Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 31.08.2023 № 6/42-VIIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының хатшысы | К. Сулейменов |
2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/57-VII шешіміне қосымша |
Абай облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже
Ескерту. Қосымшаның атауы жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 31.08.2023 № 6/42-VIIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ереже
1. Абай облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Абай облысының Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін айқындайды.
2. Құрмет грамотасы:
1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;
2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін наградтау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.
3. Құрмет грамотасымен Абай облысының дамуына қомақты үлес қосқан:
1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;
2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;.
4. Құрмет грамотасымен:
1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;
2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар наградтала алмайды.
5. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген тұлғаны бес жыл ішінде облыстың Құрмет грамотасымен марапаттауға екі рет ұсыныла алмайды.
6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.
2-тарау. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты облыс әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.
Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды.
Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.
8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар қаралмайды.
9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін, наградтау жөніндегі облыс әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.
10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыс әкімі мен облыс мәслихаттың төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 31.08.2023 № 6/42-VIIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын облыс әкімі және (немесе) облыс мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 31.08.2023 № 6/42-VIIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Наградтау бойынша материалдар облыс әкімінің аппаратында сақталады.