Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алтынсарин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Б. Есмуханов |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 26 қыркүйектегі | |
№ 107 шешіміне | |
қосымша |
Алтынсарин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,30 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,10 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,70 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 1,31 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,57 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,05 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,70 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,15 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,25 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,30 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,24 |
12 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,55 |
13 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,42 |
14 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,50 |
15 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,90 |
16 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,27 |
17 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,10 |
18 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,30 |
19 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,85 |