"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде және Моховое ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Калинин ауылдық округі Моховое ауылындағы келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын.
Октябрьская көшесін Әл – Фараби көшесіне;
Советская көшесін Достық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Калинин ауылдық округінің әкімі |
М.Тюлюбаев |