"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабы, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындары осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Атырау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Атырау қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес айқындалсын.
4. Атырау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 531 "Атырау қаласында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4740 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласының Мәслихат хатшысы | К. Джаумбаев |
Атырау қаласы Мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 143 шешіміне 1 қосымша |
Атырау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Атырау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1. Әбілхайыр хан даңғылы, "Салтанат сарайы" ғимаратының маңы.
2. Сүлеймен Сауырғалиев көшесі №1, "Ретро саябағы".
3. Мұхтар Әуезов даңғылы, 28А, "Мұнайшы" стадионының алдындағы автотұрақ.
4. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:
"Каз Транс Ойл" акционерлік қоғамы Атырау мұнайқұбыры басқармасы ғимаратының алдынан бастап, Нұрғиса Тілендиев көшесі бойымен "Жеңіс" саябағына дейін.
Атырау қаласы Мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 143 шешіміне 2-қосымша |
Атырау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Атырау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
4. Атырау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Әбілхайыр хан даңғылы, "Салтанат сарайы" ғимаратының маңы, шекті толу нормасы 700 адам;
2) Сүлеймен Сауырғалиев көшесі №1, "Ретро саябағы", шекті толу нормасы 500 адам;
3) Мұхтар Әуезов даңғылы, 28А, "Мұнайшы" стадионының алдындағы автотұрақ, шекті толу нормасы 500 адам;
4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: "Каз Транс Ойл" акционерлік қоғамы Атырау мұнайқұбыры басқармасы ғимаратының алдынан бастап, Нұрғиса Тілендиев көшесі бойымен "Жеңіс" саябағына дейін, шекті толу нормасы 300 адам.
5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
9. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Атырау қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Атырау қаласы Мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 143 шешіміне 3-қосымша |
Атырау қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
Атырау қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;
5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
6) магистральдық теміржол желілерінің, магистральдық құбыржолдардың, ұлттық электр желісінің, магистральдық байланыс желілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.