Қазалы аудандық мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 188 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 298 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30973 болып тіркелді

      Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қазалы аудандық мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 188 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6278 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Қазалы ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 және 506-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 (елу) пайызға арттырылсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихат хатшысы Б. ЖАРЫЛҚАП

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады