Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 18.04.2022 № 7С-20/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс 12 – сессияның төрағасы |
Т.Сихимбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданы әкімі | Қ.Испергенов |
20 маусым 2017 жыл
Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/5 шешімімен бекітілген |
Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.
Бұланды ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Бұланды аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/5 шешімімен бекітілген |
Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Ескерту. Айқындауға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 10.06.2020 № 6С-59/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
т/т № | Бұланды ауданының елді мекеннің атауы | Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше,көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Айнакөл ауылдық округі | ||
1 | Айнакөл ауылы | 7 |
2 | Острогорка ауылы | 2 |
Амангелді ауылдық округі | ||
3 | Партизанка ауылы | 6 |
4 | Ортақшыл ауылы | 2 |
Вознесенка ауылдық округі | ||
5 | Вознесенка ауылы | 5 |
6 | Тастыөзек ауылы | 2 |
7 | Аққайың ауылы | 2 |
Алтынды ауылдық округі | ||
8 | Алтынды ауылы | 3 |
9 | Боярка ауылы | 1 |
10 | Жаңаталап ауылы | 2 |
11 | Алакөл ауылы | 2 |
12 | Елтай ауылы | 1 |
Ерголка ауылдық округі | ||
13 | Тоқтамыс ауылы | 7 |
14 | Новокиевка ауылы | 3 |
15 | Иванковка ауылы | 3 |
16 | Гордеевка ауылы | 3 |
Журавлевка ауылдық округі | ||
17 | Журавлевка ауылы | 2 |
18 | Воробьевка ауылы | 2 |
19 | Ярославка ауылы | 2 |
20 | Новодонецкое ауылы | 2 |
Капитоновка ауылдық округі | ||
21 | Капитоновка ауылы | 8 |
22 | Пушкино ауылы | 1 |
23 | Балуан Шолак ауылы | 1 |
Карамышевка ауылдық округі | ||
24 | Шұбарағаш ауылы | 5 |
25 | Отрадное ауылы | 4 |
26 | Суворовка ауылы | 1 |
27 | Мат ауылы | 1 |
Караөзек ауылдық округі | ||
28 | Қараөзек ауылы | 7 |
29 | Купчановка ауылы | 5 |
30 | Байсуат ауылы | 3 |
31 | Еруслановка ауылы | 3 |
Никольск ауылдық округі | ||
32 | Никольское ауылы | 7 |
33 | Ұлтуған ауылы | 1 |
Новобратск ауылдық округі | ||
34 | Новобратск ауылы | 7 |
35 | Буденовка ауылы | 3 |
36 | Красносельск ауылы | 2 |
37 | Добровольное ауылы | 2 |
38 | Макинск қаласы | 28 |