Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін .
2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) 2016 жылғы 21 шілдедегі № 7/73 "Абай қаласы, Абай ауданының Топар, Қарабас, Южный кенттері және Құлаайғыр, Агрогородок, Жартас ауылдары бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3938 болып тіркелген);
2) Абай аудандық мәслихатының 7 сессиясының 2016 жылғы 21 шілдедегі №7/73 "Абай қаласы, Абай ауданының Топар, Қарабас, Южный кенттері және Құлаайғыр, Агрогородок, Жартас ауылдары бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 қазандағы № 54/575 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5508 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Сакенов |
Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 22/213 шешіміне қосымша |
Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1есептік бірлікке, м3 |
1 |
Жайлы және | 1 тұрғын |
1,96 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | - |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,06 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,42 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,78 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,002 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,74 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,33 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,82 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,32 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м2 | 0,05 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,06 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,74 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0,25 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,25 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,65 |
18 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,92 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,75 |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,45 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 2,0 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,1 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 1,17 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,01 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,33 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,015 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,41 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | - |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 3,12 |