"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және Бектөбе, Бәйтерек ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Қаратөбе ауылдық округінің Бектөбе ауылындағы келесі құрамдас бөліктер қайта аталсын:
Жаңа Бәйтерек көшесі Бәйтерек көшесіне;
Жаңа Бәйтерек 2 көшесі Әлихан Бөкейхан көшесіне;
Жайлау 4 көшесі Көктөбе көшесіне;
Бұлақ 1 көшесі Киелі бұлақ көшесіне;
Бескен Абдраимов көшесінің 1-тұйық көшесі Тараз көшесіне.
2. Қаратөбе ауылдық округінің Бәйтерек ауылындағы Әбілда Баялиев көшесінің 1-тұйық көшесі Талас көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратөбе ауылдық | |
округінің әкімі | Г. Сагимбеков |