Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қобда ауылдық округінің Қобда және Құрсай ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қобда ауылдық округі Қобда ауылының келесі көшелері мен тұйық көшелері қайта аталсын.
Батыс тұйық көшесін Қарасай батыр тұйық көшесіне;
Жеңіс тұйық көшесін Жанқожа батыр тұйық көшесіне;
Қобда 80 жыл көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
Ақтөбе тұйық көшесін Райымбек батыр тұйық көшесіне;
Щербак көшесін Сапура Мәтенқызы көшесіне.
2. Қобда ауылдық округі Құрсай ауылының келесі көшелері мен тұйық көшелері қайта аталсын.
Ә. Молдағұлова көшесін Қазыбек би көшесіне;
А. Құнанбаев көшесін Алпамыс батыр көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда ауылдық округінің әкімі | М. Кульниязов |