Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 31788 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13264 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін айқындайды.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Межелік бақылау үшін оқу-әдістемелік басқарма осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы үлгерім ведомосын ресімдейді.

      10. АҮБ негізінде оқу-әдістемелік басқарма жіберу рейтингісінің бағасын (бұдан әрі – ЖРБ) шығарады. Ағымдағы үлгерім бағасына бөлінген балдар 50 %-да 50 % арақатынаста бөлінеді.

      АҮБ1+ АҮБ2 = ЖРБ

      мұнда, АҮБ1 – 1-ші межелік бақылау бойынша пәннің бағасы;

      АҮБ2 – 2-ші межелік бақылау бойынша пәннің бағасы.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Білім алушы жаттығуларды іс жүзінде орындағаны үшін қолданыстағы курстардың (оқ ату, жауынгерлік машинаны жүргізу, нақты бағыттау, ұшуды басқару) талаптарына сәйкес бағаланады. Бұл ретте дәстүрлі бағаны оқудағы жетістікті бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесіне ауыстыру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      Әскери тағылымдаманы өткізу (қорғау) кезінде практикалық дағдылардың бағасы осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау ведомосында көрсетіледі.

      Білім алушы тағылымдама (практика) бағдарламасын сапалы пысықтау туралы жалпы теріс қорытынды немесе есеп беруді қорғау кезінде "F", "FX" (қанағаттанарлықсыз) баға алған кезде тағылымдама (практика) білім алушының демалысы есебінен (бітіруші курстың соңғы семестрінен басқа) ӘОО-ның оқу процесін қамтамасыз ету бөлімшелерінде (бөлімдерінде) кемінде екі апта ішінде қайта өткізіледі.

      Бітіруші курстың курсанттары (ұландары, кадеттері) тағылымдаманы (практиканы) қорғауда "F", "FX" (қанағаттанарлықсыз) баға алғаннан кейін әскери тағылымдаманы (практиканы) аралық аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей, ӘОО бөлімшелерінде ұзақтығы күнтізбелік 15 күн болатын өзіндік жұмысының уақыты есебінен қайта өтеді.

      Қосымша тағылымдамадан (практикадан) кейін есеп беруді қорғау қайта өткізіледі. "F", "FX" (қанағаттанарлықсыз) бағаны қайта алған жағдайда оқу (педагогикалық) кеңесінің шешімі бойынша білім алушы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15634 болып тіркелген) сәйкес үлгермеушілігі бойынша ӘОО-дан шығарылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Емтихан сессиясын ұйымдастыру оқу-әдістемелік басқармаға жүктеледі.";

      20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Оқу-әдістемелік басқарма өткізу нысанын ескере отырып, факультеттермен (кафедралармен, циклдермен) бірлесіп, емтихандар кестесін жасайды, оны әскери оқу орны бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары бекітеді және білім алушылар мен оқытушыларға емтихан сессиясы басталғанға дейін кешіктірмей екі апта бұрын жеткізіледі.

      21. Емтиханды осы пәннен сабақ беретін оқытушы – емтихан қабылдаушы қабылдайды. Ол болмаған кезде тиісті бейіннің оқытушысы тағайындалады.

      Пән (модуль) бойынша емтихандыосы пәнді (модульді) жүргізетін оқытушылар қатарынан комиссия қабылдайды.";

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ауызша емтихан уақытында білім алушыларға силлабусқа сәйкес әскери техниканы немесе макет түріндегі оның шартты суретін, модельдерді, тренажерларды, қондырғыларды, стенділерді, карталарды, кестелерді, плакаттарды пайдалануға жол беріледі.

      Емтиханда рұқсат етілмеген қосалқы материалдарды пайдаланған білім алушы емтиханнан шығарып жіберіледі және оған "қанағаттанарлықсыз" деген баға қойылады.

      28. Оқу-әдістемелік басқарма емтихан қабылдаушыға емтиханға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пәнге арналған тіркелген бағалау ведомосын береді.

      29. Пәнге арналған бағалау ведомосы оқу тобына немесе білім алушылар взводына бір данада жасалады және оған оқу-әдістемелік басқарманың бастығы қол қояды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Емтихан қабылдаушы әрбір білім алушының пән бойынша бағасын есептейді, оны оқу-әдістемелік басқарма транскриптке енгізеді. Егер оқу пәні бойынша бірнеше емтихан өткізілсе, онда емтихан сессиялары кезеңінде алынған пәннің барлық бағасының дөңгелектенген орташа мәні транскриптке енгізіледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Межелік бақылауды қайта тапсыру академиялық кезең ішінде аралық аттестаттау басталғанға дейін жүзеге асырылады.

      Қашықтан оқыту бойынша білім алатын адамдар үшін межелік бақылауды қашықтан тапсыру мүмкін болмаған жағдайда аралық аттестаттауға келген кезде тапсыруға (қайта тапсыруға) жол беріледі.

      Жіберу рейтингісінің бағасы 50 балдан төмен болған кезде оқу-әдістемелік басқарма қайта тапсырудың жеке кестесін жасайды.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Апелляция нәтижесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пән үшін баға ведомосына тіркелетін хаттамамен ресімделеді. Хаттама негізінде оқу-әдістемелік басқарма пән үшін қорытынды бағалар ведомосына өзгерістер енгізеді.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу тәртібі";

      45, 46, 47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеге сәйкес емтихан сессиясы кезеңінде сол академиялық кезеңде өткізіледі.

      46. Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен ЖӘОО бастығының орынбасарлары қатарынан ағымдағы оқу жылының 1 қарашасынан кешіктірілмей тағайындалады.

      47. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін ЖӘОО ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей күнтізбелік бір жыл мерзімге Мемлекеттік емтихан комиссиясын құрады.

      48. "Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан (бұдан әрі – ҚТ МЕ) кестесін оқу-әдістемелік басқарма жасайды және оны мемлекеттік емтихан басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей ЖӘОО бастығы бекітеді.";

      50, 51, 52, 53, 54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Мемлекеттік емтихан комиссиясының отырыстары осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір білім алушыға хаттамамен ресімделеді.

      51. Мемлекеттік емтихан комиссиясының отырысы хаттамаларының бланкілері жеке іске тігіледі, нөмірленеді, бауланады және ҚТ МЕ басталғанға дейін мөрмен бекітіледі.

      52. ҚТ МЕ-ні дәлелді себептермен тапсырмаған білім алушыларға мемлекеттік емтихан комиссиясы төрағасының шешімімен жеке кесте жасалады.

      53. ҚТ МЕ-ге жіберу үшін білім алушы жіберу рейтингісі бағасының кемінде 50 балын жинайды. "Қазақстан тарихы" пәні үшін баға 100 балдық меже бойынша бағаланады.

      54. ҚТ МЕ-ні қайта тапсыруға жол берілмейді. Егер білім алушы ҚТ МЕ үшін 50 балдан төмен алса, ол оқудан шығарылуға жатады.

      55. ҚТ МЕ-ні тапсыру нәтижесі оны тапсыру көзделген емтихан сессиясының қорытындысын шығару кезінде ескеріледі.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін әскери бөлімдер мен мекемелердің өкілдері әрбір аттестаттау комиссиясының төрағасы және бір мүшесі болып табылады. Бірнеше аттестаттау комиссиясы құрамына бір адамды тағайындауға жол беріледі.";

      60, 61, 62, 63 және 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Кадеттерді қорытынды аттестаттау жұмыс оқу жоспарында және академиялық күнтізбеде көзделген мерзімде өткізіледі. Қорытынды аттестаттауды ЖОО бастығының бұйрығымен расталған науқастануы бойынша, іссапарға кетуіне, отбасы жағдайы бойынша демалысқа шығуына, жарыстарға, олимпиадаларға қатысуына байланысты курспен бірге өтпеген кадеттерге аттестаттау комиссиясы төрағасының шешімімен қорытынды аттестаттауды жеке график бойынша тапсыруға жол беріледі.

      61. Оқу-әдістемелік басқарма аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

      кадеттерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы Әскери колледж бастығының бұйрығынан үзіндіні;

      жұмыс оқу жоспарының пәндері бойынша пәннің бағасын;

      кәсіптік практика мен тағылымдама үшін бағаны;

      оқу бағдарламасына сәйкес қорытынды емтихандарға шығарылатын сұрақтар тізбесін;

      Әскери колледж бастығы бекіткен және қол қойған емтихан билеттерінің жиынтығын.

