Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түпқараған ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Меңдіханов |
Түпқараған аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 13 қыркүйектегі | |
№ 16/98 шешіміне қосымша |
Түпқараған ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 260 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 260 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м³ | 3120 |