Ақтау қаласындағы халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 қазандағы № 18/143 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қазанда № 30122 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтау қаласындағы халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы С. Закенов

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2022 жылғы 4 қазандағы
  № 18/143 шешіміне қосымша

Ақтау қаласындағы халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

450

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

324,14

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 текше метр (м3)

1780,47


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады