Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 11 сәуірдегі №6С 19/8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6595 болып тіркелген).
2. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/8 "Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 27 мамырдағы № 6С 39/7 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7874 болып тіркелген).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы | Б.Комбатуров |