Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Мақат ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақат ауданының әкімі | Ш. Кейкин |
КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық
мәслихатының хатшысы
Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 16 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) алынып тасталды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 15.02.2024 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2) алынып тасталды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 15.02.2024 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3) алынып тасталды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 15.02.2024 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4) алынып тасталды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 15.02.2024 № 22 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ұйым басшысы;
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
7) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
8) психолог;
9) диеталық мейіргер;
10) мейіргер;
11) тәрбиеші.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор);
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) кітапхана бөлімінің меңгерушісі;
4) кітапханашы;
5) суретші;
6) библиограф;
7) әдіскер;
8) көркемдік жетекші;
9) әкімші;
10) барлық атаудағы әдістемеші;
11) музыкалық жетекші;
12) режиссер;
13) режиссердің көмекшісі;
14) қоюшы режиссер;
15) дыбыс режиссері;
16) барлық атаудағы әртісі;
17) дирижер;
18) хореграф;
19) ұжым (үйірме) басшысы;
20) аккомпаниатор-концертмейстер.