Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ауезов кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Әуезов кенті әкімінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 сәуірде № 27795 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ауезов кентінің және Солнечное ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 11 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ауезов кентінің Мира көшесі Мұхаммедсайди Садуақасов көшесі болып қайта аталсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ауезов кенті Солнечное ауылының Геологическая көшесі Жолашар көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әуезов кентінің әкімі Е. Сасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады