БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) мынадай түрлері: ұлттық зерттеу университеттері, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, зерттеу университеттері, университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестірілген (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) ұйымдар ұсынады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ЖЖОКБҰ-дағы басқару органдары олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарай құрылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін директорлар кеңестері және (немесе) байқау кеңестері болып табылады.
ЖЖОКБҰ алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік), кеңестер және басқа да нысандар бола алады.
ЖЖОКБҰ басқару органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ЖЖОКБҰ-ның ішкі ережелерімен регламенттеледі.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. ЖЖОКБҰ персоналын басқару оның кадрлық саясатына сәйкес жүзеге асырылады, ол қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен адам ресурстарын дамыту, рекрутингті, ЖЖОКБҰ қызметкерлерін ЖЖОКБҰ педагогикалық және ғылыми қызметкерлерінің кәсіби өсуіне ынталандыруды қамтитын меритократия қағидаттарына негізделеді.
15. ЖЖОКБҰ жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер кандидатураларына қойылатын талаптарды "Білім туралы" Заңның 43-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау арқылы белгілейді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, ЖЖОКБҰ дәрістердің оқуын "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" ғылыми дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор", дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе "профессор" (бар болған жағдайда), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) қызметінде өтілі кемінде үш жыл немесе бейін бойынша кемінде бес жыл практикалық өтілі бар аға оқытушылармен қамтамасыз етеді.
Дәрістерді оқуға және (немесе) оқу сабақтарының басқа да түрлерін өткізуге кадрлар даярлау бағытының бейініне сәйкес келетін экономика саласында практикалық жұмыс тәжірибесі бар ғылыми қызметкерлер, еңбек сіңірген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері немесе тәжірибелі мамандар тартылуы мүмкін.
ӘАОО-да және Сот төрелігі академиясында дәріс сабақтарын өткізуге, білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік етуге "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 13) тармақшасына және 5-2 бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған мамандар жіберіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. ЖЖОКБҰ өз құрылымын қалыптастырады және бекітеді. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖЖОКБҰ қызметінің барлық бағыттары мен түрлерін қамтиды.
Коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – КеАҚ) нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да академиялық саясат жөніндегі міндеттерді тікелей іске асыратын ЖЖОКБҰ академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімдер қабылдау директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.
ӘАОО құрылымын "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 3-тарауының 19-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес айқындалады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің оқу жүктемесінің нормалары, еңбегіне ақы төлеу нысандары мен мөлшері "Білім туралы" Заңның 52-бабына сәйкес белгіленеді.
Бұл ретте профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесі ЖЖОКБҰ оқу жүктемесінің нормаларын ескере отырып және білім алушылардың жеке оқу жоспарлары, оқу сабақтарының кестелері негізінде айқындалады.
ӘАОО-да қызметкерлердің оқу жүктемесінің нормалары, еңбегіне ақы төлеу нысандары мен мөлшерлері қолданыстағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заңнамаға сәйкес айқындалады.";
24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Білім алушыларды қабылдауды жүзеге асыру үшін ЖЖОКБҰ "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамсыз етеді.
ӘАОО-ға білім алушыларды қабылдау "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Тиісті деңгейдің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдаудың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
ЖЖОКБҰ "Білім туралы" Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6), 10) -тармақшаларына, 44-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес ЖЖОКБҰ Үлгілік қағидаларда, ЖЖОКБҰ ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында көзделген қабылдауды, ауыстыруды және қайта қабылдауды растайтын құжатты тіркей отырып "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде енгізуді қамтамасыз етеді.
ЖЖОКБҰ түлектерге білім туралы құжаттарды бергеннен кейін бір ай ішінде осы деректерді "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде енгізеді.
2021 жылдан бастап ЖЖОКБҰ бітірушілер үшін берілетін білімі туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың серияларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Нөмірлер мен QR кодтарды генерациялау білім беру саласындағы уәкілетті орган ұсынатын арнайы сервис арқылы жүзеге асырылады.
ЖЖОКБҰ берілген білім туралы құжаттар бойынша электрондық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы құжаттардың, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасын (архивін) құрайды.
25. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін және білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын ЖЖОКБҰ бекітеді.
ЖЖОКБҰ білім алушылардың оқу үшін ақы төлеу мөлшері мен ақы төлегендігі туралы мәліметтерді "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде енгізеді.
КеАҚ нысанында құрылған ЖЖОКБҰ-да жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерін бекіту директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.
26. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Қашықтықтан оқытуды және онлайн-оқытуды ұсынатын ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптардың және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген).
ӘАОО-да қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес бекітілген қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстары (курстық, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялар (жобалар) және докторлық диссертациялар) мәтінді пайдалану және басқа тілден аударылған мәтінді пайдаланумен қоса мағынаны (парафраз) өзгертусіз сөйлемдерді және пікірлерді синонимдік ауыстырумен бөтен мәтінді пайдалану (бұдан әрі – бөтен мәтінді пайдалану) нысанына тексеруден өтеді.
Бөтен мәтінді пайдалану нысанына тексерудің қағидаларын ЖЖОКБҰ әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөтен материалды пайдалануды анықтау жүйелерінде тексерілген докторлық диссертациялар Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының базасында сақталады.
Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің жарияланымға ұсынылған ғылыми жұмыстары, сондай-ақ білім алушылардың дипломдық жұмыстары (жобалары), магистрлік диссертациялары (жобалары) қарыз алуды анықтау жүйелерінде тексеру рәсімінен өтеді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. ЖЖОКБҰ осы Қағидалардың нормаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді, бекітеді және сақталуын қамтамасыз етеді.
Білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір ЖЖОКБҰ-дан екіншісіне ауыстыру және қайта қабылдау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, соғыс уақытында, сондай-ақ, оқу еліндегі қарулы, әскери қақтығыстар жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды шетелдік ЖЖОКБҰ-дан ауыстыру және қайта қабылдау оқу жылы ішінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушы қайта қабылдау кезінде оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады немесе қайта қабылданады.
Уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған кезінде, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары уәкілетті орган лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, қайтарып алу және одан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы ерікті түрде тоқтатылған немесе ЖЖОКБҰ таратылған кезінде, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушылары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы ерікті түрде тоқтатылған немесе ЖЖОКБҰ-ны тарату туралы ЖЖОКБҰ ерікті түрде қайтарған күннен бастап ағымдағы семестр ішінде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.
Аккредиттеу тоқтатыла тұрған, қайтарып алынған немесе қолданылу мерзімі өткен кезінде, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, осы ЖЖОКБҰ-ның білім алушысы аккредиттеуді тоқтата тұру, қайтарып алу немесе қолданылу мерзімінің өтуі туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оқуын жалғастыру үшін басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылады.
ЖЖОКБҰ-ның білім алушысы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, оқудан шығарылғаннан кейін ауыстырылады немесе қайта қабылданады.
Білім алушыны ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру "Білім туралы" Заңның 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып, басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысады.
Білім алушының ауысуы кезінде қабылдайтын ЖЖОКБҰ даярлау бағытын, білім беру бағдарламасының бейінін, оқу жетістіктерін, сондай-ақ білім алушының академиялық адалдықты бұзу жағдайларын ескереді.
Білім алушының ауысуы немесе қайта қабылдануы кезінде оқыту нәтижелерін қайта есептеу үшін ЖЖОКБҰ тиісті комиссия құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы бар, сондай-ақ білім беру саласы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, кері қайтарып алу және одан айыру, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы ерікті түрде тоқтатқан немесе ЖЖОКБҰ-ны тарату, аккредиттеудің қолданылуын тоқтата тұру, кері қайтарып алу немесе мерзімі өткен кезінде білім алушылар осы ЖЖОКБҰ-ға ауыстырылмайды.
Жекелеген ЖЖОКБҰ-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде ғана ауысады.
Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын басқа ЖЖОКБҰ-дан ұлттық ЖЖОКБҰ-ға немесе өзге де ЖЖОКБҰ-ға ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылықты қосымша төлеу шартымен жүзеге асырылады.
Білім алушының шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобынан басқа білім беру бағдарламаларының тобына ауысуы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
Білім алушыны жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының басқа топтарынан педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына ауыстыру Үлгілік қағидаларға сәйкес балы белгіленген шекті балдан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты болған кезде жүзеге асырылады.
Шетелдік ЖЖОКБҰ-лардан білім алушылардың ауысуы білім берудің тиісті деңгейі, білім беру саласы және қабылдау жылы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан және (немесе) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің білім беру саласы бойынша аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖЖОКБҰ-да жүзеге асырылады.
ЖЖОКБҰ білім алушыларды ауыстыру, оқудан шығару, қабылдау туралы шешім шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді.
ӘАОО-ларда білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидалары "Білім туралы" Заңның 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарын және ӘАОО-ны қоспағанда, уәкілетті орган білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны тоқтата тұру, кері қайтарып алу және одан айыру, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы ерікті түрде тоқтату немесе ЖЖОКБҰ-ны тарату, аккредиттеуді тоқтата тұру, кері қайтарып алу немесе оның қолданылу мерзімі аяқталуы туралы шешім қабылдаған кезінде білім алушыларды міндетті түрде хабардар ете отырып ЖЖОКБҰ ресми сайтында тиісті ақпаратты орналастырады.
Бұл ретте ақпарат ЖЖОКБҰ ресми веб-ресурсының басты бетінде орналастырылады. Ақпарат сайт (header) (хэдер) тақырыбының үстінде, қаріп өлшемі кемінде 20 пиксель (px), шрифт - қалың, жаңалықтар блогында (негізгі бетте бар болса) орналастырылады. Ақпарат тізімнің бірінші орнында жарияланады және жаңа жаңалықтар қосылғанда төмен жылжымайды.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ЖЖОКБҰ еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG-исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін құрады және сақталуын қамтамасыз етеді, ол мыналарды қамтиды:
1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;
2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;
3) студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;
4) білім алушыларды қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;
5) оқытушылар құрамы;
6) оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;
7) ақпаратты басқару;
8) жұртшылықты хабардар ету;
9) тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;
10) сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.
Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ факультетінің (мектептің) базасында білім беру бағдарламаларының мазмұны және оларды іске асыру жағдайы бойынша, бағалау саясаты және факультеттің (мектептің) өзге де академиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын (комитет, комиссия), білім беру бағдарламалары және (немесе) пәндер/модульдер сапасының сәйкес келуіне, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің болуына білім алушылар арасында сауалнама ұйымдастыратын академиялық сапа жөніндегі кеңес құрылады.
Академиялық сапа жөніндегі кеңестің (комитеттің, комиссияның) құрамына оқытушылар, білім алушылар, ЖЖОКБҰ әкімшілік-басқару персоналының өкілдері кіреді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. ЖЖОКБҰ мыналарды қамтитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасайды және олардың сақталуын қамтамасыз етеді: онсыз ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін емес оқытудың арнайы әдістері, техникалық, оқу құралдары, тіршілік ортасы, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтері.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін ЖЖОКБҰ өзінің академиялық саясатына және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шкаласына және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша айқындайды және сақтайды.
Бұл ретте ЖЖОКБҰ білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау, сабаққа қатысуы туралы мәліметтерді "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Тілдер бойынша (қазақ, шет тілі, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS (иситиэс) дәстүрлі бағалар шкаласына сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
Тілді меңгеру деңгейі шет тілді меңгерудің жалпыеуропалық құзыретіне (бұдан әрі - ЖЕҚ) (А1, А2, В1, В2, С1, С2) сәйкес болады.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің (қорытынды аттестациядан басқа) басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ қорытынды аттестацияны А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген бітірушілердің тізімі, ӘАОО-ны қоспағанда, олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), білім беру бағдарламасы және берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесіне орналастырылады.";
60, 61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық басылымдарды қамтиды.
61. ЖЖОКБҰ білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің (веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру орта) және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернетке қосылған тармақталған компьютерлік желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ ақпараттық жүйелерін "Ұлттық білім беру қоры" ақпараттық жүйемен интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, ЖЖОКБҰ-ның басшысы білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік деректер нысандарын толтырудың толықтығын, нақтылығын және уақтылығын қамтамасыз етеді.
Сот төрелігі академиясын және ӘАОО-ны қоспағанда, ЖЖОКБҰ жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті жылдағы қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері бар ақпаратты ЖЖОКБҰ сайтында орналастырады.
62. Мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен ЖЖОКБҰ үшін шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі меншікті материалдық активтермен ЖЖОКБҰ кемінде 5% қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы |
Т. Ешенкулов |