Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес ШЕШТІМ:
1. "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына, ШТИ-001, КУ-314 электр жабдықтау желісін салу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Тәжен ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,1304 гектар жер учаскесіне 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
С. Кокаев |