Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 18.04.2022 № 7С-20/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы № 6С-12/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген, 2017 жылғы 02 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындауда, "Даниловка ауылдық округі" сөздері "Алтынды ауылдық округі" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
К.Рамазанов |
Бұланды аудандық мәслихат хатшысы |
Ш.Кусаинов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімдігі |