Рудный қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 169 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 желтоқсанда № 31163 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Рудный қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы С. Байгужин

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 169 шешіміне
  қосымша

Рудный қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтер құны, теңге, (қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

тұрғын/айына

388,43

Жайлы емес үйлер

тұрғын/айына

389,63

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

2 868,42


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады