Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі "Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4352 болып тіркелген) № 38-9 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Жамбыл облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларында:
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыс жайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді Жамбыл облысының әкімдігі су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып белгілейді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының хатшысы | М. Сарыбеков |