Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/57-VII "Абай облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 6/42-VIIІ шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 7 қыркүйекте № 117-18 болып тіркелді

      Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы мәслихатының "Абай облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 18 қарашадағы №10/57-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30661болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Абай облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген шешімнің қосымшасының мемлекеттік тілдегі атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Абай облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже";

      көрсетілген шешімнің қосымшасының орыс тіліндегі атауы өзгеріссіз қалдырылсын;

      Абай облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереженің 10 және 11 тармақатары жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыс әкімі мен облыс мәслихаттың төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.";

      "11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын облыс әкімі және (немесе) облыс мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының төрағасы
      К. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады