Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 мамырда № 6595 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 тамыздағы № 7С 21/3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 03.08.2022 № 7С 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Кенжибаев Ж.Т.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар ауданының
әкімі
А.Ә.Қалжанов

      11 сәуір 2018 жыл

  Атбасар аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 11 сәуірдегі
№ 6С 19/8 шешімімен
бекітілген

Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады. Атбасар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округгігтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Атбасар аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

 
  Атбасар аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 11 сәуірдегі
№ 6С 19/8 шешімімен
бекітілген

Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      Ескерту. Айқындау жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.05.2020 № 6С 39/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Атбасар ауданының елді мекенінің атауы

Атбасар ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Атбасар қаласы

229

Борисовка ауылы

2

Борисовка ауылы

68

Сепе ауылдық округі

3

Есенгелді ауылы

48

4

Сепе ауылы

27

Макеевка ауылдық округі

5

Шуйское ауылы

50

6

Макеевка ауылы

6

Мариновка ауылдық округі

7

Мариновка ауылы

189

8

Бейіс-Хазірет ауылы

24

9

Адыр станциясы

30

Бастау ауылдық округі

10

Бастау ауылы

95

Новосельское ауылы

11

Новосельское ауылы

66

Ақан Кұрманов ауылдық округі

12

Ақан Кұрманов ауылы

69

13

Қосбармақ ауылы

3

14

Қаракөл ауылы

5

Покровка ауылдық округі

15

Покровка ауылы

45

16

Садовое ауылы

44

Полтавка ауылдық округі

17

Полтавка ауылы

60

18

Титовка ауылы

9

Сергеевка ауылдық округі

19

Сергеевка ауылы

73

20

Ащыкөл ауылы

4

21

Самарка ауылы

26

Тельман ауылдық округі

22

Тельман ауылы

50

23

Поповка ауылы

24

Шұңқыркөл ауылдық округі

24

Новомариновка ауылы

29

25

Сочинское ауылы

45

Ярославка ауылдық округі

26

Тимашевка ауылы

46

27

Магдалиновка ауылы

16

28

Хрящевка ауылы

17

29

Родионовка ауылы

5

30

Калиновка ауылы

14


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады