"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Жетпісбай |
Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 141 қаулысына қосымша |
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері
№ | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы | Өлшем бірлігі | Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері, теңге | Қолданылу мерзімі |
1 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) | дана | 36,8 | 90 күнтізбелік күн |
2 | Ақ қауданды қырыққабат | килограмм | 187 | 90 күнтізбелік күн |
3 | Ақ қант – құмшекер | килограмм | 430 | 90 күнтізбелік күн |
4 | Сүзбе: майлылығы 5-9% | килограмм | 1955 | 90 күнтізбелік күн |