Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 963 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 75 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 563 қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "11" желтоқсандағы № 963 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ
№ | Карантиндік объект атауы | Аудан атауы | Жалпы зақымданған алаң, (гектар) |
1 | Арам сояу | Абай | 5,1 |
2 | Әл-Фараби | 1,23 | |
3 | Еңбекші | 4,83 | |
4 | Қаратау | 2,42 | |
Барлығы | 13,58 | ||
1 | Жатаған у кекіре | Абай | 2,5 |
2 | Әл-Фараби | 0,2 | |
3 | Еңбекші | 0,52 | |
4 | Қаратау | 39,0 | |
Барлығы | 42,22 | ||
Шығыстың жеміс жемірі | Әл-Фараби | 0,03 | |
Барлығы | 0,03 | ||
Жалпы | 55,83 |