне ауыртпалықтың болуын растау күні;
қарыз алушы немесе қарыз деңгейіндегі бағалау объектісі бойынша банктің талап ету құқықтарының кезектілігі;
қарыз алушы мен қарыз деңгейіндегі кепілдер үшін қамтамасыз етудің аллоцирленген құны (олардың бірегей сәйкестендірушісіне сілтеме жасай отырып, әрбір қарыз алушыға кепіл мүлкінің үлесін көрсете отырып);
кепілмен қамтамасыз етуді бағалау тәсілі;
пайдаланылатын аудан бірлігі;
бағалау объектісінің жалпы, пайдаланылатын алаңы (егер қолданылса);
бағалау күніне жалға берілетін алаңның үлесі (егер қолданылса);
жалға беру үшін ықтимал қолжетімді алаңның үлесі (егер қолданылса);
4) дұрыс рейтингтік модельдің және (немесе) скорингтік жүйенің болуы.
Банктің директорлар кеңесі рейтингтік модельді және (немесе) скорингтік жүйені әзірлеуге, оларды енгізуге, қолдануға және жұмыс істеуін бақылауға жауапты бөлімшелерді айқындайды. Рейтингтік модельде және (немесе) скорингтік жүйеде кредиттік тәуекелдің әрбір деңгейінің сипаттамасы және оларды тағайындау талаптары қамтылады. Қарыз алушының кредиттік рейтингін және (немесе) скорингтік баллын тағайындау барысында банк қарыз алушының (қарыз алушылардың) қаржылық жағдайын және қарыз алушы бойынша басқа да қолжетімді ақпаратты есепке алады.
Қарыз алушыға кредиттік рейтинг және (немесе) скорингтік балды беру кезінде банк қарыз алушының келешектегі кредитті төлеу қабілеттілігіне және төлем қабілеттілігіне әсер ететін факторлар туралы өзекті қолжетімді ақпаратты басшылыққа алады.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттік рейтинг жаңартылу тұрғысынан мерзімді мониторингке жатады. Қайта қарау жиілігі қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлау тәуекеліне әкелетін теріс ақпарат болған және (немесе) банк алдындағы міндеттемелерді өтеу мүмкін болмаған және өзге де қолжетімді ақпарат болмаған жағдайда ұлғаяды;
5) кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесі болуы.
Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі шеңберінде банк кредиттік портфель сапасының мониторингі үшін кешенді рәсімдер мен ақпараттық жүйелерді (ол болмаған жағдайда – бағдарламалық қамтамасыз етуді) енгізеді және пайдаланады. Рәсімдер мен ақпараттық жүйелерде проблемалық қарыздарды сәйкестендіретін және анықтайтын, тиісті бақылауды қамтамасыз ететін өлшемшарттар қамтылады.
Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі директорлар кеңесі, директорлар кеңесі жанындағы комитеттер, басқарма, кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысатын банктің өзге бөлімшелері үшін ақпарат беруді қамтамасыз етеді және банктің кредиттік тәуекелінің деңгейін жалпы баланс бойынша да және әрбір актив бойынша да бағалауға мүмкіндік береді.
Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі кредиттік тәуекел тән барлық активтерді (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) жан-жақты талдауға негізделеді.
Активтерді жан-жақты талдауда:
қарыз алушының және (немесе) контрагенттің міндеттемелері бойынша дефолттар ықтималдығын (PD);
қарыз алушының және (немесе) контрагенттің дефолт жағдайында шығындар мөлшерін (LGD);
дефолтқа ұшырайтын міндеттемелер шамасын (EAD);
тәуекел бойынша позиция сақталатын мерзім ішінде;
кепілді қамтамасыз ету құнын және оны өткізу мүмкіндігін;
бизнес-ортаны және экономикалық жағдайларды бағалау қамтылады.
Кредиттік тәуекел тән болатын активтерді сыныптау (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) кем дегенде 5 (бес) санаттың негізінде жүзеге асырылады және мыналарды:
КЖБІП шеңберінде капиталдың жеткіліктілігін сенімді бағалауды;
күтілетін шығындарды өтеуге арналған провизиялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер неғұрлым жоғары санатқа сыныптау үшін дәлелді және негізделген негіздер болмаған жағдайда, ең нашар санаттарға сыныпталады.
Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аз мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер ішкі құжаттарда айқындалған қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің өзге факторлары болса, ең нашар санатқа сыныпталады;
6) проблемалық активтерді басқару саясатының болуы.
Банктің директорлар кеңесі проблемалық активтерді басқару саясатын бекітеді, ол мыналарды қамтиды:
проблемалық активтердің анықтамасы;
проблемалық активтерді басқару әдістері (қайта құрылымдау, сату, есептен шығару, кепілді қамтамасыз етуді алып қою, банкроттық және басқа әдістер);
проблемалық активтерге қатысты лимиттер (портфельдер бөлігінде) және лимиттер бұзылған кезде белгіленген лимиттерге сәйкес келтіру үшін проблемалық активтерді басқарудың бекітілген әдістерін іске асыру мерзімдері;
проблемалық активтер көлемінің ұлғаю тәуекеліне ертерек ден қоюдың сандық және сапалық өлшемдері;
мүдделі бөлімшелердің тізімі және проблемалық активтермен жұмыс істеу кезінде өзара іс-қимылының ішкі тәртібі;
директорлар кеңесіне проблемалық активтердің деңгейі туралы басқарушылық есептілікті ұсынудың ішкі тәртібі;
банк қолданатын проблемалық активтерді басқару әдістерін бағалау рәсімдері;
7) провизияларды қалыптастырудың сенімді әдістемесінің болуы.
Күтілетін шығындарды жабу үшін қалыптастырылатын провизиялардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында банк жыл сайын (не қажет болған кезде жиі) провизияларды қалыптастыру әдістемесіне талдауды:
провизияларды қалыптастыру әдістемесінің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың шығындардың нақты сомаларына сәйкестігін айқындау;
ағымдағы нарықтық жағдайларды, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруін талдау;
провизияларды қалыптастыру әдістемесінің валидациялары арқылы жүргізеді.
Ұжымдық қарыздар бойынша провизияларды қалыптастыру кезінде банк қажетті уақыт кезеңін қамтитын және банктің кредиттік шығындарын неғұрлым дұрыс көрсететін тарихи деректерді талдайды. Бұл ретте тарихи деректер ағымдағы нарықтық және экономикалық жағдайды талдаумен толықтырылады.
Егер провизияларды қалыптастыру әдістемесі провизиялары жеке негізде қалыптастырылатын қарыздар бойынша кредиттік тәуекелдің өсу белгілерінің болмауын көрсеткен жағдайда, мұндай қарыздар ұжымдық негізде кредиттік тәуекел деңгейін бағалауға жатады.
Банк болжамды макроэкономикалық ақпараттың әсерін есепке алуға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дефолт ықтималдығын бағалаудың әрбір моделі сәйкес келетін егжей-тегжейлі талаптарды сипаттайтын дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің жалпы әдіснамасын әзірлеуді (жаңартуды) қамтамасыз етеді.
Дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің әдіснамасы мынадай талаптарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
кредиттік құнсыздануды анықтау;
пайдаланылатын деректердің сапасы, маңыздылығы және көлемі;
модельдерді әзірлеу және тестілеуге арналған модельдерді қалыптастыру әдіснамасы;
модельдің жекелеген блоктарының болуы (оның ішінде қаржылық, сапалық факторларды, мемлекеттік немесе топтық деңгейде қолдау мүмкіндігін есепке алу жөніндегі талап) және олардың түпкілікті PD айқындаудағы ең жоғары салмағы;
кредиттік құнсызданудың байқалатын деңгейлері негізінде модельді калибрлеу әдіснамасы (кредиттік құнсыздану деңгейлерінің нақты статистикасы негізінде модельді калибрлеу);
макро-сценарийлерді әзірлеу және есепке алу бойынша талаптар, миграция матрицаларын есептеу және қолдану әдіснамасы бойынша;
жетекші рейтинг агенттіктерінің кредиттік шкалаларымен үйлесімді валидтік кредит шкаласын әзірлеу;
PD әр түрлі түрлерін есептеу (он екі айға, бүкіл жарамдылық мерзіміне (lifetime PD), қазіргі сәтте (PIT PD) және циклдік (TTC PD) бастапқы тану кезінде);
қаржылық кепілдіктер бойынша PD моделін есептеу;
бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді пайдалану немесе сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдер арқылы жылдық PD бағалау.
Модельді әзірлеу шеңберінде:
скорингтік модельді қолдану кезінде әзірлеу үшін іріктеме қарыз алушыларының әрқайсысы бойынша скоринг балын есептеу;
скорингтік модельді қолдану кезінде модельді калибрлеу, яғни скоринг балын портфель бойынша кредиттік құнсызданудың байқалатын тарихи деңгейінің модельдерін пайдалана отырып, PD мәніне ауыстыру;
макроэкономикалық жағдайды есепке алу және PD TTC-ті PD PIT-ке аудару моделін әзірлеу;
жылдық PD-ды бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді не сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдерді пайдалану арқылы бағалау;
модельді әзірлеу кезінде дефолттардың бақыланатын деңгейі бойынша тарихи деректердің өзекті көлемін таңдауды және күтілетін макрокөрсеткіштер негізінде PIT мәндерін калибрлеуді көздеуі тиіс;
статистикалық негізделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері үшін Қазақстан Республикасының PD-ге сәйкес келетін PD-дің ең төменгі шегін белгілеу.
Банк барлық тәуекел-метрикалардың (PD, LGD, EAD), құнсыздану сатыларының және провизиялардың банктің ішкі жүйелерінде автоматты түрде есеп айырысуды, сондай-ақ кредиттік тәуекелдің елеулі ұлғаю оқиғаларын, ХҚЕС бойынша құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғаларды, құнсыздану санаттарын айқындауды қамтамасыз етеді.
Банк мынадай деректердің (бірақ олармен шектелмей) қарызды (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін жүйелерде кемінде 5 (бес) жыл сақталуын қамтамасыз етеді:
SPPI тесттен өту немесе өтпеу нәтижелері;
9 ХҚЕС-ке сәйкес қаржы құралын жіктеу;
құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғалар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме бойынша әрбір оқиға үшін жеке деректер өрісі);
қарыз алушының құнсыздану сатысы;
жеке бағаланатын қарыз алушылар үшін "going-concern" және "gone-concern" әдістері бойынша сценарийлердің ықтималдылығы;
тиімді пайыздық мөлшерлеме (бастапқы және ағымдағы пайыздық мөлшерлемелер);
дефолт деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;
қайтарым деңгейлері (міндеттемелердің сомасы бойынша - сауығуды ескере отырып және сауығуды есепке алмай) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;
қайта құрылымдау деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша – қайта құрылымдау бойынша жеке және мәжбүрлі қайта құрылымдау бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;
сауығу деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;
есептен шығару деңгейлері (міндеттемелер сомасы бойынша - ішінара есептен шығару бойынша жеке және толық есептен шығару бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде);
PD мәндері (оның ішінде әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін берілген сәттен бастап және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде);
тану сәтіндегі және қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме мерзімі ішіндегі әрбір айға арналған он екі айлық PD және lifetime PD мәндері;
LGD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін LGD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;
EAD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін EAD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;
кредиттік шығындар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін күтілетін кредиттік шығындар мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;
тәуекел-саралау коэффициенттерінің мәндері (RWA) (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін RWA мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;
кредиттік конверсия коэффициенттері;
қарыз алушының баланстық және баланстан тыс міндеттемелерінің сомасы (соңғы 5 (бес) жыл бойынша);
қарыз алушының есептен шығарылған қарыздары (соңғы 5 (бес) жыл бойынша);
провизиялардың қорытынды мәні (қарыз алушы деңгейінде және міндеттеме деңгейінде);
БСН немесе ЖСН-ге және ішкі бірегей сәйкестендірушілеріне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) қарыз алушы мен қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттемені байланыстыру;
БСН немесе ЖСН және ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) барлық бірлесіп қарыз алушылар мен кепілгерлерді байланыстыру;
банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобының бірегей сәйкестендірушісіне байланыстыру;
банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобы қатысушыларының БСН немесе ЖСН-не байланыстыру;
құнсыздану сатысын және провизияларды есептеу үшін талап етілетін, қарыз алушылардың қаржылық көрсеткіштері;
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектінің кәсіпкерлік санатына жататындығының белгісі;
банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізіміне тиесілілік белгісі;
қайта құрылымдау және (немесе) мәжбүрлі қайта құрылымдау белгісі;
қарыз бойынша және қарыз алушыға осы банктегі қарыздар бойынша қайта құрылымдауды жүргізудің барлық күндері.
Банк жүйелері барлық қарыз алушылар, олардың баланстық және баланстан тыс міндеттемелері және банк портфельдері үшін кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю оқиғаларының және ХҚЕС бойынша құнсыздану оқиғаларының іске қосылу оқиғасының фактісін тіркейді және жүйелерде сақтайды;
8) кредиттік тәуекелді бағалау модельдерінің валидация рәсімінің болуы.
Модельдерді қолдана отырып кредиттік тәуекелді бағалаудың барабарлығын қамтамасыз ету мақсатында банк олардың валидациясы, бэк-тестинг жүргізу процестерін, тәуекелдердің жоспарланған деңгейінен ауытқудың рұқсат етілген деңгейін регламенттейді. Жоспарланған тәуекел деңгейінен ауытқыған жағдайда, банк түзету шараларының жоспарын әзірлейді.
Валидация бір немесе бірнеше мына әдістер:
модельдің кемсітушілік қабілетін тексеру;
модельдің болжамды дәлдігін бағалау;
рейтингтердің ауысуын талдау;
рейтингтерді салыстырмалы талдау арқылы жүзеге асырылады.
Валидацияны 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет банктің тәуелсіз бөлімшесі не тәуелсіз үшінші тарапты тарта отырып жүзеге асырады. Валидацияны жүргізу жиілігі ағымдағы нарықтық жағдайға, стратегияға, активтердің көлеміне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне байланысты болады, экономикада немесе банкті кредиттеудің ішкі процестерінде елеулі өзгерістер болған жағдайда ұлғаяды. Валидация нәтижелері тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке ұсынылады.
Банктің тәуелсіз бөлімшесі 1 (бір) жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізген скорингтік моделдердің ішкі валидациясы.
Банктің тәуелсіз бөлімшесі скорингтік модельдердің ішкі валидациясын банктің ішкі құжаттарында провизияларды есептеуде пайдаланылатын өлшемдерді (қатысушылар, тексеру аясы, тексеру салалары, пайымдауларды дайындау өлшемшарттары, нәтижелерді ұсыну форматы, мерзімдері) валидациялаудың егжей-тегжейлі сипатталған процесін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, валидацияның толық процесін ресімдеу кезінде мүмкін болады.
Банктің валидацияға жауапты тәуелсіз бөлімшесі тексеру процесін сипаттай отырып, нәтижелерді және маңыздылық дәрежесін ашып көрсете отырып, әрбір тексерілген параметр бойынша қорытынды қалыптастырады.
Валидация нәтижелері толық негіздемесімен тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке беріледі.
Валидация нәтижелерін қарау нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет модельге өзгерістер енгізу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы мәселесі бойынша қорытындыны қамтитын хаттама жасайды.
Модельді валидациялау шеңберінде мыналарды жүргізу талап етіледі, оның ішінде:
модельдің реттеуші талаптарға сәйкестігін тексеру;
модельді болжау дәлдігін анықтау үшін модельді бэк-тестингтеу (модель әзірленгеннен өзгеше іріктеулерде модельдің дәлдігін тексеру). Банк неғұрлым кейінгі бақылаулар негізінде модельдің релеванттығын тексереді;
модельдерді әзірлеу кезінде пайдаланылатын деректердің маңыздылығы мен сапасын тексеру. Тексеру шеңберінде кейіннен моделін жасау үшін таңдаудың жеткілікті екендігіне эконометриялық тестілер арқылы көз жеткізу қажет;
модельді тәуекел-метрикаларды бағалаудың басқа модельдеріне сәйкестігін тексеру;
9) кредиттік тәуекелді бағалау кезінде барабар және негізделген сараптамалық бағалауды қолдану.
Сараптамалық бағалауды қолдану қажет болған жағдайларда банк:
мұндай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, сараптамалық бағалауды қолданудың регламенттелген процесін;
сараптамалық бағалауды жүргізетін қызметкерлер құзыретінің жеткілікті деңгейін;
сараптамалық бағалауды қолданудағы біркелкі тәсілді қамтамасыз етеді. Бірдей жағдайларда сараптамалық бағалауларда елеулі ауытқулар болмайды;
сараптамалық бағалау тиісті сақтықты қолдана отырып, негізделген және құжатталған рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.
Банктің тарихи деректерді ескере отырып, сараптамалық бағалауды қолдануы ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалды талдаумен, атап айтқанда (қолданылуы бойынша):
қарыздар беру процестеріндегі, шешімдер қабылдау стандарттары мен практикаларындағы, қайтарудағы, есептен шығарудағы өзгерістермен;
сыртқы және ішкі экономикалық факторлардың, серпінді ескере отырып, бизнес ортаның өзгерістерімен;
жұмыс істемейтін және қайта құрылымдалған қарыздар деңгейінің өзгерістерімен;
нарықтың жаңа сегменттері және өнімдері пайда болуымен;
кредиттік тәуекел шоғырлануының өзгерісімен толықтырылады;
10) қарыздар (дебиторлық берешекті және шартты міндеттемелерді қоса алғанда), сондай-ақ кредиттік тәуекел тән өзге операциялар туралы толық және дұрыс ақпаратты қамтамасыз ететін, деректерді сақтау құралдарының жиынтығын қоса алғанда, кредиттік тәуекел деңгейін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін қажетті құралдардың болуы.
Банк кредиттік басқаруды мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады:
ұсынылған кредиттік құжаттардың кредиттер беру талаптарына сәйкестігін тексеру;
кредиттік шарттардың қабылданған шешімдерге сәйкестігін тексеру;
кредиттік досьені қалыптастыру және жүргізу.
Кредиттік досьені (бөлігін) электрондық түрде қалыптастыруға рұқсат беріледі. Кредиттік досьеде (мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей):
қарыз алушыны идентификаттау бойынша құжаттар қамтылады:
осы топқа жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны құруға байланысты құжаттар (Банктер туралы заңның 8-1-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін түпкі меншік иелері-жеке тұлғаларды жария етумен, оның құқық субъектілігін растаумен), сондай-ақ қарыз алушының атынан әрекет ететін және қарыз алушының атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар жатады.
Нысаналы пайдалануды анықтауға жататын құжаттама (овердрафтарды, банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен нысаналы пайдалануды растаусыз тұтынушылық кредиттерді және банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен айналым қаражатын толықтыру мақсатындағы кредиттерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің қатысуымен синдикатталған қарыздардан басқа):
осы топқа жасау мақсатында қаржыландыру сұратылатын мәміле бойынша құжаттар мен ақпарат (қайта құрылымдау және (немесе) қайта қаржыландыру жағдайында қаржыландырудың бастапқы мақсаттарын қоса алғанда), оның ішінде ірі қарыз алушылар бойынша:
қарызды пайдалану мақсатын растайтын құжаттар, оның ішінде заңды тұлғалар үшін – жеткізу, сатып алу-сату шарттары, сыртқы сауда келісімшарттары және басқалары;
қарыз бен шартты міндеттемелердің сомасы асатын заңды тұлға үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын – банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы болатын банктер үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын – банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызы болатын банктер үшін – өзін-өзі ақтау мерзімін және кредиттелетін мәміленің рентабельділік деңгейін сипаттайтын қарызды берудің техникалық-экономикалық негіздемесі не қарызды пайдалану мақсаттарын, өткізу нарықтарын және қарыз алушының маркетингтік стратегиясын, тәуекелдерді бағалауды және оларды басқаруды көрсететін қарыз алушының бизнес-жоспары, жылдар бойынша нақтыланған қаржылық жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарды іске асырудың қаржылық көрсеткіштері, бизнес-жоспарды қаржыландыру және қарызды өтеу көздері мен көлемі), кірістер (шығыстар) сметасы (инвестициялық мақсаттарға байланысты қарыздар, стартап жобалар немесе негізгі өтеу көзі кредит ресурстары есебінен сатып алынған тауарларды және (немесе) қызметтерді сатудан түсетін түсімдер болады деп жоспарланған қарыздар) жатады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит деп ағымдағы өндірістік процестерді қаржыландыру үшін берілген кредит түсініледі;
тұтынушылық кредит деп заңды тұлға құрмай жеке тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілген және мына өлшемшарттарға сәйкес келетін кредит түсініледі:
кредит беру кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мақсатына байланысты емес және қарыз алушы кредитті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланбайды деп болжанады;
кредитті ұзақ пайдаланылатын тауарларды (тұрғын үй жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, жиһазды және өзгелерін) сатып алуға және (немесе) әртүрлі қызметтерге (білім беру, туристік, медициналық, жөндеу-құрылыс және өзгелерді) ақы төлеуге және (немесе) өзге де сатып алулар мен мақсаттарға (басқа банктегі қарызды қайта қаржыландыруға (егер бұрын алынған қарыз тұтыну мақсаттарына байланысты болған жағдайда), ұялы телефондарды, тамақ өнімдерін және өзге де тауарларды) жолдау жоспарлануда;
кредитті алушыда алынған кредит бойынша банк алдындағы міндеттемелерге қызмет көрсетуге объективті мүмкіндік беретін, банктің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен расталған тұрақты табыс көзі (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, бағалы қағаздардан дивидендтер, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістер және басқа да кірістер) бар.
Клиенттің қаржылық жағдайын және қамтамасыз ету сапасын талдау үшін қажетті құжаттар:
құжаттардың бұл тобына олардың негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізілетін және қарыз алушы қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін көрсететін барлық құжаттар, сондай-ақ қабылданатын қамтамасыз етудің болуын, сапасын, мөлшерін растайтын құжаттар жатады, ол мыналарды қамтиды (бірақ олармен шектелмейді):
кепіл құжаттамаға қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
бағалаушының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі;
банктің Қағидалары мен ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалаушының кепілді бағалаудың барабарлығы бойынша кепіл қызметі бөлімшесінің қорытындысы;
кепіл нысанына берілген құқығын растайтын құжаттар;
уәкілетті тіркеуші органдарда тіркелгені туралы белгісі бар, кепіл туралы шарттың көшірмесі.
Кредиттік мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттама. Осы топқа банк бөлімшелері қарыз ресімдеу барысында қалыптастыратын немесе мерзімді кредиттік мониторингті растау үшін қажетті құжаттама, сондай-ақ кредиттік тәуекелді басқару мақсаттары үшін қарыз алушылар (контрагенттер) туралы мәліметтерді жаңарту рәсімі жатады;
11) басқарушылық ақпарат жүйесінің болуы және жұмыс істеуі.
Банк мына ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:
кредиттік портфель және оның ішінде оның өзгерістерінің серпінінде ұсынылған оның сапасы туралы;
банкте кредиттердің әр түрлері бойынша белгіленген лимиттерге жиынтығында ұшырауға жақындауды бағалауды қоса алғанда (лимит алдындағы тәсіл), кредиттік тәуекелге ұшырау мөлшері (деңгейі) туралы;
байланысты қарыз алушылар тобына және оның өзгеру серпіні қатысты кредиттік тәуекелге ұшырауы туралы;
ірі қарыз алушылардың (контрагенттердің) және банкпен ерекше қатынастармен, оның ішінде банк акционерлерімен ерекше қатынастармен байланысты қарыз алушылардың (контрагенттердің) кредиттік тәуекелі шоғырлануы және оның өзгеру серпіні туралы;
қарыз алушылардың (контрагенттердің) ішкі рейтингтері және олардың өзгеру серпіні туралы, қарыз алушылардың (контрагенттердің) рейтингі бойынша кредиттер сапасының мониторингі және оның кезеңділігі туралы;
провизиялардың мөлшері және провизиялардың барабар деңгейін бағалау туралы;
қайта құрылымдалатын, қайта қаржыландырылатын және проблемалық кредиттер туралы;
лимиттердің сақталуын мониторингтеу және бақылау туралы;
саясат пен лимиттерден ауытқулар туралы ақпаратты қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін басқарушылық есептілік нысандарын әзірлейді.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Нарықтық тәуекелді басқару жүйесінің жұмыс істеуі мынадай негізгі компоненттер негізінде жүзеге асырылады, бірақ онымен шектелмейді:
1) банктің инвестициялық қызметінің стратегияларын бекіту және мерзімді талдау, банктің белгіленген тәуекел-профилін ескере отырып, активтер мен пассивтердің оңтайлы құрылымын, банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі деңгейін және маңызды нарықтық тәуекелді өтеуге өтімділік деңгейін қалыптастыру.
Инвестициялық қызметтің стратегиясы мына негізгі принциптерге жауап береді:
мазмұны іске асыру мақсаты, бағыты және мерзімдері бойынша банктің жалпы стратегиясына сәйкес келеді;
банктің инвестициялық қызметін басқарудың тактикалық және стратегиялық процестері арасында өзара байланыстың болуы;
барынша көп пайда табу, сапалы инвестициялық портфельдің өсуін қамтамасыз ету, банк активтерінің жалпы құрылымында өтімді активтердің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;
нарықтық тәуекелді басқару бойынша талаптардың, әдістердің және рәсімдердің орындалуын ескере отырып, активтер және пассивтер құрылымын қалыптастыру;
2) нарықтық тәуекелге тән банктің барлық бағытын ескеретін нарықтық тәуекелді анықтау, бағалау, мониторингі бойынша рәсімдерді (банктік және сауда кітабын, баланстық және баланстан тыс операцияларды), сондай-ақ көрсетілген тәуекелдерді хеджирлеу әдістерін бекіту.
Банк нарықтық тәуекелді басқару процесін әзірлейді, олар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
нарықтық тәуекелді басқару процесінің қатысушыларын, есеп беретін құрылымды нақты белгілей отырып, олардың өкілеттіктері жауапкершілігін, сондай-ақ ақпарат алмасу ішкі тәртібін;
операцияларды оларды пайдалану мақсатын көрсете отырып, сондай-ақ қаржы құралдарына, оның ішінде көлеміне, құрамына және шарттарына қойылатын ішкі талаптарды және өлшемшарттарды жүзеге асыруға рұқсат берілген шетел валюталарының, қаржы құралдарының тізбесін;
нарықтық тәуекел деңгейін анықтау, өлшеу, мониторингі және бақылау ішкі тәртібі және рәсімдерін.
Нарықтық тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингі және бақылау рәсімдері:
активтердің, міндеттемелердің, баланстан тыс позициялардың барлық түрлерін қамтиды;
нарықтық тәуекелдің барлық түрлерін және олардың дереккөздерін қамтиды;
мөлшерлеме, баға және басқа да нарықтық шарттарын қоса отырып, нарықтық тәуекел деңгейіне әсер ететін факторлардың өзгеруін бағалауды және мониторингін жүйелі негізде жүргізуге мүмкіндік береді;
нарықтық тәуекелді уақытында сәйкестендіруге және нарықтық шарттардың қолайсыз өзгеруіне жауап ретінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Нарықтық тәуекелдің қабылданған деңгейін бағалау мақсатында банк, даму стратегиясына, банктің активтер көлеміне және операциялары күрделілігінің деңгейіне сәйкес келетін модельдерді пайдаланады.
Банк кітабына қатысты банк пайыздық тәуекелді анықтауды, өлшеуді (бағалауды), мониторингті және бақылауды жеке жүргізеді.
Банк кітабының пайыздық тәуекелін сандық бағалау үшін банк оның деңгейін мониторингтеу және басқару мақсатында кем дегенде екі қосымша әдісті қолданады:
банктің экономикалық құнының өзгеруін сандық бағалау (economic value of equity, EVE), яғни, банктің баланстық және баланстан тыс шоттарында көрсетілген талаптар мен міндеттемелерден туындайтын ақша ағындарының таза құны өзгеретін шаманы есептеу;
таза пайыздық кірістің өзгеруін сандық бағалау (net interest income, NII), яғни, пайыздық күйзеліс сценарийлеріне сәйкес банктің күтілетін таза пайыздық кірісі өзгеретін шаманы есептеу (мөлшерлемелердің параллель жоғары және (немесе) төмені ауысуы).
Банк қолданатын пайыздық тәуекелдерді бағалау әдістері пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне сезімтал, банк жүргізетін операцияларға (мәмілелерге) тән, пайыздық тәуекелдің барлық маңызды көздерін қамтиды. Жиынтық көлемі активтер (міндеттемелер) көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайтын пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып тұратын шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарына қатысты банк шетел валютасының әрқайсысы бойынша жеке пайыздық тәуекелді өлшеуді жүргізеді. Пайыздық тәуекелдерді бағалау әдіснамасы шеңберінде қабылданған жорамалдар банктің тиісті ішкі құжаттарында құжаттандырылады.
Банк кезеңдік негізде банк қызметіне тән нарықтық тәуекелдің әрбір типі үшін құбылып тұратынына талдау жүргізеді. Құбылмалы талдау пайдаға (шығынға) және өзгермелі тәуекел факторлардың ықтимал өзгерістері банктің меншікті капиталына ықпалын көрсетеді.
Банк кезеңдік негізде нарықтық тәуекелді бағалау модельдеріне бэк-тестинг жүзеге асырады. Банк нарықтық тәуекелді бағалау модельдерінің сенімділігін және тиімділігін тексеру мәніне бэк-тестинг жүргізеді және қажеттілігіне қарай оларды жетілдіреді. Бэк-тестинг нәтижелері қажеттілігіне қарай нарықтық тәуекелді басқару рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстарымен тәуекелдерді басқару мәселесі бойынша комитетке және банктің директорлар кеңесіне жіберіледі.
Банк тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейінен асу мүмкіндігін ескерту мақсатында нарықтық тәуекел деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізеді. Нарықтық тәуекелдің мониторинг кезеңділігін банк қызметінің тиісті бағыты үшін оның маңыздылығының дәрежесін негізге ала отырып банк анықтайды.
Нарықтық тәуекелдің мониторингі барысында алынған нарықтық тәуекел деңгейінің елеулі өзгерістері туралы ақпарат қажетті шешім қабылдау үшін директорлар кеңесіне дейін, банктің тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетіне дейін уақтылы жеткізіледі.
Нарықтық тәуекелді барынша азайту мақсатында банк мыналарды белгілейді:
Қағидалардың 3-тарауына сәйкес валюталық, баға және пайыздық тәуекелдері бойынша тәуекел дәрежесінің деңгейін;
белгіленген тәуекел дәрежесі деңгейінің сақталуына тұрақты бақылау;
директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселесі бойынша комитетке, банк басқармасына және басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелерге белгіленген шекті мәніне жеткені және (немесе) тәуекел дәрежесі деңгейінің бұзушылықтары туралы тез арада ақпарат беру рәсімі;
тәуекел дәрежесі деңгейіне жеткен кезде қабылданатын нарықтық тәуекелді төмендету бойынша шаралар;
3) нарықтық тәуекелді басқару рәсімі:
қаржы құралдарының құрылымы, олардың сандық және құн көрсеткіші өзгерген;
жаңа технологияларды және банк операцияларын және басқа да мәмілелерді, өзге де қаржы инновациялары мен технологияларын жүзеге асыру талаптарын әзірлеу және енгізу;
жаңа нарыққа шыққан кезде;
4) хеджирлеу тиімділігін (оңтайлығын) және құнын өлшем шарттарын белгілеуді қоса отырып, тәуекелдерді хеджирлеу әдістері мен өлшемшарттары.
Банк нарықтық тәуекелдің әрбір түрі үшін хеджирлеу стратегиясын әзірлейді және іске асырады, олар мынаны қамтиды:
хеджирленетін баптар;
пайдаланатын хеджирлеу құралдарының сипаттамасын (контрагенттің сенімділігін бағалауды, хеджирлеу құралдарының мерзімін ескере отырып биржалық, биржадан тыс құралдарын пайдалану);
хеджирлеу құралдарын өтеу үшін қажетті өтімділік деңгейін анықтау ішкі тәртібін;
хеджирлеу тиімділігін бағалау рәсімінің және әдістерінің сипаттамасын.
Егер әділ құнының немесе толық көлемде хеджирлеу объектісі бойынша ақша ағынының өзгеруі хеджирлеу құралы бойынша әділ құнының немесе ақша ағынының өзгеруімен өтелсе хеджирлеу тиімді болып саналады. Хеджирлеу банктің жалпы тәуекелдеріне емес, нақты сәйкестендірілетін тәуекелге қатысты жүзеге асырылады;
5) қаржы құралдарын пайдаланудан банктің кірістілік мониторингінің ішкі тәртібі және рәсімі;
6) тәуекелдерді басқару рәсімін жүзеге асыру шеңберінде олардың нәтижелерін пайдалану ішкі тәртібін қоса отырып нарықтық тәуекелді бағалау мақсатында стресс-тестілеуді жүзеге асыру рәсімі.
Банк қызметіне тән әлеуетті нарықтық тәуекелдер деңгейін анықтау, банктің өзгерістерге қарсы тұру қабілеттілігін бағалау мақсатында кезеңдік негізде нарықтық тәуекелді стресс-тестілеу жүргізеді.
Стресс-тестілеу, жүргізу рәсімі мен әдістерінің кезеңділігі банктің тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді. Стресс-тестілеу жүргізу кезеңділігі банктің нарықтық тәуекелге ұшырағыштығы, капитал нарықтарының және өзге де сыртқы факторларының құбылмалығы деңгейін негізге ала отырып анықталады. Стресс-тестілеу жүргізу кезеңділігі сыртқы факторлар маңызды өзгерген жағдайда ұлғаяды.
Стресс-тестілеу жүргізген кезде мынадай сценарийлер пайдаланылады:
тарихи;
шетел валютасының және (немесе) банктің ашық позициялары бойынша бағалы металлдардың бағамын өзгеруін көздейтін;
қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруін көздейтін;
пайыздық мөлшерлемелердің жалпы деңгейінің өзгеруін, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне құбылып отыратын қаржы құралдарының кірістілігінің өсу немесе төмендеу сценарийлерін көздейтін;
кірістіліктің өзгеруін көздейтін;
банк тартатын және орналастыратын ресурстар бойынша пайыздық мөлшерлеме арасындағы арақатынасының өзгеруін көздейтін;
нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің құбылмалылық дәрежесін өзгертуді көздейтін;
банк қызметінің басты нарықтық, қаржылық және (немесе) өзге талаптарының күрт нашарлауын көздейтін.
Банк оның бизнесінің құрылымына және қабылдайтын тәуекелдер бейініне сәйкес келетін әдіснаманы, стресс-тестілеу сценарийлерін пайдаланады.
Стресс-тестілеу нәтижелері директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетіне және банк басқармасына және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне кезеңдік негізде ұсынылады. Егер стресс-тестілеу нәтижелері тәуекелдің жекелеген факторларына банктің осалдығы туралы куәландырса, банк қабылдаған тәуекел деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдайды;
7) нарықтық тәуекелге оның ішінде лимитті белгілеу алдындағы тәсілге негізделген ұшырағыштықты ерте байқау индикаторларының жүйесі;
8) ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу рәсімдері және нарықтық тәуекелге банктің ұшырағыштық деңгейіне әсер ететін нарықтық шарттардың өзгерген жағдайда банк рәсімдері;
9) нарықтық тәуекелге ұшырағыштық деңгейін өз уақытында және толық көлемде бағалауға, тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейіне жақындату және өзгерістерге өз уақытында әсер етуге мүмкіндік беретін сапалы, жан-жақты, кезеңдік басқарушылық ақпараты жүйесінің ішкі тәртібін бекіту.
Банк банктің директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке және банктің басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ұсынуға арналған басқарушылық ақпараттың, нарықтық тәуекелге ұшырағыштығы туралы ақпараттың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.
Басқарушылық ақпарат мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:
ағымдағы пайыздық мөлшерлемелері, валюта бағамдары, нарықтық баға белгілеу және олардың динамикалары туралы мәліметтер;
валюта және қаржы құралдары бөлігіндегі маңызды ашық позициялар туралы мәліметтер;
пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып отыратын қаржы құралдары бойынша біріктірілген позициялар бойынша пайыздық тәуекел деңгейі туралы мәліметтер;
Қағидаларға қосымшаға сәйкес капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін сақтау жөніндегі есеп құрылымының 8-тармағы 1) тармақшасының жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарына сәйкес толтырылатын банк портфелінің пайыздық тәуекелі туралы мәліметтер;
пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып отыратын қаржы құралдары бойынша позициялардың белгіленген лимиттерге сәйкестігі туралы мәліметтер;
нарықтық тәуекел туралы ерте ескерту индикаторлары туралы мәліметтер;
пайыздық мөлшерлемелерінің, валюта бағамдарының, болашақта баға индекстерінің өзгеруі туралы сараптама бағалар;
нарықтық тәуекелдерді өлшеу нәтижелер;
10) нарықтық тәуекелді төмендету бойынша шаралар қабылдау ішкі тәртібінің болуы;
11) нарықтық ақпаратқа негізделген қаржы құралдарының әділ құнын бағалауды жүргізу рәсімдерінің болуы.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Стрестік жағдайда туындайтын әлеуетті тәуекелдер анықталған жағдайда, банк кезеңдік негізде (бірақ жарты жылда 1 (бір) реттен кем емес) капитал жеткіліктілігінің әлеуетті қауіп көздерін анықтау үшін стресс-тестілеу жүргізеді. Банк стресс-тестілеуді мынадай әдістерді пайдалану арқылы (бірақ олармен шектелмей) жүргізеді:
1) сценарийлік талдау;
2) құбылмалылық талдауы.
Стресс-тестілеуді жүргізу процесінде мыналар қамтылады:
стресс-тестілеу банкке капитал жеткіліктілігінің деңгейінде стресс-тестілеудің ықпалын талдауға, ішкі және сыртқы ортаның өзгеруі кезінде тәуекелдің туындау деңгейін бағалауға мүмкіндік береді;
стресс-тестілеу жүргізудің дәрежесі мен жиілігі таңдап алынған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, сондай-ақ банктің қаржы жүйесіндегі рөліне сәйкес келеді. Банк нашарлап бара жатқан нарықтық жағдайларда немесе банктің басшылығының талабы бойынша стресс-тестілеуді жүргізу жиілігін ұлғайту мүмкіндігіне ие;
банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеуді, сценарийлерді (оның ішінде, экономикалық өсу кезеңінде консервативтік сценарийлерді де қарастырады), нәтижелерді бағалауды жүргізу рәсімдерін бекіту бөлігінде стресс-тестілеу процесінде және стресс-тестілеу барысында анықталған капитал тәуекелін барынша азайту шараларын қабылдау нәтижесінде белсене қатысады.
Банк стресс-тестілеуді жүзеге асыру кезінде стресс-тестілеудің мынадай сценарийлерін пайдаланады, бірақ олармен шектелмейді:
тұтастай алғанда және экономиканың жекелеген салалары бойынша экономикалық өсудің құлдырауын қоса алғанда, елдің экономикалық конъюнктурасының төмендеуіне ықпалын бағалауға негізделген жалпы экономикалық сценарий;
жергілікті стрестік факторлардың ықпалын бағалауға негізделетін, оның ішінде банктің кредиттік қызметінің ерекшеліктерімен және оның кредиттік портфелінің құрылымымен байланысты банктің бизнесіне арналған ерекше сценарий;
төтенше жағдайлардың ықтималдығын ескеретін сценарий.
Банк консервативтік, бірақ капитал жеткіліктілігінің деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін сыртқы және ішкі көрсеткіштердің әлеуетті іске асырылатын жағымсыз өзгерістері негізінде стресс-тестілеу сценарийін әзірлейді.
Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу сценарийін және қабылданған жорамалдарды, сондай-ақ стресс-тестілеу нәтижелерін бекітеді. Банктің сценарийлері мен тиісті болжамдарын таңдаудың негізділігі құжатталады және стресс-тестілеудің нәтижелерімен бірге қарастырылады.
Стрестік сценарийлері мен құбылмалылықты анықтау кезінде банк тарихи және гипотетикалық, оның ішінде тәуекелдер мен болжамдардың әдеттегі диапазонының шектерінен тыс стрестік ахуалды қоса алғанда, ақпараттың кең өрісін пайдаланады.
Реттеуші қабылдайтын стрестік ахуалдың сценарийлерін қолдану мүмкіндігінен басқа, банк оның жеке сипаттамасымен сәйкесетін қолдануға неғұрлым жарамды стресстік ахуалды пайдалануға ұмтылады, бірақ олармен шектелмейді.
Банктің директорлар кеңесі тұрақты түрде стресс-тестілеу сценарийлерінің елеулі өзгерістері тұрғысынан қарастырады. Стресс-тестілеу сценарийлерін өзгерту қажет болған кезде аралық бағалау жүргізіледі.
Стресс-тестілеу сценарийлерін және жорамалдарды әзірлеу кезінде банк мыналарды басшылыққа алады:
сценарийде банк ұшырауы ықтимал барлық маңызды тәуекелдер қамтылады;
стресс-тестілеу кезінде банк тәуекелдердің әралуан түрлерінің өзара байланысын қарастырады;
банк стресс-тестілеудегі жорамалдарды анықтау кезінде консервативтік тәсілді ұстанады. Сценарийдің түрі мен дәрежесін негізге ала отырып, банк оның қызметіне қатысты бірқатар жорамалдардың орындылғын ескереді;
стресс-тестілеудің тәсілдері мен модельдері статистикалық және эконометрикалық негізделген болып табылады;
тәуекелдердің жекелеген түрлері бойынша банктердің ішкі модельдері стресс-тестілеу мақсаттарына бейімделеді;
банк қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын, сондай-ақ ағымдағы сәтте капитал жеткіліктілігі деңгейінің қаншалықты жоғары болуына қарамастан идиосинкразиялық және нарықтық сценарийлерді, оның ішінде:
капитал нарығының қолжетімді болмауын;
энергия қорлары құнының төмендеуін;
ұлттық валюта бағамының әлсіреуін;
жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарысты;
мөлшерлемелердің өзгеруін;
ішкі жалпы өнімнің өзгеруін;
ауыл шаруашылық секторындағы дағдарысты;
инфляциялық болжамдардың өсуін;
халықтың жұмыссыздық деңгейінің артуын және кірістерінің азаюын;
активтердің нарықтық құнының төмендеуін қарастырады.
Банктің директорлар кеңесі және өтімділік тәуекелін басқару процесіне қатысатын бөлімшелер стресс-тестілеу нәтижелерін және болжамдалатын тәуекелдерді, сондай-ақ кері әсерлерді барынша азайту бойынша кейінгі іс-әрекеттерді хабарлайды және талқылайды. Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу процесінің нәтижелерін банктің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесіне қосады. Стресс-тестілеу нәтижелері ішкі лимиттерді белгілеу кезінде қолданылады.
Банктің директорлар кеңесі күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда, оның ішінде процестің кемшіліктерін жою мақсатында стресс-тестілеу нәтижелерін капитал жеткіліктілігін қолдау процесіне есепке алады.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. ӨЖБІП ұйымдастырушылық құрылымының сипаттамасында банктің өтімділік пен өтімділік тәуекелін басқару процестерін іске асыруға қатысатын жауапты алқалы органдарын және бөлімшелерін көрсете отырып, ӨЖБІП-ке қатысушылар тізбесі қамтылады, оның ішінде:
1) банктік директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқару және тәуекел дәрежесінің деңгейін анықтауға жауапты болады. Банктің директорлар кеңесі есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей КЖБІП және ӨЖБІП-тің сақталуы бойынша есепті бекітеді;
2) тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет директорлар кеңесі белгілеген тәуекел дәрежесінің деңгейі шеңберінде өтімділікті басқару саласындағы саясаттар мен рәсімдерді әзірлеуге жауап береді. Бұдан басқа, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет банктің директорлар кеңесіне тәуекел дәрежесін сақтау және өтімділік деңгейінің елеулі өзгерістері туралы кезең-кезеңімен хабарлайды;
3) ішкі бақылау функциялары жүктелген тұлғалар бөлімшесі (бөлімшелері) ӨЖБІП рәсімдерінің сақталуын тексереді және нәтижелерін банктің директорлар кеңесіне жеткізеді;
4) тәуекелдерді басқару процесіне қатысатын бөлімше (бөлімшелер):
өтімділік тәуекелін басқару процесін іске асыруға жауапты болып табылады;
Қағидаларға қосымшаға сәйкес капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін сақтау жөніндегі есептің құрылымына сәйкес КЖБІП және ӨЖБІП сақтау жөніндегі есепті дайындауға жауап береді. Банк есептеулерді, қолданылатын модельдерді, түсіндірме жазбаларды, талдамалық анықтамаларды, өзін-өзі бағалау нәтижелерін және ӨЖБІП тиімділігін бағалауды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
стресс-тестілеу өткізу дайындық үшін жауапты болады;
5) өтімділікті басқару бөлімшесі (бөлімшелері) өтімділікті жедел басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлейді (әзірлейді) және жүзеге асырады (іске асырады) және тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірге күтпеген жағдайлар туындаған кезде қаржыландыру жоспарын жасайды;
6) ішкі аудит бөлімшесі ӨЖБІП тиімділігіне бағалау жүргізеді.";
төмендегі мазмұндағы 14-тараумен толықтырылсын:
"14-тарау. Кепілмен қамтамасыз етуді басқару
117. Банк стратегияны, ұйымдық құрылымды, активтердің көлемін, банк бизнесі күрделілігінің сипаты мен деңгейін ескеретін кепіл қызметі бөлімшесінің қызмет етуін қамтамасыз етеді. Кепіл қызметі бөлімшесінің анық айқындалған өкілеттіктері бар. Кепіл қызметі бөлімшесінің ресурстарын банк өзінің функциялары мен міндеттерін орындау қажеттілігін ескере отырып, объективті және сапалы түрде айқындайды.
Кепіл қызметі бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері олардың кепілдерді бағалау жөніндегі міндеттері мен оларға жүктелген кез келген басқа да міндеттерінің арасында мүдделер қақтығы туындауы мүмкін болатын уақытта өзге де құрылымдық бөлімшелерде қызметтер атқармайды.
Кепіл қызметінің бөлімшесі өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және бағалау стандарттарын және (немесе) халықаралық бағалау стандарттарын басшылыққа алады.
118. Банктің ішкі құжаттары:
1) кепіл қызметі бөлімшесінің қарыз беру және кредиттік тәуекелді басқару туралы шешімдер қабылдау шеңберінде кепілге ішкі бағалау жүргізуге қойылатын талаптарды;
2) бағалау қызметі және бағалау жүргізу әдістері туралы жеткілікті білімнің, қажетті және жеткілікті ақпарат жинау дағдыларының, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін талдау және бағалау жүргізу қабілетінің болуы бойынша кепіл қызметі бөлімшесінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды;
3) кепіл қызметінің тиімділігіне мерзімді бағалау жүргізу талаптарын белгілеу кепіл қызметі бөлімшесі жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
119. Кепіл қызметі бөлімшесінің тиімді қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің қызметінде мүдделер қақтығысының болмауы;
2) кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің сыйақысы мен банктің өзге құрылымдық бөлімшелері қызметінің қаржылық нәтижелері арасында байланыстың болмауы. Кепіл қызметі бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері сыйақысының сыйлықақы бөлігі мүдделер қақтығысының туындауын болдырмайтындай және кепіл қызметі бөлімшесі қызметінің объективтілігіне күмән келтірмейтіндей етіп белгіленеді;
3) кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі (кепіл қызметі бөлімшесінің басшысында бағалаушылар палатасы берген "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің және "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушылар палаталарының біріне мүшелігінің болуы).
120. Банк қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында кепіл қызметінің бөлімшесі туралы ережені әзірлейді. Ереже төмендегілерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) банктегі кепіл қызметі бөлімшесінің мәртебесі, өкілеттіктері, міндеттері және банктің өзге бөлімшелерімен өзара іс-қимылдың ішкі тәртібі;
2) кепіл қызметі бөлімшесінің міндеттері мен қызмет саласы;
3) кепіл қызметі бөлімшесінің жауапкершілігі мен есептілігі;
4) ұлттық бағалау стандарттарын сақтау туралы талаптар;
5) кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналын жүргізу туралы талаптар.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакциядағы қосымшамен толықтырылсын.
2. Екінші деңгейдегі банктер:
1) директорлар кеңесінің 2023 жылғы 30 сәуірден кешіктірмей 2022 жыл үшін капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін дайындауын және бекітуін;
2) 2023 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей ішкі әдіснаманың және ішкі (экономикалық) капиталды есептеудің болуын қамтамасыз етсін.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы, осы қаулының 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының алпыс екінші, жүз сексен бірінші, жүз сексен үшінші, жүз сексен төртінші, жүз сексен бесінші, жүз сексен алтыншы, жүз тоқсан бірінші, жүз тоқсан үшінші, жүз тоқсан бесінші, жүз тоқсан алтыншы, екі жүз тоғызыншы, екі жүз оныншы, екі жүз он бірінші, екі жүз он екінші, екі жүз он екінші, екі жүз он үшінші, екі жүз он төртінші,екі жүз он бесінші, екі жүз он алтыншы, екі жүз он жетінші, екі жүз он сегізінші, екі жүз он тоғызыншы, екі жүз жиырмасыншы, екі жүз жиырма бірінші, үш жүз сексен жетінші, үш жүз сексен сегізінші, үш жүз сексен тоғызыншы, үш жүз тоқсаныншы, үш жүз тоқсан бірінші, бес жүз жиырма бесінші, бес жүз жиырма алтыншы, бес жүз жиырма жетінші, бес жүз жиырма сегізінші, бес жүз жиырма тоғызыншы, бес жүз отызыншы, бес жүз отыз бірінші, бес жүз отыз екінші, бес жүз отыз үшінші, бес жүз отыз төртінші, бес жүз отыз бесінші, бес жүз отыз алтыншы, бес жүз отыз жетінші, бес жүз отыз сегізінші, бес жүз отыз тоғызыншы, бес жүз қырық, бес жүз қырық бірінші, бес жүз қырық екінші және бес жүз қырық үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін сақтау жөніндегі есептің құрылымы
1-тарау. Капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің жалпы негіздері
1. Капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің жалпы негіздері төмендегі бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі - КЖБІП) және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі - ӨЖБІП) жалпы жүйесі;
2) тәуекел дәрежесінің құрылымы туралы ақпарат;
3) стресс-тестілеу туралы ақпарат;
4) ақпараттық жүйелер.
2. "КЖБІП және ӨЖБІП жалпы жүйесі" бөлімі төмендегі кіші бөлімдерді бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) қолданыстағы бизнес-модель.
Қолданыстағы бизнес-модель туралы ақпарат мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
өзінің негізгі қызмет бағыттарын, географиялық аумақтарын, филиалдары мен өнімдерін көрсете отырып, таңдалған бизнес-модельдің;
кірістіліктің негізгі көрсеткіштері бойынша, оның ішінде банк есептеген коэффициенттер (капиталдың рентабельділік коэффициенті, активтердің рентабельділік коэффициенті) бойынша бөле отырып, банктің пайда табу қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін деректердің;
реттеуші капиталдың жеткіліктілік серпіні бойынша деректердің;
активтер мен міндеттемелердің серпіні, оның ішінде қорландыру құрылымы туралы мәліметтердің;
капитал мен өтімділік жеткіліктілігінің көрсеткіштеріне қатысты ең төменгі нормативтік талаптардың сақталуы туралы деректердің сипатын;
2) стратегия және бюджет.
Стратегия мен бюджет туралы ақпарат:
даму стратегиясының, оның ішінде банк мақсаттарының және оларға қол жеткізу мерзімінің;
КЖБІП және ӨЖБІП және банктің стратегиясының арасындағы байланыстың сипатын қамтиды, бірақ олармен шектелмейді;
3) тәуекелдерге басшылық ету және басқару жүйесі.
Тәуекелдерге басшылық ету және басқару жүйесі туралы ақпарат:
банктің уәкілетті алқалы органдарының жүйесін, тәуекелдерді басқару ережелері мен рәсімдерін қоса алғанда, КЖБІП және ӨЖБІП мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелер арасындағы ұйымдық құрылым мен өзара іс-қимылдың;
жалпы басқару дағдыларын, білімі мен тәжірибесін қоса алғанда, тәуекелдерді басқару комитеті мүшелерінің құзыреттілік деңгейінің;
банктің уәкілетті алқалы органдарының КЖБІП және ӨЖБІП мәселелері жөніндегі тұрақты жиналыстарының;
капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін сақтау жөніндегі есептің құрылымына (бұдан әрі – Құрылым) қосымшаның 1-кестесіне сәйкес толтырылатын КЖБІП және ӨЖБІП шеңберінде қалыптастырылатын басқарушылық есептілік туралы мәліметтердің сипатын қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
3. "Тәуекел дәрежесінің құрылымы туралы ақпарат" бөлімі:
процестерді, бақылаушы іс-шараларды және ақпараттық жүйелерді іске асыруға жауапты банктің уәкілетті алқалы органдарының болуын қоса алғанда, тәуекел дәрежесін басқарудың жалпы жүйесінің;
банктің жалпы стратегиясын іске асыру шеңберінде банк қызметі жүзеге асырылатын қабылданатын тәуекелдердің;
банк қызметінің тәуекел-бейінінің;
тәуекел дәрежесі деңгейлерінің;
ағымдағы уақыт кезеңінде белгіленген тәуекел дәрежесі жарамдылығын бағалау нәтижелерінің және оның болашақта қаншалықты қолайлы болатынының сипатын қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
Тәуекел дәрежесінің деңгейлері бойынша лимиттер туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 2-кестесіне сәйкес толтырылады.
4. "Стресс-тестілеу туралы ақпарат" бөлімі:
стресс-тестілеуді өткізу рәсімдерінің және бекітілген стресс-тестілеу сценарийлерінің;
тәуекел-метрикаларға, стратегия және бюджет бойынша көрсеткіштерге, тәуекел дәрежесіне, банк бекіткен өзге де көрсеткіштерге стресс-тестілеу нәтижелерінің;
тәуекелдерді басқару және бақылау жүйесіне стресс-тестілеу нәтижелерін ықпалдастырудың;
төлем қабілеттілігі мен өтімділіктің стресс-тесттері арасындағы өзара іс-қимыл (ықпалдастыру), оның ішінде КЖБІП және ӨЖБІП-ке тән стресс-тесттердің сипатын қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
5. "Ақпараттық жүйелер туралы" бөлімі:
банктің тәуекелдерін басқару үшін пайдаланылатын, оның ішінде кредиттік портфельдің сапасын мониторингтеу үшін пайдаланылатын, сондай-ақ өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің;
толық, дұрыс және уақтылы қаржылық, реттеушілік және басқарушылық ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің;
әртүрлі деңгейдегі тәуекелдер бойынша деректерді жинау, сақтау және жинақтау процестерінің;
КЖБІП және ӨЖБІП үшін, оның ішінде деректердің қолданылатын тексерулерін сипаттау арқылы пайдаланылатын деректер ағынының және деректер құрылымының сипатын қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
2-тарау. КЖБІП туралы ақпарат
6. КЖБІП туралы ақпарат мынадай бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) КЖБІП-нің жалпы жүйесі;
2) тәуекелдерді анықтау, бағалау, бақылау және мониторингтеу;
3) ішкі (экономикалық) капитал және ішкі (экономикалық) капиталды бөлу;
4) стресс-тестілеу;
5) өзін-өзі бағалау.
7. "КЖБІП-нің жалпы жүйесі" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
КЖБІП-ті қолдану мақсаттары мен салалары;
Құрылымға қосымшаның 3-кестесіне сәйкес толтырылатын КЖБІП процестері туралы мәліметтер;
КЖБІП және тәуекел дәрежесімен қамтылған, тәуекелдер арасындағы ықтимал айырмашылықтарды негіздей отырып, КЖБІП-те қарастырылған тәуекелдер тізімі.
8. "Тәуекелдерді анықтау, бағалау, бақылау және мониторингтеу" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) маңызды тәуекелдерді анықтау және бағалау.
Маңызды тәуекелдерді анықтау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
тәуекелдерді анықтау әдіснамасы, бизнесті жүргізу және стратегияны іске асыру барысында болашақта банк ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін тәуекелдердің түрлері бойынша бөлу, маңыздылығын айқындау;
тәуекелдерді бағалау әдіснамасы, оның ішінде сандық және сапалық тәсілдерді пайдалану арқылы;
маңызды тәуекелдерді анықтау процесі шеңберінде бөлімшелердің функциялары мен міндеттері.
Банктің тәуекелдер құрылымы туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 4-кестесіне сәйкес толтырылады.
Банк портфелінің пайыздық тәуекелі туралы мәліметтер мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
Құрылымға қосымшаның 5-кестесіне сәйкес толтырылатын банктің банк кітабының ағымдағы құны туралы мәліметтер;
Құрылымға қосымшаның 6-кестесіне сәйкес толтырылатын таза пайыздық кіріс туралы мәліметтер;
2) маңызды тәуекелдерді бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асыру.
Маңызды тәуекелдерді бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асыру туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
банк бөлімшелерінің функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, маңызды тәуекелдерді бақылау және мониторингтеу процестерін;
қолданылатын бақылау, мониторинг және тәуекелдерді жеңілдету құралдары;
тәуекелдер бойынша белгіленген лимиттерді көрсете отырып қабылданатын тәуекелдердің көлемі.
9. "Ішкі (экономикалық) капитал және ішкі (экономикалық) капиталды бөлу" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) ішкі (экономикалық) капитал.
Ішкі (экономикалық) капитал туралы ақпарат мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
барлық маңызды тәуекелдер бойынша ішкі (экономикалық) капиталды есептеу әдіснамасының, бағалау модельдерінің сипаттамасы;
ішкі (экономикалық) капиталды бағалау үшін қолданылатын деректердің сипаттамасы;
қажетті ішкі (экономикалық) капиталдың сомасы.
Ішкі (экономикалық) және реттеушілік меншікті капиталды бағалау туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 7-кестесіне сәйкес толтырылады;
Капиталды бөлу туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
тәуекелдің әрбір маңызды түрі бойынша ішкі (экономикалық) капиталды бөлу үшін пайдаланылатын әдіснама мен жол берулер;
стресс-тестілеу нәтижелерін қолдану.
10. "Стресс-тестілеу" бөлімінде мынадай кіші бөлімдер қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:
1) стресс-тестілеу сценарийлері.
Стресс-тестілеу сценарийлері туралы ақпарат мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
маңызды тәуекелдер бойынша стресс-тестілеу тәсілдері мен сценарийлерінің сипаттамасы, олардың кезеңділігі, әдіснамасы және қолданылатын жол берулер;
стресс-тестілеу жүргізу үшін қарастырылып отырған сценарийді таңдау себебін негіздеу;
стресс-тестілеу шеңберінде ескерілетін негізгі қаржылық және экономикалық факторлардың тізімі;
қаржылық және экономикалық факторлар туралы ақпарат көздері.
Стресс-тестілеу сценарийлері туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 8-кестесіне сәйкес толтырылады;
2) сандық және сапалық талдау.
Сандық және сапалық талдау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
модельдер және таңдалған модельдерді қолданудың негізділігі;
банктің қаржылық жағдайына әсерін көрсете отырып, оның ішінде ішкі (экономикалық) және реттеушілік капиталдың мөлшері мен жеткіліктілігін бағалай отырып, стресстік жағдайлар кезінде капиталдың жеткіліктілігін ішкі бағалаудың негізгі нәтижелері;
сценарий нәтижелерінің КЖБІП шеңберіндегі банктің бизнес-моделіне, стратегиясына және маңызды тәуекелдеріне әсері;
стресс-тестілеу нәтижелерін ішкі лимиттерді белгілеу процесіне интеграциялау тәсілдері.
11. "Өзін-өзі бағалау" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) есепті кезеңнің жоспарланған іс-шаралары.
Банк есепті жылға жоспарланған іс-шараларды, оның ішінде ішкі (экономикалық) капиталдың қажетті деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін іс-шараларды және қабылданған шаралардың тиісті нәтижелерін сипаттайды;
2) жалпы бағалау.
Банк іс-шараларды, ресурстарды, өлшеу және есеп беру жүйелерін бақылайтын ішкі ережелерді қоса алғанда, бүкіл процесті талдайды және бағалайды;
3) жақсартуды қажет ететін салаларды анықтау.
Банк жақсартуды қажет ететін салаларды сипаттайды, сондай-ақ аяқталған немесе жүзеге асырылудағы түзету әрекеттерін қоса алғанда, алдыңғы бағалау нәтижелерін сипаттайды;
4) түзету әрекеттері.
Банк өзін-өзі бағалау барысында анықталған салаларды жақсарту бойынша жоспарланған әрекеттерді сипаттайды.
3-тарау. ӨЖБІП туралы ақпарат
12. ӨЖБІП туралы ақпарат мынадай бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) ӨЖБІП-нің жалпы жүйесі;
2) өтімділік тәуекелін анықтау, бағалау, мониторигтеу және бақылау;
3) қорландыру стратегиясы және күтпеген жағдайларды қаржыландыру жоспары;
4) өтімділік буферін және кепілмен қамтамасыз етуді басқару;
5) стресс-тестілеу;
6) өзін-өзі бағалау.
13. "ӨЖБІП-нің жалпы жүйесі" бөлімі мына сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
ӨЖБІП-нің мақсаттары мен қолдану салалары;
Құрылымға қосымшаның 9-кестесіне сәйкес толтырылатын ӨЖБІП-тің процестері туралы мәліметтер.
14. "Өтімділік тәуекелін анықтау, бағалау, мониторингтеу және бақылау" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) өтімділік тәуекелін анықтау және бағалау.
Өтімділік тәуекелін анықтау және бағалау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
өтімділік тәуекелін анықтау әдіснамасы;
тәуекелдерді бағалау әдіснамасы, оның ішінде сандық және сапалық әдістерді пайдалану арқылы;
әр түрлі уақыт шегінде активтер, міндеттемелер және баланстан тыс құралдар бойынша ақша ағындарын болжау процесі;
өтімділік тәуекелдерін анықтау және бағалау процесі шеңберіндегі бөлімшелердің функциялары мен міндеттерін сипаттау;
2) мониторингтеу және бақылау.
Өтімділік тәуекелін мониторингтеу және бақылау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
банк бөлімшелерінің функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, әртүрлі уақыт шегіндегі өтімділік тәуекелдерін бақылау және мониторингтеу процестері;
ерте ескерту индикаторлары;
әртүрлі уақыт шегіндегі өтімділік тәуекелін бақылау, мониторингтеу және жеңілдету құралдары;
өтімділіктің бір күн ішіндегі тәуекелін басқару рәсімдері;
өтімділік тәуекелі бойынша белгіленген лимиттерді көрсете отырып қабылданатын тәуекелдердің көлемі.
15. "Қорландыру стратегиясы және күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспары" бөлімі мынадай бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) қорландыру стратегиясы.
Қорландыру стратегиясы туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
өнімдер, құралдар, нарықтар бөлінісінде қорландыру көздерінің түрлері;
қорландыруды тарту мүмкіндігіне әсер ететін негізгі факторлар;
қорландырудың балама көздері;
қорландыруды тарту бойынша өз мүмкіндіктерін, оның ішінде:
тартылған қаражатты сандық шолуды;
негізгі нарықтар мен пайдаланылатын өнімдерді;
міндеттемені өтеу мерзімдерін көрсете отырып, жоспарланған ақша қаражаттарының қайтуын шолуды көрсете отырып бағалау;
2) күтпеген жағдайлар кезінде қаржыландыру жоспары.
Күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспары туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
күтпеген жағдайлар кезінде қаржыландыру көздері;
күтпеген жағдайларда қаржыландыру көздерінің әрқайсысыңнан қосымша қаражат тарту үшін қажетті уақыт;
жауапты тұлғаларды көрсете отырып, күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарын әзірлеу тәртібі;
күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарын іске асыру бойынша жауапты тұлғалардың іс-қимыл алгоритмі;
күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарының тестілеу нәтижелері және жаңарту бойынша мәліметтер.
16. "Өтімділік буферін басқару және кепілмен қамтамасыз ету" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
1) өтімділік буфері.
Банк өтімділікке, оның ішінде стресс жағдайында қажеттіліктерді орындау үшін жеткілікті деп саналатын жоғары өтімді активтердің қажетті көлемінің сандық көрінісін, сондай-ақ қолданыстағы өтімділік буферінің сандық көрінісін сипаттайды.
Өтімділік буфері туралы ақпарат мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
өтімділіктің қажетті қорын есептеу әдіснамасы және жол берулері;
банктің сапасы жоғары өтімді активтерге қатысты қолданатын анықтамасы және олардың құрамы;
активтердің өтімді құнын айқындау өлшемшарты;
өтімділік буфері шеңберіндегі шоғырлану тәуекелін басқарудың сипаттамасы;
өтімділік қорының белгіленген тәуекел дәрежесімен салыстырымалылығын сипаттамасы;
2) кепілмен қамтамасыз етуді басқару.
Кепілмен қамтамасыз етуді басқару туралы ақпарат мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
ауыртпалық салынған және ауыртпалық салынбаған активтер арасында бөлу арқылы кепілмен қамтамасыз етуді басқаруға қатысты әдіснамаға шолу, сондай-ақ қолжетімді кепілдік мөлшеріне сандық шолу;
өтімділіктің ықтимал проблемалары (мысалы, нарықтық және (немесе) қаржылық жағдайдың өзгеруі, кредиттік рейтингтің өзгеруі) нәтижесінде туындайтын кез келген қосымша талаптарды ескеретін кепілмен қамтамасыз ету талаптары мен шекті мәндердің (бар болса) мониторингіне шолу.
17. "Стресс-тестілеу" бөлімінде мынадай кіші бөлімдер қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:
1) стресс-тестілеу сценарийлері.
Стресс-тестілеу сценарийлері туралы ақпарат мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
стресс-тестілеу тәсілдері мен сценарийлерінің сипаттамасы, олардың кезеңділігі, әдіснамасы және қолданылатын жол берулері;
стресс-тестілеу жүргізу үшін қарастырылып отырған сценарийді таңдау себебін негіздеу;
стресс-тестілеу шеңберінде ескерілетін негізгі қаржылық және экономикалық факторлардың тізімі;
2) сандық және сапалық талдау.
Сандық және сапалық талдау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
өтімділік және қорландыру көрсеткіштеріне стресс-тестілеу нәтижелерінің әсерінің сандық көрінісі (әрбір тәуекел-метрикаға әсерін көрсете отырып);
стресс-тестілеу нәтижелерін стратегиялық, бюджеттік жоспарлау процесіне және ішкі лимиттерді белгілеу процесіне интеграциялау;
стресс-тестілеу нәтижелерін бағалауға интеграциялау және күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарын жоспарлау, оның ішінде күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарындағы кемшіліктерді түзету мақсатында.
Стресс-тестілеу нәтижелері туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 10-кестесіне сәйкес толтырылады.
18. "Өзін-өзі бағалау" бөлімінде мынадай кіші бөлімдер қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:
1) жоспарланған іс-шаралар.
Банк жүргізілген өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша есепті жылға жоспарланған іс-шараларды және қабылданған шаралардың тиісті нәтижелерін сипаттайды;
2) жалпы бағалау.
Банк өтімділікті басқару саясаты, процесті ұйымдастыру, рәсімдер, жүйелер және бақылау әрекеттері, өтімділік деңгейі және қорландырудың қолжетімділігі бөлігінде процестің әлсіз жақтарын анықтау үшін ұйымдастыру процестеріне бағалау жүргізеді;
3) жақсартуды қажет ететін салаларды анықтау.
Банк жақсартуды қажет ететін салаларды сипаттайды, сондай-ақ аяқталған немесе жүзеге асырылудағы түзету әрекеттерін қоса алғанда, алдыңғы бағалау нәтижелерін сипаттайды;
4) түзету әрекеттері.
Банк өзін-өзі бағалау барысында анықталған салаларды жақсарту бойынша жоспарланған әрекеттерді сипаттайды.
Капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін сақтау бойынша есеп құрылымына қосымша |
1-кесте
КЖБІП және ӨЖБІП шеңберінде қалыптастырылатын ішкі басқарушылық есептілік туралы мәліметтер
№ | Есептің атауы | Есепті бекітетін банктің уәкілетті алқалық органы | Есепті кезең ішінде бекіту кезеңділігі және (немесе) күні | Жауапты бөлімше |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
КЖБІП және ӨЖБІП процесінің шеңберінде қалыптастырылатын барлық есептілік стресс-тестілеу нәтижелері туралы есепті, кредиттік тәуекел туралы есепті, нарықтық тәуекел туралы есепті, операциялық тәуекел туралы есепті, уақыт деңгейлері бойынша өтімділік позицияларының есебін, өтімді активтер қорының деңгейіне әсер ететін факторлар туралы есепті, қорландыруды шоғырландыру тәуекелі туралы есепті, өзге айтарлықтай тәуекел туралы есепті қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
2-кесте
Тәуекел-дәрежесінің деңгейлері бойынша лимиттер туралы мәліметтер
№ | Тәуекел түрлері | Белгіленген лимит түрі |
Белгіленген лимит мәні |
Есепті күнге жол берілетін деңгей ретінде анықталған белгіленген деңгей | |
алдыңғы есепті күнге | есепті күнге | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Кредиттік тәуекел | ||||
1.1 | |||||
1.2 | |||||
2 | Нарықтық тәуекел | ||||
2.1 | |||||
2.2 | |||||
3 | Операциялық тәуекел | ||||
3.1 | |||||
3.2 | |||||
4 | Өтімділік тәуекелі | ||||
4.1 | |||||
4.2 | |||||
5 | Өзге де жүйелік маңызы бар тәуекел (бар болса көрсету) | ||||
5.1 | |||||
5.2 |
кестенің жалғасы:
Лимиттердің сақталмауы | Жол берілетін ретінде анықталған деңгейлерге қол жеткізу | Лимиттердің және жол берілетін ретінде анықталған деңгейдің сақталмау себептері | ||
жағдайлардың саны | күндердің жалпы ұзақтығы | жағдайлардың, саны | күндердің жалпы ұзақтығы | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
4 және 5-бағандарда банк белгілеген лимиттердің әрқайсысы бойынша сандық немесе пайыздық мән көрсетіледі;
6-бағанда банк белгілеген лимиттердің әрқайсысы бойынша жол берілетін ретінде анықталатын деңгей көрсетіледі;
7-бағанда белгіленген лимиттердің әрқайсысы бойынша есепті кезеңде оның бұзылған жағдайларының саны көрсетіледі;
8-бағанда есепті кезеңде лимиттердің бұзылған күндерінің жалпы ұзақтығы көрсетіледі;
9-бағанда белгіленген жол берілетін ретінде анықталған белгіленген деңгейлердің әрқайсысы бойынша есепті кезеңде оған қол жеткізу жағдайларының саны көрсетіледі;
10-бағанда есепті кезеңде жол берілетін ретінде анықталған белгіленген деңгейлерге қол жеткізу күндерінің жалпы ұзақтығы көрсетіледі;
11-бағанда есепті кезеңде жол берілетін ретінде анықталған лимиттер мен деңгейлердің сақталмау себептері көрсетіледі.
егер жол берілетін ретінде анықталған деңгей белгіленбеген жағдайда, 6, 9 және 10-бағандар толтырылмайды.
3-кесте
КЖБІП процестері туралы мәліметтер
№ | КЖБІП процесінің кезеңі | Сипаттамасы | Жауапты бөлімше | Процесті регламенттейтін ішкі құжат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Айтарлықтай тәуекелдерді анықтау | |||
2. | Айтарлықтай тәуекелдерді бағалау | |||
3. | Ішкі (экономикалық)/реттеуші капиталды есептеу | |||
4. | Стресс-тестілеу жүргізу | |||
5. | Ішкі (экономикалық) және реттеуші капиталдың жеткіліктілігін жоспарлау және бағалау | |||
6. | КЖБІП нәтижелерін тәуекел дәрежесінің стратегиясына интеграциялау | |||
7. | КЖБІП бойынша өзіндік бағалау |
Ескертпе:
3-бағанда КЖБІП әрбір кезеңі үшін банк пайдаланатын әдістеменің сипаттамасы көрсетіледі;
4-бағанда тиісті кезеңді жүзеге асыратын жауапты бөлімше көрсетіледі;
5-бағанда КЖБІП-нің тиісті процесін регламенттейтін ішкі құжат көрсетіледі.
4-кесте
Банк тәуекелдерінің құрылымы туралы мәліметтер
№ | Тәуекел түрлері және кіші түрлері | Айтарлықтай тәуекелдерді анықтау мен бағалаудың әдіснамасы және (немесе) модельдері |
1 | 2 | 3 |
1 | Кредиттік тәуекел | |
1.1 | ||
… | ||
2 | Нарық тәуекелі | |
2.1 | ||
… | ||
3 | Операциялық тәуекел | |
3.1 | ||
… | ||
4 | Басқа айтарлықтай тәуекелдер (бар болса көрсету): | |
4.1 | ||
… |
Ескертпе:
2-бағанда тәуекелдердің түрлері мен кіші түрлері (бар болса) көрсетіледі;
3-бағанда айтарлықтай тәуекелдерді анықтау мен бағалаудың пайдаланылатын әдіснамалары және (немесе) модельдері көрсетіледі.
5-кесте
Банктің банк қызметінің ағымдағы құны туралы мәліметтер
(мың теңге)
Көрсеткіштер | Ағымдағы құнының сомасы (нақты) | ||||||||
1 айға дейін | 1 айдан 3 айға дейін | 3 айдан 6 айға дейін | 6 айдан 1 жылға дейін |
1 жылдан |
2 жылдан |
3 жылдан |
5 жылдан | 10 жылдан астам | |
1 | 2 | ||||||||
Кіріс әкелетін активтер | |||||||||
… | |||||||||
… | |||||||||
Сыйақы төлеуге байланысты міндеттемелер | |||||||||
… | |||||||||
… | |||||||||
Баланстан тыс позиция | |||||||||
EVE = Кіріс әкелетін активтер |
кестенің жалғасы:
Ағымдағы құнның сомасы (нақты) | Ұлттық валютадағы құнының сомасы (болжам) | Шетел валютасындағы құнының сомасы (болжам) | ||
+___ базистік тармақ | -____ базистік тармақ | +___ базистік тармақ | -_____ базистік тармақ | |
3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескертпе:
2-бағанда пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен міндеттемелер банктің ішкі әдіснамасына сәйкес уақытша себеттердің саны бойынша үлестіріледі;
4 және 5-бағандарда ұлттық валютада белгіленген активтер мен міндеттемелер бойынша банк анықтаған базистік тармақтарда пайыздық мөлшерлеменің қисық кірістілігінің барлық диапазонында қатар өзгерістер болған жағдайда банктердің активтері мен міндеттемелерінің экономикалық құнының өзгерісі көрсетіледі;
6 және 7-бағандарда шетел валютасында белгіленген активтер мен міндеттемелер бойынша банк анықтаған базистік тармақтарда пайыздық мөлшерлеменің қисық кірістілігінің барлық диапазонында қатар өзгерістер болған жағдайда банктердің активтері мен міндеттемелерінің экономикалық құнының өзгерісі көрсетіледі.
6-кесте
Таза пайыздық кіріс туралы мәліметтер
(мың теңге)
Көрсеткіштер | Ағымдағы құнның сомасы (нақты) | Ұлттық валютадағы құнының сомасы (болжам) | Шетел валютасындағы құнының сомасы (болжам) | |||
ұлттық | шетел валютасы |
+___ | -___ базистік тармақ | +___ базистік тармақ | -____ базистік тармақ | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Пайыздық кірістер | ||||||
… | ||||||
… | ||||||
Пайыздық шығыстар | ||||||
… | ||||||
… | ||||||
Таза пайыздық кіріс (шығыстар) |
Ескертпе:
4 және 5-бағандарда ұлттық валютада белгіленген талаптар мен міндеттемелер бойынша банк анықтаған базистік тармақтарда пайыздық мөлшерлеменің қисық кірістілігінің қатар өзгерісі болған жағдайда пайыздық кірістер мен пайыздық шығыстардың өзгерісі көрсетіледі;
6 және 7-бағандарда шетел валютасында белгіленген талаптар мен міндеттемелер бойынша банк анықтаған базистік тармақтарда пайыздық мөлшерлеменің қисық кірістілігінің қатар өзгерісі болған жағдайда пайыздық кірістер мен пайыздық шығыстардың өзгерісі көрсетіледі.
7-кесте
Ішкі (экономикалық) және реттеуші меншікті капиталды бағалау туралы мәліметтер
№ | Тәуекелдердің түрлері | Реттеуші меншікті капитал | Ішкі (экономикалық) капитал | ||||
Нақты (t) |
Болжам | Стрессті ескере отырып болжам | Нақты (t) |
Болжам | Стрессті ескере отырып болжам | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Реттеуші капиталдың талаптарға сәйкес келетін жалпы сомасы/қажетті ішкі (экономикалық) капиталдың жалпы сомасы | ||||||
2. | Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтер | ||||||
3. | Нарықтық тәуекел ескеріле отырып сараланған активтер | ||||||
4. | Операциялық тәуекел | ||||||
5. | Тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің жиынтығы | ||||||
6. | Кредитік тәуекел ескеріле отырып капиталға қойылатын талаптар | ||||||
7. | Нарықтық тәуекел ескеріле отырып капиталға қойылатын талаптар | ||||||
8. | Операциялық тәуекел ескеріле отырып капиталға қойылатын талаптар | ||||||
9. | Сандық бағалауға жататын басқа да айтарлықтай тәуекелдер (қайсысы екенін көрсету) | ||||||
9.1. | |||||||
9.2. | |||||||
10. | Айтарлықтай тәуекелдер ескеріле отырып капиталға қойылатын талаптар |
Ескертпе:
3 және 4-бағандарда тәуекелдің әрбір түрі бойынша капиталдың нақты және болжамды мәні, сондай-ақ стресс-тестілеу ескеріле отырып болжамды мәні көрсетіледі.
Егер қолданылмаса, қысқартылған Қ –"қолданылмайды" пайдаланылады.
8-кесте
Стресс-тестілеудің сценарийлері туралы мәліметтер
№ | Стресс-тестілеудің сценарийлері | Сценарийдің өлшемдері | Уақыт деңгейі, кезеңділік | Тәуекел түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
2-бағанда стресс-тестілеудің әрбір сценарийі бойынша атауы көрсетіледі;
3-бағанда әрбір сценарий үшін стресс-тестілеу өлшемінің мәні көрсетіледі;
4-бағанда стресс-тестілеудің әрбір өлшемі үшін уақыт деңгейі және өткізу кезеңділігі көрсетіледі;
5-бағанда стресс-тестілеудің әрбір өлшемі үшін ол әсер ететін тәуекелдердің түрлері көрсетіледі.
9-кесте
ӨЖБІП процестері туралы мәліметтер
№ | ӨЖБІП процесінің кезеңі | Сипаттамасы | Жауапты бөлімше | Процесті регламенттейтін ішкі құжат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Өтімділіктің айтарлықтай тәуекелдерін анықтау | |||
2. | Өтімділіктің айтарлықтай тәуекелдерін бағалау | |||
3. | Өтімділік тәуекелдерінің негізгі көрсеткіштерін есептеу (өтімділікті өтеу коэффициенті, нетто тұрақты қорландыру коэффициенті және басқасы) | |||
4. | Қысқа мерзімді өтімділікті талдау | |||
5. | Ұзақ мерзімді өтімділікті талдау | |||
6. | Қорландырудың орнықтылығын талдау | |||
7. | Өтімділіктің буферін және кепілмен қамтамасыз етуді басқаруды талдау | |||
8. | Жаңа өнімдерді бекіту барысында өтімділіктің тәуекелін талдау | |||
9. | Стресс-тестілеу жүргізу | |||
10. | Тәуекел дәрежесінің стратегиясымен келісушілік | |||
11. | ӨЖБІП бойынша өзіндік бағалау |
Ескертпе:
3-бағанда ӨЖБІП-нің әрбір кезеңі үшін банк пайдаланатын әдістеменің сипаттамасы көрсетіледі;
4-бағанда тиісті кезеңді жүзеге асыратын жауапты бөлімше көрсетіледі;
5-бағанда ӨЖБІП-нің тиісті процесін регламенттейтін ішкі құжат көрсетіледі.
10-кесте
Стресс-тестілеудің нәтижелері туралы мәліметтер
№ | Көрсеткіш | Стресс-тестілеу сценарийі | Сценарийдің өлшемдері | Нақты (t) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Өтімділікті өтеу коэффициенті | |||
2. | Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті | |||
3. | Өтімділігі жоғары активтер | |||
4. | Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелер | |||
5. | Қысқа мерзімді қаржыландыру | |||
6. | Басқа көрсеткіш (бар болса көрсету) |
кестенің жалғасы:
Стресс ескеріле отырып | Ескертпе |
6 | 7 |
Ескертпе:
5-бағанда есепті кезең ішінде нақты мәні көрсетіледі;
6-бағанда уақыт деңгейін қолдану ескерілген мәні көрсетіледі;
7-бағанда кестеге ескертулер көрсетіледі.
Өтімділікті өтеу коэффициенті және нетто тұрақты қорландыру коэффициенті ислам банктерінен басқа барлық банктерге қолданылады.
Стресс-тестілеудің сценарийлері мен өлшемдері сыртқы операциялық ортаға, стратегияға, ұйымдық құрылымға, активтердің көлеміне, банк операцияларының сипатына және күрделілік деңгейіне сәйкес анықталады