"Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша" Атырау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 143 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 146 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 желтоқсанда № 5242-06 болып тіркелді

      Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері бойынша" Атырау қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 143 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 27694 тізілімінде тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалысы Атырау қаласы Мәслихатының заңдылықты сақтау, құқық қорғау тұрақты комиссиясына (В. Кулмагамбетов) жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласы
Мәслихатының төрағасы
Б. Мурзагалиев

  Атырау қаласы Мәслихатының
2024 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 146 шешіміне қосымшасы
  Атырау қаласы Мәслихатының
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 143 шешіміне 3-қосымша

Атырау қаласында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары

      Атырау қаласының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейді:

      1) Жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыр жолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады