Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданы әкімдігінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы" 2019 жылғы 19 қарашасындағы № 22, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6974 болып тіркелген қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қармақшы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | А. Ерсултанов |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 57 қаулысына қосымша |
|
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 22 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№ | Мекен-жай | Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшерлері (теңге) |
1 | Жосалы кенті, Сәндібек Айекенов көшесі № 112, № 114, № 116, № 120, № 124 үйлер | 102,06 |
2 | Жосалы кенті, Мөлтек көшесі № 111, № 119, № 121, № 123 үйлер | 102,06 |
3 | Жосалы кенті, Хамза Жомартов көшесі № 7 үй, № 8 пәтер | 24,77 |
4 | Жосалы кенті, Хамза Жомартов көшесі № 7 үй, № 6 пәтер | 18,90 |
5 | Жосалы кенті, Наурыз көшесі № 21, № 33, № 19А үйлер | 53,64 |
6 | Жосалы кенті, Мұхтар Әуезов көшесі № 39 үй | 53,64 |
7 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі № 18 үй, № 3 пәтер | 13,07 |
8 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі № 37 үй, № 6 пәтер | 25,54 |
9 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі № 19 үй, № 6 пәтер | 29,63 |
10 | Жосалы кенті, Ерназар Сексенбаев көшесі № 21 үй, № 7 пәтер | 35,94 |
11 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі № 19 үй, № 4 пәтер | 16,24 |
12 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі № 21 үй, № 11 пәтер | 16,40 |
13 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі № 1 үй, № 5 пәтер | 18,75 |
14 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі № 22 үй, № 12 пәтер | 18,43 |
15 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі № 26 үй, № 10 пәтер | 22,14 |
16 | Жосалы кенті, Абай Құнанбаев көшесі № 102 үй, № 4 пәтер | 18,66 |
17 | Жосалы кенті, Абай Құнанбаев көшесі № 96 үй, № 5 пәтер | 17,31 |
18 | Жосалы кенті, Ерназар Сексенбаев көшесі № 21 үй, № 4 пәтер | 28,10 |
19 | Жосалы кенті, Қорқыт-ата көшесі № 65 үй, 1 пәтер | 29,30 |
20 | Жосалы кенті, Әлқуат Қайнарбаев көшесі № 17 үй, № 3 пәтер | 7,41 |
21 | Жосалы кенті, Әлқуат Қайнарбаев көшесі № 44А үй | 10,42 |
22 | Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі № 72 үй | 71,64 |
23 | Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі № 58/11 үй | 29,30 |
24 | Жосалы кенті, С.Ысқақов көшесі № 142 үй | 28,0 |
25 | Жосалы кенті, Текей батыр көшесі № 98 үй | 112,24 |
26 | Жосалы кенті, Текей батыр көшесі № 100 үй | 112,24 |
27 | Жосалы кенті, Текей батыр көшесі № 102 үй | 112,57 |
28 | Жосалы кенті, Текей батыр көшесі № 104 үй | 112,57 |
29 | Жосалы кенті, Текей батыр көшесі № 106 үй | 112,0 |
30 | Жосалы кенті, Текей батыр көшесі № 108 үй | 112,0 |
31 | Жосалы кенті, Сәндібек Айекенов көшесі № 7/101 үй | 109,53 |
32 | Жосалы кенті, Сәндібек Айекенов көшесі № 7/103 үй | 109,53 |
33 | Жосалы кенті, Сәндібек Айекенов көшесі № 7/105 үй | 109,21 |
34 | Жосалы кенті, Сәндібек Айекенов көшесі № 7/107 үй | 109,21 |