      62. Кадеттерді қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтиханды тапсыружәне дене шынықтыру дайындығы пәні бойынша емтихан тапсыру нысанында өткізіледі.

      63. Кешенді емтихан және дене шынықтыру дайындығы пәні бойынша емтихан тиісті циклдер әзірлеген, педагогикалық кеңесте қаралған, тапсырыс берушімен келісілген және Әскери колледж бастығы бекіткен бағдарламалар бойынша өткізіледі.

      64. Кешенді емтихан және дене шынықтыру дайындығы пәні бойынша емтиханды өткізу нысаны мен пәндер тізбесін педагогикалық кеңес айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:

      "64-1.Кешенді емтиханның және дене шынықтыру дайындығы пәні бойынша емтихан билеттері оқу бағдарламалары негізінде жасалады, бұл ретте емтихан билеттері жиынтығының саны оқу топтарының санына сәйкес келуге тиіс. Әрбір емтихан билеті 3-5 сұрақтан тұрады, оның 1-2 сұрағы практикалық болып табылады. Емтихан билеттерініңбір жиынтығында сұрақтар қайталанбайды.Бір жиынтықтағы емтихан билеттерінің саны топтағы білім алушылар санынан кемінде 20 %-ға артық болады.

      Кадеттерге мәлімет үшін емтихан билетінің мазмұны алдын ала берілмейді, оларды екінші рет қолдануға жол берілмейді.";

      65, 66 және 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Дайындалуға және жауап беруге уақыт емтихан бағдарламаларымен айқындалады.

      66. Емтихан бойынша 50 балдан төмен алған кадеттер аттестаттау комиссиясы төрағасының шешімімен бір рет жеке график бойынша қайта тапсыруға жіберіледі.

      67. 50 балдан төмен алған кадетке емтиханды қайта тапсырған кезде "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) нысан бойынша оқытудың толық курсын бітіргені туралы анықтама беріледі.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Жұмыс оқу жоспарының барлық пәнінің кемінде 75 %-ы бойынша емтихандарды "А", "А–"деген бағамен, ал қалған пәндер бойынша "В+", "В", "В-" деген бағамен тапсырған кадеттерге аттестаттау комиссиясының шешімімен үздік диплом беріледі. Үздіктердің фотосуреттері Әскери колледждің Құрмет тақтасына ілінеді. Әскери колледжді үздік бітірген бітірушілер қызмет орнын таңдауға құқылы немесе қабылдау жоспарына сәйкес қабылдау емтихандарын тапсырмай ЖӘОО-ға ұқсас мамандыққа оқуға қабылданады.";

      70-тармақ алып тасталсын;

      76 және 77-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Курсанттарды қорытынды аттестаттау жұмыс оқу жоспарында белгіленген нысандар бойынша жүргізіледі. Қорытынды аттестаттаудың ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбемен айқындалады. Қорытынды аттестаттаудан ӘОО бастығының бұйрығымен расталған науқастануы бойынша, іссапарға кетуіне, отбасы жағдайы бойынша демалысқа шығуына, жарыстарға, олимпиадаларға қатысуына байланысты курспен бірге өтпеген курсанттарға МАК төрағасының шешімі негізінде жеке кесте бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жол беріледі.

      77. Курсанттар кешенді емтихандар тапсырады, дипломдық жұмысты (жобаны) қорғайды және "Дене шынықтыру дайындығы" пәні бойынша не кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру нысанында емтихан, екі базалық және бейінді пән бойынша мемлекеттік емтихан және "Дене шынықтыру дайындығы" пәні бойынша емтихан тапсырады.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Оқу-әдістемелік басқарма МАК-қа мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) курсанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы ЖӘОО бастығының бұйрығынан үзіндіні;

      2) жұмыс оқу жоспарының пәндері бойынша пәннің бағасын;

      3) кәсіптік практика мен әскери тағылымдама үшін бағаны;

      4) кешенді мемлекеттік емтихан мен мемлекеттік емтиханға шығарылатын сұрақтар тізбесін;

      5) ЖӘОО бастығы бекіткен емтихан билеттерінің жиынтықтарын;

      6) кешенді мемлекеттік емтихан мен мемлекеттік емтиханда пайдалану үшін көрнекі құралдар мен анықтамалық сипаттағы материалдар тізбесін ұсынады.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Оқу-әдістемелік басқарма МАК жұмысының кестесін жасайды, оны ЖӘОО бастығы бекітеді және ол МАК жұмысы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей жалпы мәліметке жеткізіледі.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Оқу-әдістемелік басқарма МАК-қа мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) магистранттарды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрықтан үзіндіні;

      2) транскрипті;

      3) кешенді мемлекеттік емтихан материалдарын (Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы бекіткен және тиісті кафедра бастығы қол қойған бағдарлама, сұрақтар тізбесі, емтихан билеттері) ұсынады.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. МАК жұмысының кестесін оқу-әдістемелік басқарма жасайды, оны Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы бекітеді және МАК жұмысы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей жалпы мәліметке жеткізіледі.";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Бірінші семестр ішінде оқуға қабылданғаннан кейін әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға (жобаға) басшылық жасау үшін ғылыми жетекші тағайындалады. Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы оқу кеңесінің шешімі негізінде Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      Магистранттың ғылыми жетекшісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 30-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) тағайындалады.

      Магистрлік диссертациялардың (жобалардың) тақырыптары тапсырыс берушімен келісіледі. Алдын ала қорғаудан өткеннен кейін магистрлік диссертация (жоба) тақырыбын нақтылауға жол беріледі.";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұнына және ресімделуіне, оны дайындауға және қорғауға қойылатын талаптарды Ұлттық қорғаныс университеті дербес айқындайды.

      Магистрлік диссертация (жоба) міндетті түрде плагиат мәніне тексеріледі.";

      145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға "магистр" дәрежесі беріледі және қосымшасымен (транскрипт) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом беріледі.

      Барлық емтихан мен қорғауда "А", "А–" бағасын алған, барлық оқу кезеңі үшін орташа үлгерім балы 3,67-ден төмен емес және барлық оқу кезеңі үшін емтихандарды қайта тапсырмаған, қорытынды аттестаттауды "А", "А–" бағасына тапсырған магистранттарға МАК шешімімен мемлекеттік үлгідегі үздік диплом беріледі. Үздіктердің тектері ӘОО Құрмет тақтасына енгізіледі.".

      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Орындалған магистрлік диссертацияның (жобаның) іс жүзіндегі және ғылыми құндылығын сипаттайтын, бірақ оған кірмеген басқа материалдар қорғауға дейін күнтізбелік 2-3 күннен кешіктірілмей алдын ала зерделеу үшін МАК-тың кіші комиссиясына ұсынылады. Мұндай материалдарға: баспа мақалалары, өнертабыс туралы куәлік, магистрлік диссертацияның (жобаның) іс жүзінде қолданылуын көрсететін, соның ішінде магистрант әскери тағылымдамадан (практикадан) өткен әскери бөлімнен (мекемеден) құжаттар, сондай-ақ әртүрлі схемалар, макеттер, слайдтар және т.б. жатады.".

      2. "Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13294 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ЖӘОО және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде (бұдан әрі – Әскери колледж) оқулық басылымы мен оқу-әдістемелік кешенді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларны мониторингтеу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 12), 13) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) ЖӘОО ғылыми кеңесі – ЖӘОО ғылыми қызметінің мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;

      14) ЖӘОО факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясы – ЖӘОО факультеті оқу-әдістемелік қызметінің мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;

      15) педагогикалық кеңес – Әскери колледж оқу-тәрбие және әдістемелік қызметінің мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оқулық басылымдарын мониторингтеу негізінде ЖӘОО кафедрасының бастығы (бұдан әрі – кафедра бастығы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу жылына арналған оқулық басылымдарын әзірлеуге және/немесе толық пысықтауға өтінім жасайды және оқу жылы басталғанға дейін бір ай бұрын ЖӘОО-ның оқу-әдістемелік басқармасына ұсынады.

      4. Оқу-әдістемелік басқарма кафедра бастықтарының өтінімдері негізінде оқу-әдістемелік кеңес отырысында қаралатын және оқу жылы басталғанға дейін ӘОО-ның бастығы бекітетін оқулық басылымының атауын, кафедраны, авторды (авторлық ұжымды), көлемін, таралымын, орындау мерзімін көрсете отырып, Оқу жылына арналған ӘОО оқулық басылымдарын басып шығару жоспарын әзірлейді.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Автор кафедра (цикл) отырысында оқулық басылымын таныстырады, кафедра (цикл) бастығы пікірлерді оқиды. Көрсетілген таныстыруды және пікірлерді ескере отырып, кафедра (цикл) оң немесе теріс қорытынды шығарады, ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кафедра (цикл) отырысының хаттамасында көрсетіледі.

      Оң қорытынды болған жағдайда оқулық басылымының қолжазбасы үш данада кафедра (цикл) отырысы хаттамасынан үзіндімен бірге ЖӘОО факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясына, ал ол болмаған жағдайда кафедра (цикл) отырысына жолданады.

      Теріс қорытынды болған жағдайда авторға толық пысықтау үшін бір айдан артық емес уақыт беріледі, одан кейін осы оқулық басылымының қолжазбасы қарау үшін кафедраның (циклдің) отырысына қайта шығарылады.

      13. ЖӘОО факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясы оқулық басылымының қолжазбасын және кафедра отырысы хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін үш рецензентті айқындайды, ал ЖӘОО факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясы болмаған жағдайда, рецензенттер кафедра (цикл) отырысында тағайындалады, олар:

      1) ӘОО басқа кафедрасының немесе құрылымдық бөлімшесінің өкілі;

      2) басқа ЖӘОО тектес кафедрасының немесе құрылымдық бөлімшесінің (ғылыми мекемесінің) өкілі;

      3) оны дайындау шеңберінде оқулық басылымының қолжазбасы әзірленген мамандық бойынша жұмыс берушінің өкілі болып табылады.

      ЖӘОО факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының (кафедра, цикл отырысының) шешімі бойынша қосымша рецензенттер тағайындалады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ЖӘОО факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында (кафедралар, циклдер отырысында) автор оқулық басылымын таныстырады, ЖӘОО факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының төрағасы (кафедра, цикл бастығы) рецензенттердің пікірін оқиды. Ұсынылған таныстыруды және рецензенттердің пікірін ескере отырып, ЖӘОО факультетінің (кафедраның, циклдің) оқу-әдістемелік комиссиясы оң немесе теріс қорытынды шығарады.

      Оң қорытынды болған жағдайда оқулық басылымының қолжазбасы үш данада ЖӘОО факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясы отырысының хаттамасынан үзіндімен (кафедра, цикл отырысынан көшірмемен) және рецензиялармен бірге ЖӘОО ғылыми кеңесінің отырысына жолданады.

      Теріс қорытынды болған жағдайда авторға толық пысықтауға бір айдан артық емес уақыт беріледі, содан кейін осы оқулық басылымының қолжазбасы жаңа рецензенттерді тағайындау мүмкіндігімен ЖӘОО факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысына (кафедраның, циклдің отырысына) қайта шығарылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Сараптау комиссиясының төрағасы ЖӘОО ғылыми кеңесінің отырысында сараптау нәтижесі бойынша баяндайды.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің оң шешімі негізінде тиісті материалдармен бірге (әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше қорытындысы, рецензиялар) оқулық қолжазбасы баспа және электрондық түрде ЖӘОО баспаханасына (редакциялық-баспа бөліміне) немесе Әскери колледждің оқу-әдістемелік басқармасына жолданады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Мониторинг нәтижесі бойынша кафедра (цикл) бастығы

      оқу-әдістемелік басқармаға ұсынатын оқулық басылымдарына және оқу-әдістемелік кешенге мониторингке есеп беруді жасайды.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Кафедра (цикл) бастығы қажетті әдебиетті сатып алуға өтінім жасайды және одан әрі оларды іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын оқу-әдістемелік басқармаға оны ұсынады.".

      3. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту тәртібін айқындайды.

      Әскери оқу орындарында білім беру бағдарламалары мен мамандықтарға байланысты мынадай кәсіптік практика түрлері ұйымдастырылады: оқу, өндірістік, дипломалды, педагогикалық, зерттеу және тағылымдама.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім алушылар – әскери оқу орнында техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімі мен мазмұны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелді) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – БМЖС) талаптарына сәйкес академиялық күнтізбеге сәйкес айқындалады.

      4. Практика көлемі мен еңбек сыйымдылығы БМЖС талаптарына сәйкес есептеледі, практика саны мен ұзақтығын әскери, арнайы оқу орны жұмыс оқу жоспарларына сәйкес дербес белгілейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Білім алушылар әскери тәртіпті, күн тәртібін өрескел бұзуға жол берген жағдайда практика жетекшілері ӘОО бастығымен келісу бойынша білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуін тоқтатады және оларды ӘОО-ға "F", "FX" (қанағаттанарлықсыз) бағасын қоюмен жолдайды.";

      мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Қашықтан оқыту нысанында білім алумен қатар жұмыс істейтін адамдар, егер олардың көрсетілген ұйымдарда жүзеге асыратын кәсіптік қызметі практиканың мазмұны мен жоспарланатын нәтижесінің талаптарына сәйкес келетін болса, педагогикалық (зерттеу) практикасын және тағылымдаманы жұмыс істейтін орны бойынша ұйымдарда өтеді. Бұл ретте практиканы өту орнын дербес таңдауға жол беріледі. Практикадан өту мерзімін Университет жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес белгілейді.

      15-2. Жұмыс орны бойынша өтетін практикаға жетекшілік ету үшін университеттің бітіретін кафедрасының профессор-оқытушы құрамына жататын адамдар қатарынан практика жетекшісі және практика өтетін ұйымның қызметкерлері қатарынан практика жетекшісі тағайындалады.

      15-3. Кәсіптік практикадан өту үшін білім алушы кафедрадан жеке тапсырма және практика күнделігін алады.

      15-4. Білім алушы кәсіптік практиканы аяқтағаннан кейін ұйымның практика жетекшісі жасаған және университеттен жетекшімен келісілген практикадан өту туралы пікір ұсынады.

      15-5. Практика бағдарламасын дәлелсіз себеппен орындамаған немесе оның қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар академиялық берешегі бар болып саналады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Кәсіптік практика қорытындысы бойынша білім алушы тиісті кафедраға (циклге) әскери бөлім мен мекеменің практика жетекшісі берген практика бойынша есеп беруді және пікірді ұсынады.

      Практика бойынша есепті ӘОО-дан практика жетекшісі тексереді және комиссияның алдында қорғалады.

      Комиссия құрамына ӘОО-дан практика жетекшісі, бітіретін кафедраның (циклдің) профессор-оқытушы құрамы кіреді. Комиссия құрамына сонымен қатар әскери бөлімдердің және мекемелердің командирлері кіреді.

      Комиссия төрағасы бітіретін кафедра (цикл) бастықтарының қатарынан сайланады. Комиссия құрамы 5 адамнан артық еместі құрайды.

      Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен комиссия мүшелерінің кемінде екіден/үш бөлігі дауыс берген кезде қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Кәсіптік практика бойынша қорытынды баға әскери бөлімнен және мекемеден кәсіптік практика жетекшісінің бағасы ескеріле отырып қойылады, оның қорытынды бағадан үлес салмағы 60 %-ды және ӘОО-дан практика жетекшісінің ұсынған есеп беруін қорғау бойынша бағаның 40%-ын құрайды.

      Есеп беруді қорғау нәтижесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген балдық-рейтингілік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

      Кәсіптік практика бойынша есеп беруді қорғау қорытындысы қорытынды бақылау ведомосына енгізіледі.

      Кәсіптік практика қорытындысы ӘОО-ның тиісті факультеттерінде, кафедраларында (циклдерде) талқыланады. ӘОО-ның оқу-әдістемелік кеңесінде практиканың жалпы қорытындысы шығарылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады