Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/50 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қазанда № 30104 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы Б. Шингисов

  Ұлытау облыстық
мәслихатының
2022 жылғы 10 қазандағы
№ 8/50
шешіміне қосымша

Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Құрмет грамотасы:

      1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;

      2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін наградтау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен Ұлытау облысының дамуына қомақты үлес қосқан:

      1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;

      2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;.

      4. Құрмет грамотасымен:

      1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

      2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар наградтала алмайды.

      5. Осы Ереженің 3- тармағында көрсетілген тұлғаны бес жыл ішінде облыстың Құрмет грамотасымен марапаттауға екі рет ұсыныла алмайды.

      6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты облыс әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және болған жағдайда мөрмен бекітіледі.

      Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облыстық мәслихатының 18.05.2023 № 2/31 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар, қаралмайды.

      9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін, наградтау жөніндегі облыс әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі Комиссия) жолданады.

      10. "Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облыстық мәслихатының 18.05.2023 № 2/31 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын облыс әкімі және (немесе) облыстық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облыстық мәслихатының 18.05.2023 № 2/31 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Наградтау бойынша материалдар облыс әкімінің аппаратында сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады