Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха ауылдық округі Быструха ауылының көшесі қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 28007 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха ауылдық округінің Быструха ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха ауылдық округі Быструха ауылының Киров көшесі Самал көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Быструха ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Быструха ауылдық округі әкімі Н. Канапин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады