Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология,гелогия және табиғи ресурстар министрінің "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24382 болып тіркелген) 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы | А. Досанов |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 шілдедегі № 26/202 шешіміне қосымша |
Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептілік бірік | Қызметтер бағасы, теңге қосылған құн салығымен |
Жайлы үйлер | айына/ тұрғын | 330 |
Жайлы емес үйлер | айына/ тұрғын | 364 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м3 | 1986 |