Ұзынкөл аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 31 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 13 қазандағы № 177 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қазанда № 30233 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 51 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 06.12.2023 № 51 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұзынкөл аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9865 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Заңның 5, 6, 7, 8 - баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, табыстарын есепке алмай, ай сайын екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім) алғаш рет сатып алатын адамдарға оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуға байланысты нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін жартыжылдықта 1 рет 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, білім беру гранттарының иегерлері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, мыналардың ішінен:

      өтiнiш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;

      табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынысы бар, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарды табыстарын есепке алмай;

      5) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      7-тармақтың жана редакцияда жазылсын:

      1) барлық cанаттағы мүгедектігі бар адамдардын, жеделемделуге табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      2) барлық cанаттағы мүгедектігі бар адамдардын, олардың санаторийге және оңалту орталықтарына жол жүрумен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

      3) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

      4) медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық қызмет көрсетуге арналған барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдардын табыстарын есепке алмай, нақты шығындар мөлшерінде 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      5) өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөрiс деңгейi шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттiлiктеріне, 7 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

      6) өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күнi халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретiнде тiркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;

      7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      8) ардагерлерге және Заңның 5, 6, 7, 8 - баптарында көрсетілген басқа да тұлғаларға 9 мамыр - Жеңіс күніне қарай 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кірістерді қоспағанда, келесі санаттарды қоспағанда:

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, табыстарын есепке алмай, 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарға, табыстарын есепке алмай, 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға, табыстарын есепке алмай, 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға, табыстарын есепке алмай, 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне, табыстарын есепке алмай, 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына, табыстарын есепке алмай, 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі белгіленген, әскери, табыстарын есепке алмай, 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі белгіленген бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар, табыстарын есепке алмай, 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға, табыстарын есепке алмай, 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында әрекет еткен жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтар мен халықты қорғау жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы адамдар, осы батальонда, взводта, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедектігі белгіленген, табыстарын есепке алмай, 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, табыстарын есепке алмай, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамдарға немесе жеңілдіктер бойынша, Ұлы Отан соғысы мүгедектігі бар адамдар теңестiрiлген адамның жұбайы (зайыбы), сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қайтыс болған болған қатысушының қайтыс болған және жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын күрескердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың жұбайына (зайыбына), жалпы науқастанудың, еңбек жарақатының және басқа да себептердің салдарынан мүгедектігі бар адамдар "құқыққа қарсы себептерден басқа), қайта некеге тұрмаған, табыстарын есепке алмағанда, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), табыстарын есепке алмай, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысы А. Бараншина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады