Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы "Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" № 338/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 78/1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 сәуірде № 27360 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы "Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" № 338/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6647 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Павлодар облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларында:

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Комиссияның төрағасы болып табылады, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салалық басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері Комиссияның мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.";

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.";

      31-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "31. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия мынадай талаптардың (критерийлердің) біріне сәйкес келген жағдайда айқындайды:

      1) кәсіпкерлік субъектілерінде жалға алу немесе жеке меншік құқығында азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және Павлодар облысының аумағында азық-түлік тауарларын сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымның (қойма құрылыстары, арнайы жабдығы бар үй-жайлар) болуы;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек саудасын жүзеге асыру;

      3) Павлодар облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді және/немесе өсіруді жүзеге асыру.".

      2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. О. Өтешовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады