"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Текелі қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Б. Молдахметов |
Текелі қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 202 қаулысына қосымша |
Текелі қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ |
Стационарлық емес сауда объектілерінің | Алатын алаңы (шаршы метр) | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері | Қызмет саласы |
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, |
1 | Текелі қаласы, Әуезов көшесі, № 27 ғимаратының сол жағы | 255 | "Лесная сказка" кафесі | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 5 |
2 | Текелі қаласы, Рудничный ауылдық округі, Бейбітшілік көшесі № 38 ғимараттың оң жағында | 162 | "Рудничный" шағын маркеті | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 5 |