Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 14 маусымдағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 350/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6425 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы";
көрсетілген шешімінің 1-тармағын жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшiн төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.":
көрсетілген шешімі 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері";
1-тармағының 1-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
" | 1 | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | "; |
1-тармағының 2-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
" | 2 | Азот оксидтері (NOx) | 20 | "; |
1-тармағының 9-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
" | 9 | Көміртегі монооксиді | 0,32 | "; |
4-тармағының 4-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
" | 4 | Оттегіні биологиялық тұтыну | 8 | "; |
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабек-керель (Гбк) үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | ||
1.1 | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар: | ||
1.1.1 | қауіпті қалдықтар | 8,01 | |
1.1.2 | қауіпсіз қалдықтар | 1,06 | |
1.2 | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | ||
1.2.1 | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) | 0,38 | |
1.2.2 | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.2.2.1 | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.2.2.2 | жанасқан таужыныстары | 0,026 | |
1.2.2.3 | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.2.2.4 | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.3 | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.4 | Күл және күл шлактары | 0,66 | |
1.2.5 | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құс саңғырығы | 0,002 | |
1.2.6 | Радиоактивті қалдықтар: | ||
1.2.6.1 | трансуранды | 0,76 | |
1.2.6.2 | альфа-радиоактивті | 0,38 | |
1.2.6.3 | бета-радиоактивті | 0,04 | |
1.2.6.4 | шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |