Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 167 "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 137 шешімі.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 11 сәуірде № 27512 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 11-68 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 15.11.2023 № 11-68 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4644 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      7- тармақта:

      2), 3), 4)- тармақшалары келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – 52 айлық есептік көрсеткіш;";

      "3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер – 52 айлық есептік көрсеткіш;";

      "4) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары – 52 айлық есептік көрсеткіш;";

      мынадай мазмұндағы 11) - тармақшамен толықтырылсын:

      "11) еңбек ардагерлері - 52 айлық есептік көрсеткіш.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық
      мәслихатының хатшысы Т. Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады