Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/50 "Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 2/31 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 мамырда № 22-20 болып тіркелді

      Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлытау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 10 қазандағы № 8/50 "Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №30104 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бектілген Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінде:

      7 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты облыс әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және болған жағдайда мөрмен бекітіледі.".

      Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.".

      10 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын облыс әкімі және (немесе) облыстық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады