Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3)-тармақшасына, "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) сәйкес, Қарабалық аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қарабалық ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Тюлюбаев |
Қарабалық | |
аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 18 тамыздағы | |
№ 163 қаулысына | |
қосымша |
Қарабалық ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы Құны | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер | 1 түрғын айына | 258,12 |
Жайлы емес үйлер | 1 түрғын айына | 322,65 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 3871,85 |