Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 349 "Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 267 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қыркүйекте № 29491 болып тіркелді

      Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазалы аудандық мәслихатының "Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 349 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5190 болып тіркелген) келесі мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

      15-тармағының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды "Қазалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихат хатшысы Б. ЖАРЫЛҚАП

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады