Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі Құмсай ауылының Заводская көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 маусымда № 28622 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Мәртөк ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі Құмсай ауылының Заводская көшесін Елек көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауылдық округінің әкімі О. Қонысбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады