Қарабалық ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қаңтарда № 26654 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарабалық ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Р. Халыков

  Қостанай
  облысы Қарабалық
  ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 20 қаңтардағы
  № 2 қаулысына
  қосымша

Қарабалық ауданындағы стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындары

Нақты орналасқан жері

Алып жатқан алаңы, шаршы метр

Жақын Инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

1

Қарабалық кенті, Гагарин көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Грант" дүкеніне қарама-қарсы

125

"Статус" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

2

Қарабалық кенті, Космонавтар көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Барахолка" дүкеніне қарама-қарсы

20

"Ковчег" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

3

Қарабалық кенті, Гагарин көшесінің бойында (сол жақ бөлігі), "Глория" дүкеніне қарама-қарсы

10

"Люкс" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

4

Қарабалық кенті, Ленин көшесінің бойында, "Беркат" сауда үйіне қарама-қарсы

300

"Статус" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

5

Қарабалық кенті, Гагарин көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), Матросов көшесіндегі № 1 тұрғын үйге қарама-қарсы

20

"Мастер" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

6

Бөрлі ауылы, Орталық көшесінің бойында (сол жақ бөлігі), № 15 тұрғын үйге қарама-қарсы

30

"Статус Централный" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

7

Лесное ауылы, Жастар көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Қарабалық ауданының білім беру бөлімінің Есенкөл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

5

"Мерей" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

8

Славенка ауылы, Мир көшесінің бойында, "Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

5

"Муканова
Алмагуль Серикпаевна" жеке кәсіпкер дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

9

Сарыкөл ауылы, Набережная көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Ак-Бидай Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы

20

"Бахыт" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

10

Котлованное ауылы, Целинная көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Ак-Бидай Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы

10

"Постывка Татьяна Борисовна" жеке кәсіпкер дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

11

Целинное ауылы, Орталық көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Қарабалық ауданының білім беру бөлімінің Целинный бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

10

"Духно Наталья Васильевна" жеке кәсіпкер дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

12

Надеждинка ауылы, 12 Апрель көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), № 9 тұрғын үйге қарама-қарсы

20

"Максим" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

13

Тоғызақ ауылы, Садовая көшесінің бойында (сол жақ бөлігі) № 55 тұрғын үйге қарама-қарсы

20

"Центральный" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

14

Михайловка ауылы, Жеңіс алаңы, Михайловка ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратына қарама-қарсы

8

"Саша/Наташа" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

15

Приречное ауылы, Мир алаңы, Приречный ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратына қарама-қарсы

30

"Николаенко Николай Анатольевич" жеке кәсіпкер дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

16

Победа ауылы, Бәйтерек көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Новотроицк-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы

30

"Рахат" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

17

Белоглинка ауылы, Мектеп көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), Белоглинка ауылының ауылдық мәдениет үйі ғимаратына қарама-қарсы

5

"Гаухар" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

18

Научный ауылы, Советская көшесі бойында (оң жақ бөлігі), № 2 тұрғын үйге қарама-қарсы

5

"Максим" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

19

Святославка ауылы, Ш. Валиханов көшесінің бойында (сол жақ бөлігі), № 1 тұрғын үйге қарама-қарсы

5

"Максим" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

20

Новотроицкое ауылы, Трудовая көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Новотроицк-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы

100

"Все для всех"дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

21

Боскөл ауылы, Николаев көшесінің бойында, "Олжа Босколь-Астык" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы

20

"Ласточка" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

22

Смирновка ауылы, Бейбітшілік көшесінің бойында (сол жақ бөлігі), Смирнов ауылдық мәдениет үйі ғимаратына қарама-қарсы

30

"Рудоманова Евгения Сергеевна" жеке кәсіпкер дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

23

Рыбкино ауылы, Сералин көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Рыбкино-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы

30

"Колесников Евгений Петрович" жеке кәсіпкер дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

24

Станционное ауылы, Мир көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), "Қарабалық ауданының білім беру бөлімінің Станциялық жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы

50

"Максим" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

25

Шадықсай ауылы, Центральная көшесінің бойында (оң жақ бөлігі), № 8 тұрғын үйге қарама-қарсы

50

жоқ

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5

26

Приуральское ауылы, Орталық көшесінің бойында (сол жақ бөлігі), "Карабалыкская нефтебаза" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы

50

"Максим" дүкені

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу)

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады