"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) шешімі;
Ақмола облысының Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/5 "Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 10 маусымдағы № 6С-59/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы |
Ш.Кусаинов |