Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 "Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"2. Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 3 жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"
3 | Жетібай ауылы | Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы тақта |
".
2. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | К. Беков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы