Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2), 3) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жезқазған қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы | А. Досанов |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 19/160 шешіміне қосымша 1 |
Жезқазған қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, (м3) |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,00 2,20 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,00 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,75 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,79 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,62 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0087 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,71 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,67 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,07 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1отыратын орын | 0,060 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңның 1 м2 | 0,070 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,070 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 0,35 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,27 |
17 | Азық-түлік,өнеркәсіптік, тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үиі: халыққы қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | 0,60 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,50 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,46 |
21 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,4 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автокөлік жанармай станциясы | 1 машина-орын | 2,0 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,10 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар,паркингтер | 1 гаражға | 0,15 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,01 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,85 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,95 |
29 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,41 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,08 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,04 |