Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы" 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1722/39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5900 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы | Ж. Мамерханова |
Шахтинск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 202/20 шешімге 1 қосымша |
|
Шахтинск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымы № 1722/39 шешіміне 1 қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Шахтинск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 202/20 шешімге 2 қосымша |
|
Шахтинск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымы № 1722/39 шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№ | Атауы |
1 | Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері. |
2 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар. |
3 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар. |
4 | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 "Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы" бұйрығы |
5 | Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады. |
6 | Қандастар. |
7 | Толық емес отбасылар жатады. |