БҰЙЫРАМЫН:
1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.
Өткен жылдардың төленбеген міндеттемелері бюджетте міндеттемелерден бос қаражат болған жағдайда, ағымдағы жылдың қаражаты есебінен төленеді.";
7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қаржы институттары – Қазақстанның даму банкі, екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды қазақстандық қаржы институттары арқылы жүргізетін шетелдік және халықаралық қаржы институттары, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;
8) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) – қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг беруге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес қызметті жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);
9) қарыз шарты – талаптары бойынша қаржы институты кредит/лизинг беретін қаржы институты мен қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) арасында жасалған шарт, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттарында жасалған шарт;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) сыйақы мөлшерлемесі – қарызды пайдаланғаны үшін қаржы институтына тиесілі пайыздық мәндегі төлем, оның ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттарында жасалған қарыз шарты бойынша қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейтін кірістілік мөлшерлемесі;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) ұсыныс – қарыз алушы мен қаржы институтының субсидиялау шартын жасасуға арналған, осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта қол қойылған не электрондық түрде электрондық цифрлық қолтаңба қойылған бірлескен ұсынысы;";
4, 5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:
1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған;
2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған;
3) көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1), 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) пайыздың (бұдан әрі – %) теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.
Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1), 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) % және қарыз алушының теңгемен төлеген 6 (алты) % сомасы арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі субсидияланады.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтарға дейін жасалған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан аспайтын қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:
1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) арналған сыйақы мөлшерлемелерін төмендетуді көздейтін мынадай нормативтер бойынша:
теңгемен жылдық 10 (он) пайызға (бұдан әрі – %);
2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:
теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға;
3) көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету көзделеді:
теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға.
2021 жылғы 4 желтоқсанға дейін жасалған қолданыстағы субсидиялау шарттары бойынша ресей рублімен және өзге валютамен берілген қарыз шарттары шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін ресей рублімен жылдық 4 (төрт) %-дан, өзге валютамен жылдық 3 (үш) %-дан төмендетуге жол берілмейді.";
5. 2022 жылғы 26 шілдеге дейін жасалған және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі) шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жүзеге асырылады:
1) сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға төмендете отырып, инвестициялық мақсаттарға арналған, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайды;
2) сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, айналым қаражатын толықтыруға арналған, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды;
3) сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, көктемгі дала және (немесе) егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 1 (бір) жылдан аспайды.
Осы тармақтың 2) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Осы тармақтың шеңберінде қаржы институттары Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне қосымшаға сәйкес азық-түлік тауарлары бөлімінде көрсетілген басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг беруге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес берген қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялануы тиіс.
Осы тармақтың шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстанның Даму банкінің синдикатталған кредиттері жатады.
5-1. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау жүзеге асырылады:
1) Қазақстанның Даму банкі мыналарға берген қарыздар бойынша:
сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 5 (бес) %-ға төмендете отырып, инвестициялық мақсаттарға арналған, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайды;
сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 5 (бес) %-ға төмендете отырып, айналым қаражатын толықтыруға арналған, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды;
2) "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамының мыналарға берген қарыздары бойынша:
сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 5,5 (бес бүтін оннан бес) %-ға төмендете отырып, инвестициялық мақсаттарға арналған, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайды;
сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 5,5 (бес бүтін оннан бес) %-ға төмендете отырып, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.
Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық 6 (алты) %-дан төмен төмендетуге жол берілмейді.";
мынадай мазмұндағы 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:
"5-2. 2022 жылғы 26 шілдеден кейін жасалған және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:
1) ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайтын субсидиялау мерзімімен инвестициялық мақсаттарға;
2) ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын субсидиялау мерзімімен айналым қаражатын толықтыруға;
3) ұзарту құқығынсыз 1 (бір) жылдан аспайтын субсидиялау мерзімімен көктемгі дала және (немесе) егін жинау жұмыстарын жүргізуге.
Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1), 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 4,5 (төрт бүтін оннан бес) % теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады, оның ішінде 7 (жеті) %-ын қарыз алушы төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Осы тармақ шеңберінде Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне қосымшаға сәйкес "азық-түлік тауарлары" бөлімінде көрсетілген басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг беруге арналған тауарлар тізбесіне сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялануы тиіс.
Осы тармақ шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстанның Даму банкінің синдикатталған кредиттері жатады.
Осы тармақ шеңберінде санкциялар қолданылатын қаржы институтары бұрын мақұлдаған/берген және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қарыз шарттары да субсидиялауға жатады.
Бұл ретте қайта қаржыландыру қаржы инстититуттарының меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.
5-3. Қаржы институттары бұрын осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға берген кредитті/лизингті қайта қаржыландыруға бағытталған қарыз шарттары қарыз шарты жасалған күннен бастап субсидиялауға ұсыныс бергенге дейінгі мерзімді шектеусіз субсидиялауға жатады.
Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) мақұлдауын алған қарыз шарттары қайта қаржыландыру жүзеге асырылған қаржы институты қол қойылған субсидиялау шартында көрсетілген субсидиялау мерзімін ұзартпай және субсидиялардың бұрын мақұлданған сомасын ұлғайтпай, басқа қаржы институттарында бұрын мақұлданған субсидиялау талаптарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұсыныс берілген күні қолданыста болатын және ұсыныс берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан аспайтын уақыт бұрын жасалған қарыз шарттары субсидиялануы тиіс.
Субсидиялануын тоқтату туралы шешім қабылданған қарыз шарты бағдарламаға 1 (бір) реттен асырмай қайта қатысуға жіберіледі.
Бағдарламаға қайта қатысатын қарыз шарттары бойынша субсидиялау бұрын жойылған субсидиялау шартында көрсетілген, Осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының төртінші бөлігінде және 12-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсынысты мақұлдау туралы шешім қабылдаған күннен басталған кезең үшін бұрын мақұлданған субсидиялар сомасын ұлғайтпай, 4 (төрт) жыл мерзім бойынша талапты қоспай, субсидиялау нормативтері, мерзімдері бөлігінде бұрынғы талаптармен қарыз алушы қайта қатысуға ұсынысты берген күннен бастап қалпына келтіріледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) қаржы институтының осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтінім беруі.
Субсидиялау шарты электрондық түрде жасалған жағдайда, қаржы институты субсидиялауға арналған өтінімді электрондық түрде береді.
Егер субсидиялау шарты қағаз түрінде жасалған және электрондық форматқа көшірілмеген жағдайда, қаржы институты субсидиялауға арналған өтінімді қағаз түрінде береді;
Қағаз жеткізгіште жасалған және электрондық форматқа көшірілмеген субсидиялау шарттары бойынша өткен жылдардағы төленбеген субсидиялар қағаз жеткізгіштегі субсидиялау шарттарында көрсетілген төлемдер графигіне сәйкес қағаз түрінде берілген қаржы институтының өтінімі бойынша төленеді.
2) берілген өтінім бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған нақты (бұзылмаған және тоқтатылмаған) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартының (төлемге өтінім берген сәтте) болуы;
3) қарыз алушыда (көрсетілетін қызметті алушыда) субсидияланатын қарыз шарты бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен (төлемге өтінім берген сәтте) міндеттемелердің болмауы.
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны аудару туралы хабарлама не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама болып табылады.
Мемлекетік қызметті көрсету нәтижесі қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) СМАЖ-да тіркелген кезде көрсеткен электрондық почтасының мекенжайына, сондай-ақ СМАЖ-дағы жеке кабинетіне жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз нысанында көрсеткен кезде нәтиже Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.";
18-тармақ алып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялау шартын біржақты бұзуды мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) шартта қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы;
2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;
3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) шоттарына тыйым салу;
4) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;
5) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;
6) қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Қаржы институты қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредит беруге арналған қарыз шартының талаптарын сақтауын, оның ішінде қарыз шарты бойынша қаражатты толық игеру және нысаналы пайдалану бойынша тексеруді қамтамасыз етеді.
Қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) қаржы институтына кредит беруге арналған қарыз шарты бойынша қаражатты пайдалану (оның ішінде нысаналы пайдалану) туралы ақпарат береді.
Қаржы институты жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) кредит беруге арналған қарыз шарты бойынша қаражатты пайдалану туралы (оның ішінде нысаналы пайдалану туралы) ақпаратты қаражатты пайдалану туралы актіге қол қойылған күннен бастап үш ай ішінде ұсынады.
Кредит беруге арналған қарыз шарты бойынша қаражат толық немесе нысаналы пайдаланылмаған кезде қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төленген субсидияларды қарыз шарты бойынша қаражатты толық емес немесе нысаналы пайдаланылмаған сомасына барабар қайтарады.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қолданыстағы қарыз шартының талаптары (Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында айқындалатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларға бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарына сәйкес меншікті немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну, қарыз шарттары бойынша сомаларды ұлғайту немесе азайту) өзгерген жағдайда, қаржы институты 10 (он жұмыс күні) ішінде қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, бұл туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етеді.
Егер субсидиялау шарты қағаз түрінде жасалған және электрондық форматқа көшірілмеген болса, онда қаржы институты тиісті хабарламаны қағаз түрінде береді.";
мынадай мазмұндағы 32-1, 32-2 және 32-3-тармақтармен толықтырылсын:
"32-1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің қарыз шарттарының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау кезінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсынысты мақұлдау туралы шешім қабылдаған күннен басталған кезеңге бұрын мақұлданған субсидиялар сомасын ұлғайтпай бұрынғы талаптармен субсидиялау шарттары мынадай жағдайларда сақталады:
1) ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің қарыз шарттары бойынша борышын осы мүшелер тұратын ауыл шаруашылығы кооперативіне ауыстыру кезінде;
2) ауыл шаруашылығы кооперативінің қарыз шарттары бойынша борышын өз мүшелеріне ауыстыру кезінде;
3) ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің қарыз шарттары бойынша борышын осы ауыл шаруашылығы кооперативінің басқа мүшесіне берген кезде.
32-2. Қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шарты бойынша борышын агроөнеркәсіптік кешеннің құқық мирасқоры-субъектісіне ауыстыру кезінде субсидиялау шарттары жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсынысты мақұлдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап кезең үшін бұрын мақұлданған субсидиялар сомасын ұлғайтпай бұрынғы шарттарда сақталады.
32-3. Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламада көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) бұл туралы қаржы институтын дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсына отырып, 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Қарыз алушыдан (көрсетілетін қызметті алушыдан) хабарлама алғаннан кейін қаржы институты 10 (он) жұмыс күні ішінде қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) ЖСН және субсидиялауға берілген өтінімдер бар субсидиялау графигі бойынша соңғы күнді көрсете отырып, жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) хабарлама қалыптастырады.
Қаржы институтынан алынған хабарлама негізінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) деректерін түзету бөлігінде субсидиялау шартына қосымша келісім қалыптастырады, оған жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші), қаржы институты және қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) қол қояды.
Қосымша келісім субсидиялауды қайта бастау үшін негіз болып табылады.
Субсидиялау қайта басталған кезде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды төлеуді субсидиялау тоқтатыла тұрған сәтке дейінгі сыйақыны нақты есептеу кезеңін қоса алғанда, тоқтата тұру кезеңі үшін жүргізеді.
Қаржы институты қайта ұйымдастырылған жағдайда, бұрын жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген талаптарда субсидиялау шарттарына қосымша келісімдерге қол қойылған кезде көрсетілген қарыз шарттарының құқық мирасқорына төленеді.";
45-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Заңды тұлғалар", "Жеке тұлғалар", "Жылжымайтын мүлік тіркелімі", "АХАЖ ИЖ" мемлекеттік дерекқорларымен және "электрондық үкіметтің" веб-порталымен ақпараттық өзара іс-қимыл;";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Субсидиялауды қағаз түрінде жүзеге асыру үшін қаржы институты немесе қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) беру мақсатында Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтеу графигімен қарыз шартының көшірмесі қоса берілген ұсыныс;
2) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелері бар жаңартылған өтеу графигінің жобасы (мөлшерлеменің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен бірге жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолданады);
3) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредитті алғаны туралы несие шотынан үзінді-көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын/ лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат;";
59-тармақ алып тасталсын;
60, 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін және жыл сайын (келесі жылдың 1 қаңтарындағы жай-күй бойынша ақпарат) есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 25 қаңтарына дейін жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп береді.
61. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күніне дейін және жыл сайын (келесі жылдың 1 қаңтарындағы жай-күй бойынша ақпарат) есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 30 қаңтарына дейін Министрлікке осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп береді.";
62-тармақ алып тасталсын;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 5-қосымша сәйкес 7-2-қосымшамен толықтырылсын;
9-қосымша алып тасталсын;
10-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамына, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушы |
Ә. Тамабек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесі
№ | Тауарлар тобының атауы | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші | Шығарылатын өнімдер мен тауарлардың тізбесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ауыл шаруашылығы | Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақты және майлы дақылдарды өсіру | 01.11 |
Ашық топырақта дәнді (күріштен басқа), бұршақты және майлы дақылдарды өсіру. |
2 | Күріш өсіру | 01.12 | Күріш өсіру. | |
3 | Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру | 01.13 |
Картопты және отырғызатын материалды өсіру. | |
4 | Тоқыма дақылдарды өсіру | 01.16 | Шитті мақтаны, зығырды және басқа да тоқыма дақылдарды өсіру | |
5 | Өзге де бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру | 01.19 |
Азық дақылдарын және олардың тұқымдарын өсіру: | |
6 | Жүзім өсіру | 01.21 | Жүзімді өсіру. | |
7 | Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру | 01.24 | Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру. | |
8 | Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру | 01.25 | Жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру. | |
9 | Басқа да ірі қара малды және енеке өсіру | 01.42 | Ет алу үшін ірі қара малды және енекені өсіру | |
10 | Сүт бағытындағы ірі қара малды өсіру | 01.41 |
Сүт бағытындағы ірі қара малды өсіру және көбейту. | |
11 | Жылқыны және басқа да жылқы тұқымдастарды өсіру | 01.43 | Жылқыларды өсіру және көбейту | |
12 | Түйені және өзге де түйе тектес жануарларды өсіру | 01.44 | Түйелерді өсіру және көбейту | |
13 | Қой және ешкі өсіру | 01.45 |
Қойы және ешкі өсіру: | |
14 | Шошқа өсіру | 01.46 | Шошқа өсіру | |
15 | Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру | 01.47 |
Ауыл шаруашылығы құстарын өсіру және көбейту. Ауыл шаруашылығы құстары жұмыртқаларын өндіру. Аралас етті жұмыртқа өндірісі. | |
16 | Жануарлардың басқа түрлерін өсіру | 01.49 | Балараны өсіру, балды және балара балауызын өндіру. | |
17 | Аралас ауыл шаруашылығы | 01.50 | Өсімдік шаруашылығы өнімдерімен қатар мал шаруашылығының өнімдерін өндіру: ауыл шаруашылығы дақылдардын мал шаруашылығымен қосып өсіру. | |
18 | Етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі | Етті өңдеу және консервілеу | 10.11 |
Жаңа сойылған, салқындатылған немесе тоңазытылған етті ұша, шабылған ет немесе бөліктерге бөлінген түрінде өндіру |
19 | Ауыл шаруашылығы құсының етін өңдеу және консервілеу | 10.12 |
Құс сою бөлімдерінде ауыл шаруашылығы құсын сою, етін ұшаларға бөлу және өлшеп орау. | |
20 | Еттен және ауыл шаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру | 10.13 |
Кептірілген, тұздалған немесе ысталған етті өндіру. | |
21 | Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскілерді өңдеу және консервілеу | Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскілерді өңдеу және консервілеу | 10.20 |
Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскілерді өңдеу және консервілеу. |
22 | Жемістерді және көкөністерді өңдеу және консервілеу | Картопты өңдеу және консервілеу | 10.31 | Картопты өңдеу және консервілеу: дайын тоңазытылған картопты өндіру, құрғақ картоп пюресін өндіру, картоптардан жеңіл тамақтарды өндіру, картоп чипстерін өндіру, майда тартылған және ірі тартылған картоп ұнын өндіру. |
23 | Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру | 10.32 |
Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру. | |
24 | Жемістерді және көкөністерді өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері | 10.39 |
Тоңазытылған немесе консервіленген түрдегі дайын тағамдарды қоспағанда, негізінен жемістерден немесе көкөністерден тамақ өнімдерін өндіру. | |
25 | Өсімдік және мал майы мен тоңмайын өндіру | Май және тоңмай өндіру | 10.41 |
Тазартылмаған өсімдік майын: соя, күнбағыс, мақта, рапс, қыша, зығыр, майсана, зәйтүн майын өндіру. |
26 | Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру | 10.42 |
Маргаринді өндіру. | |
27 | Сүт және сыр өнімдері | Сүтті өңдеу және сыр өндіру | 10.51 |
Сұйық сүтті, пастерленген, зарарсыздандырылған, гомогенделген, сондай-ақ басқа жоғары температурада өңделген сүтті өндіру. |
28 | Балмұздақ өндіру | 10.52 | Балмұздақ өндіру. | |
29 | Ұн-жарма өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру | Жарма өндіру | 10.61.2 |
Бидайдан, қара бидайдан, сұлыдан, жүгеріден немесе басқа дәндерден жарма өндіру. |
30 | Тағамдық концентраттарды өндіру | 10.61.3 |
Құрғақ таңғы ас сияқты дәнді дақылдардан жасалған таңғы асқа арналған өнімдерді өндіру. | |
Крахмалды және крахмалдан өнімдер өндіру | 10.62 |
Күріштен, картоптан, жүгеріден крахмалдар өндіру. | ||
31 | Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру | Ұзақ сақтауға арналмаған нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру | 10.71 | Нан-тоқаш өнімдерін: нан, тоқаш өнімдерін, құймақ, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер, бисквиттер) өндіру. |
32 | Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру | 10.72 |
Кептірілген нан, печенье және өзге де құрғақ нан-тоқаш өнімдерін өндіру. | |
33 | Макарон өнімдерін өндіру | 10.73 |
Пісірілген және пісірілмеген, салындысы бар және салындысы жоқ макарон және кеспе өндіру. | |
34 | Өзге де тамақ өнімдерін өндіру | Қант өндіру | 10.81 | Қант қызылшасынан және қантқұрағынан қант өндіру |
35 | Какао, шоколад және қантты кондитерлік өнімдерді өндіру | 10.82 |
Какао-ұнтағын, какао-майын өндіру. | |
36 | Татымдықтар мен дәмдеуіштерді өндіру | 10.84 |
Дәмқосарларды тұздықтарды және дәмдеуіштерді,: майонез, қыша ұны мен ұнтағы, дайын қышаны өндіру. | |
37 | Өзге де тамақ өнімдерін өндіру | 10.89 |
Көже және сорпа өндірісі. | |
38 | Дайын тағам өнімдері (өндірістік масштабта) | Дайын тағам өнімдерін өндіру | 10.85 |
Ет тағамдарын немесе үй құсынан жасалған тағамдарды өндіру. |
39 | Балалар тағамы | Балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру | 10.86 | Арнайы тамақтануға пайдаланылатын тамақ өнімдерін: балаларға арналған сүт қоспасын; емшектегі сәбилерге арналған құнарлы сүтті және басқа да өнімдерді; балалар тағамдарын; салмақты бақылауға арналған калориясы аз және калориясы азайтылған өнімдерді; құрамында натрийі аз және натрийі жоқ диеталық тұздарды қоса отырып, құрамында натрийі азайтылған тамақ өнімдерін; құрамында глютені жоқ тамақ өнімдерін; физикалық ауыр жұмысты орындайтын адамдарға, әсіресе спортшыларға пайдалануға арналған тамақ өнімдерін; зат алмасуының бұзылуымен (диабетпен) ауыратын адамдарға арналған тамақ өнімдерін өндіру |
40 | Жануарларға арналған дайын азықтар өндіру | Ауылшаруашылығы жануарларына арналған дайын азықтарды өндіру | 10.91 | Ірі қара малға, ұсақ малға, жылқыларға, үй құстарына және шошқаларға арналған азықтарды өндіру |
Жүнді өңдеу | Жүн талшығын дайындау | 13.10.3 |
Жуылған, майсыздандырылған немесе карбондалған, түтілмеген және тарақпен таралмаған жүн (қой жүні). | |
Жүн талшығын иіру | 13.10.4 | Тоқыма және тігін өнеркәсібіне арналған жүннен иірілген жіп өндірісі | ||
Жүн маталар өндірісі | 13.20.2 | Түтілген немесе тарақпен таралған жүннен немесе жануарлардың қылшықты қылынан немесе жылқы қылынан жасалған маталар | ||
Киізден басылған бұйымдар өндірісі | 13.99.2 | Киіз және фетр өндірісі | ||
Былғары өнімдерін өндіру | Теріні илеу және өңдеу | 15.11.1 |
Иленген және өңделген былғары; өңделген және боялған үлбір. | |
Теріні өңдеу және бояу | 15.11.3 |
Іpi қара малдың терілерінен жасалған былғары немесе жылқы тұқымдас жануарлардың түгi бар терілері. | ||
47 | Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау | Жүктерді қоймаға қою және сақтау | 52.10 | Көкөністерді және жемістерді сақтау орындары |
Ұсыныс
Қаржы институты: __________________________________________________
(қаржы институтының атауы)
Қарыз алушы: ______________________________________________________
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Кімге: _____________________________________________________________
___________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы)
1. Қатысушы туралы мәліметтер
1 | Қарыз алушының атауы | |
2 | Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | |
3 | Қарыз алушы туралы мәліметтер: дара кәсіпкерлер үшін, оның ішінде бірлескен кәсіпкерлік нысанында – жеке сәйкестендіру нөмірі – (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)/ заңды тұлға үшін БСН | |
4 | Банк деректемелері | |
5 | Байланыс телефондары |
2. Субсидиялануы тиіс кредиттік шарттар (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат
КШ (нөмірі және күні) | ||
Сомасы, теңге | ||
Сыйақы мөлшерлемесі, пайыз | ||
Субсидиялау күніне негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге | ||
КШ-ның қолданылу мерзімінің аяқталатын күні | ||
Кредит беру валютасы | ||
Кредит берудің/лизингтің нысаналы мақсаты (ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге (керегін қою) | ||
Қаржыландыру көзі | ||
ЭҚЖС (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) бойынша төрт таңбалы сыныбы | ||
Кредит/лизинг нысанасы, мөлшері | Лизинг нысанасын өндіруші ел | Мемлекеттік тіркеу базасындағы есепке алу нөмірі |
Осымен:
1) қарыз шартының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес белгіленген қарыз шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіндігі;
2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыру, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылатындығы расталады.
Нысаналы мақсаты инвестициялық мақсаттар, айналым қаражатын толықтыру және көктемгі дала және (немесе) егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылатын "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде;
3) қаржылық берешекті қайта құрылымдау және жеделдетілген оңалту рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушы қызметінің ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкроттық сатысында тұрмағаны және "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның қызметінің тоқтатыла тұрмағаны;
4) қарыз шартының республикалық бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылмағаны;
5) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілерінің болмауы;
6) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен міндеттемелердің болмауы;
7) субсидиялауға арналған өтінімде көрсетілген қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидияланбауы расталады.
Қосымша: өтеу графигі бар қарыз шартының көшірмесі.
Ұсыныс қағаз түрінде берілген кезде:
Қарыз алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы
_____________________________________________________________
Қаржы институты басшысының немесе уәкілетті адамның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі және қолы ______________________________________________
Қарыз алушының ұсынысқа қол қойған күні 20___ жылғы "___" _________.
Қаржы институтының ұсынысқа қол қойған күні 20___ жылғы "___"_________.
Ұсыныс электрондық түрде берілген кезде:
Өтініш беруші 20___ жылғы "___" _________ сағат ___-де қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан алынған деректер (бұдан әрі – ЭЦҚ)
Қаржы институты 20___ жылғы "___" _________ сағат_____ -де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
Ұсынысты қабылдау туралы хабарлама:
Жұмыс органы 20___ жылғы "___" _________ сағат _________ қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
Қарыз шартына қойылатын талаптар
Қарыз шарты мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) алынған кредиттің/лизингтің агроөнеркәсіптік кешен саласында пайдаланылған болуы;
2) нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға (жеңіл автомобиль көлігі мен жолаушылар көлігін қоспағанда), құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіруге арналған негізгі құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда), өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыру, көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылатындығы.
"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде нысаналы мақсат инвестициялық мақсаттар, айналым қаражатын толықтыру және көктемгі дала және (немесе) егін жинау жұмыстарын жүргізу болып табылады;
3) мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты қарызды қаржыландыру көзі болып табылмайтындығы;
4) өтінім берген сәтте жарамды (бұзылмаған және тоқтатылмаған) болып табылатындығы;
5) сыйақы мөлшерлемесінің Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік және (немесе) бюджеттік бағдарламалары бойынша субсидияланбауы;
6) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде сатып алуға жол берілмейтіндігі.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шеңберінде "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу" кіші жүйесінде жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы және тіркелген ауыл шаруашылығы техникасы субсидиялануы тиіс.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты
___________ қаласы 20__ жылғы "___" __________
Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын _________________ облысының (қаласының) ауыл шаруашылығы басқармасы атынан 20__ жылғы _________________________ № ________ сенімхат негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан, бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын ________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін __________________ екінші тараптан және бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын ______________________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін ____________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты.
1-тарау. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы субсидиялау шартында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалар) көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы субсидиялау шарты бойынша Жұмыс органы шартта айқындалған талаптарда Қаржы институтының қолдауымен осы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Карыз алушыны субсидиялау графигіне (бұдан әрі – субсидиялау графигі) сәйкес тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген ақша сомасы шегінде Қарыз алушының қарыз шарты бойынша айқындалған сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі шығындарын субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Жұмыс органы:
1) Қаржы институтынан субсидиялауға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарауға:
2) оның Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялар алу шарттарына сәйкестігін тексеруді және субсидиялауға арналған өтінім сомасының субсидиялау шартына сәйкес Қарыз алушыларды субсидиялау графигіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;
3) субсидиялауға арналған өтінімге сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін Қаржы институтының арнайы банктік шотына ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезекті төлеу жүргізілетін айдың алдындағы айында аударуға;
4) субсидиялауға арналған өтінім Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда, Қаржы институтының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шотын қалыптастыруға және қазынашылық органдарына жолдауға;
5) субсидиялауға арналған өтінім сәйкес келмеген жағдайда субсидиялар беруден бас тарту туралы Қаржы институтын хабардар етуге міндеттенеді.
4. Қаржы институты:
1) ай сайын субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруға және Жұмыс органына жолдауға;
2) Қарыз алушы негізгі борышты және сыйақыны өтеу жөніндегі міндеттемелерінің мерзімін өткізіп алған жағдайда және Субсидиялау қағидаларында көрсетілген басқа да оқиғалар бойынша оқиғалар анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы Жұмыс органын хабардар етуге;
3) қолданыстағы қарыз шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 180-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында айқындалған "Аграрлық несие корпорация" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарына сәйкес меншікті немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді қоса отырып, сыйақы төлеу мерзімдері, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну) өзгерген жағдайда, Жұмыс органына қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, хабарлама жолдауға;
4) қаржы институтынан алынған қарыздың нысаналы пайдаланылуына (оның ішінде пайдаланудың толықтығы мәніне) тексеру жүргізуге;
5) қарыз алушының қарыз шартының талаптарын сақтауына, оның ішінде қарыз шарты бойынша кредит қаражатын толық игеру және нысаналы пайдалану бойынша тексеру жүргізуге;
6) қарыз алушы қарыз шартының талаптарын сақтамаған жағдайлар туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етуге міндеттенеді.
5. Қарыз алушы:
1) Субсидиялау қағидаларында белгіленген субсидиялау шарттарын сақтауға;
2) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидиялануына жол бермеуге;
3) қарыз шарты бойынша алынған кредиттік қаражатты қарыз шартының талаптарына сәйкес толық пайдалануға;
4) қарыз шарты бойынша кредиттік қаражатты толық немесе мақсатсыз пайдаланған кезде төленген субсидияларды қарыз шарты бойынша толық емес немесе мақсатсыз кредиттік қаражаттың сомасына барабар қайтаруға міндеттенеді
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6. Тараптар осы шарт бойынша осы субсидиялау шартына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
5-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
7. Егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы cубсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған кезде, осы субсидиялау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауының мүмкін болмауы туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
9. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.
10. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы осы шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.
11. Егер, мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
6-тарау. Қорытынды ережелер
12. Хат-хабар тиісті түрде ресімделсе (хат-хабар бланкінде берілген немесе мөрмен (бар болса) бекемделген, басшының қолы қойылған және оның тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.
13. Жұмыс органы осы субсидиялау шартын мынадай жағдайларда біржақты бұзуды жүзеге асырады:
1) шартта қарыз алушы негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы;
2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;
3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шоттарына тыйым салу;
4) қарыз алушының субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;
5) қарыз алушының қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;
6) қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.
14. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар субсидиялау шарты бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.
15. Осы субсидиялау шарты барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау графигіне сәйкес қарыз шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.
16. Шартпен реттелмеген бөлікте, Тараптар дауды сот тәртібімен шешеді.
17. Осы шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.
18. Осы субсидиялау шартына қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.
19. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері, қолтаңбалары:
Жұмыс органы: | Қарыз алушы: | Қаржы институты: |
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына қосымша |
|
Нысан |
Қарыз алушыны субсидиялау графигі (Жұмыс органының шешіміне сәйкес) 20___ жылғы " ___" _______ №___
Қарыз алушының атауы: ______________________________________________
Нөмірі, жасалған күні:_______________________________________
Кредиттің/ лизингтің нысаналы мақсаты:________________________________
Кредит шартының сомасы, теңге: _______________________________________
Кредит шартының сомасы, валюта: теңге, KZT: ____________________________
Кредит шарты бойынша негізгі борышты қайтару мерзімі: ___________________
Сыйақы мөлшерлемесі, %
Жалпы: _______________________________________
Субсидияланатын: _____________________________________________________
Қарыз алушы төлейтін: _______________________________________________
Кредит шартының барлық мерзіміне сыйақы сомасы, теңге
Жалпы: _____________________________________________________________
Субсидияланатын: _____________________________________________________
Қарыз алушы төлейтін: _________________________________________________
Жыл | Ай | Кредит шартының графигі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі | Сыйақының жалпы сомасы, теңге | Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге | Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге |
Жиыны |
Жұмыс органы __________ ______________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қарыз алушы:____________ ______________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Қаржы институты_________ ______________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Субсидиялауды уақытша тоқтата тұру туралы хабарлама
Осымен _______________________________________________________
(қаржы институтының атауы)
_________________________________________________________________
субсидия қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органына хабарлайды және
20___ жылғы "___"______________ № __________ субсидиялау шарты шеңберінде
субсидия алушы болып табылатын қарыз алушының қайтыс болуына/қарыз
алушының қайтыс болғанының хабарлануына байланысты
_____________________________________________________________________
мұрагер үшін мұрагерлік құқықтың күшіне енген сәтіне дейін субсидиялауды
тоқтата тұруды сұрайды.
Қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 3-СНП нысан
Кезеңділігі: тоқсандық, жылдық
Есепті кезең: 20__ жылғы ___________ тоқсан, 20__ жылғы
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күніне дейін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың отызыншы қаңтарына дейін.
Р/с | Қарыз алушының атауы | Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Қаржы институттың атауы | Қарыз шартының нысаналы мақсаты* | Бағыт (Қарапайым заттар экономикасы, Жұмыспен қамтамасыз ету жол картасы,Агроөнеркәсіптік кешен) | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша төрт таңбалы сынып | Қарыз шартының нөмірі мен күні | Қарыз шартының сомасы, мың теңге | Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің қаржы институтқа өтінім берген уақытындағы негізгі борышың сомасы, мың теңге | Жалпы сыйақы мөлшерлемесі, % | Субсидияланған сыйақы мөлшерлемесі, % | Қарыз шартының барлық қолданылу мерзіміне субсидиялар сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Жиыны: |
Кестенің жалғасы
Барлық аударылған субсидиялар, мың теңге | Ауытқу ( + , -) ( + ) артық төлеу, ( - ) кемшілік, мың теңге | Пайдаланылмаған субсидиялардың жұмыс органына қайтарылатын сомасы (нақты), мың теңге | Қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялар қалдығы (11-баған –13-баған), мың еңге | Қаржы институты есепті кезеңде аударған субсидиялар жиынтығы (17-баған + 23-баған) | бірлік | |||||||
жұмыс органының қаржы институтына | қаржы институтының қарыз алушыға | шарттың жалпы саны | қарыз алушылардың саны | |||||||||
барлығы | оның ішінде есепті кезеңде | барлығы | оның ішінде есепті кезеңде | барлығы (14- баған – 16 баған) | оның ішінде есепті кезеңде (15-баған – 17-баған) | барлығы | оның ішінде есепті кезеңде | барлығы (18- баған – 20 баған) | оның ішінде есепті кезеңде (19-баған – 21-баған) | |||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
* Қарыз шартының нысаналы мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларының 4- тармағына сәйкес көрсетіледі.
Атауы ____________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
Телефоны _________________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы _________________________________
Орындаушы _______________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
__________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)
Мөрге арналған орын
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
___________________________
Есеп тапсырылған күн 20 ___ жылғы "___" ________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қаржы институттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі толтырады.
3. Нысанға орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4. Нысанды:
қаржы институттары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – жұмыс органы) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін және жыл сайын, күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін;
жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күніне дейін және жыл сайын күнтізбелік жылдың отызыншы қаңтарына дейін ұсынады.
5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
6. 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
7. 2-бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.
8. 3-бағанда қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. 4-бағанда қаржы институтының атауы көрсетіледі.
10. 5-бағанда қарыз шартының нысаналы мақсаты көрсетіледі.
11. 6-бағанда бағыт (Қарапайым заттар экономикасы, Жұмыспен қамтамасыз ету жол картасы, Агроөнеркәсіптік кешен) көрсетіледі.
12. 7-бағанда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша төрт таңбалы сынып көрсетіледі.
13. 8-бағанда қарыз шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.
14. 9-бағанда қарыз шартының сомасы көрсетіледі.
15. 10-бағанда агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің қаржы институтына өтінім берген уақытындағы негізгі борышың сомасы көрсетіледі.
16. 11-бағанда жалпы сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.
17. 12-бағанда субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.
18. 13-бағанда қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзімі үшін субсидиялар сомасы көрсетіледі.
19. 14 және 15-бағандарда жұмыс органы қаржы институтына бүкіл кезеңде, оның ішінде есепті кезеңде аударған субсидиялар сомасы көрсетіледі.
20. 16 және 17-бағандарда қаржы институты қарыз алушыға бүкіл кезеңде, оның ішінде есепті кезеңде аударған субсидиялар сомасы көрсетіледі.
21. 18 және 19-бағандарда барлық кезеңде, оның ішінде есепті кезеңде ауытқулар (артық төлеу, жетіспеушілік) көрсетіледі.
22. 20 және 21-бағандарда бүкіл кезеңде, оның ішінде есепті кезеңде пайдаланылмаған субсидиялардың жұмыс органына қайтарылатын сомасы (нақты) көрсетіледі.
23. 22 және 23-бағандарда бүкіл кезеңде, оның ішінде есепті кезеңде қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялар қалдығы көрсетіледі.
24. 24-бағанда қаржы институты есепті кезеңде аударған субсидиялар жиынтығы көрсетіледі.
25. 25 және 26-бағандарда шарттың жалпы саны мен қарыз алушылардың саны көрсетіледі.