"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 22 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 ақпанда № 5136-06 болып тіркелді

      Мақат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 16 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26762 болып тіркелген) төмендегідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасының 1 тармағының 1),2),3),4) тармақшалары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақат ауданының әкімі Р. Ибрагимов

      КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық
мәслихатының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады