"Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 наурызда № 32018 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілетін бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар)) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізілген су көлемі су бөлу нүктесінде есепке алу аспаптарының не бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары мен құрылғыларының көрсеткіштері бойынша анықталады.

      5. Жеткізілген судың 1 (бір) текше метріне (бұдан әрі – ) бөлінетін субсидиялар мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің тиісті аумақтық департаменті АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы заң) сәйкес бекіткен тарифтерге пайыздық қатынаста, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген сатып алынған суаратын судың 1 (бір) арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес сараланып белгіленеді.

      АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) субсидия алу үшін су берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, ал қалған айырманы су берушіге АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) субсидия алғаннан кейін төлейді. Бұл ретте, субсидия төлеудің барлық талаптары су беруші мен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы шартта жазылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Субсидияланатын суаратын судың көлемі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 82-бабына сәйкес бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісіндегі су пайдалану лимитінен аспауы тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Ә. Тамабек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушы
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 78 бұйрығына
қосымша
  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге
су беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  (Кімге)______________________
(облыстың, Астана, Алматы
және
Шымкент қалаларының
жергілікті
атқарушы органы)
(кімнен) ___________________
(заңды тұлғаның атауы немесе
жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)

Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім 20 __ жылғы ____________ айы үшін

      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші __________________________

      __________________________________________________________________;

      (атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны)

      2. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      1) өтінім берушінің мекенжайы ___________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй, телефон)

      2) өтінім берушінің деректемелері ________________________________

      ______________________________________________________________

      (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін –

      бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі);

      3) дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға

      үшін _________________________________________________________;

      4) кәсіпкерлік субъктісінің санаты ________________________________;

      5) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес код

      (ЭҚЖЖ) ________________________________________________.

      3. Өтінім берушіге жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі

      жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

      ___________________________________________________ кадастрлық нөмірі.

      4. Суару көзі туралы мәлеметтер:

      1) су көзінің атауы ______________________________________________

      (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, субөлгіш, сутаратқыш)

      2) су берушінің тарифі (теңгемен) _________________________________

      3) су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы су берушімен

      жасалған шарттың нөмірі және күні _________________________ ;

      4) есепке алу аспабының не бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік

      жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралы мен құрылғысының

      атауы ____________________.

      5. Өңдеп-өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша суаратын

      суды тұтыну көлемі:

      1) егілетін дақыл(-дар):

      _____________,

      _____________,

      _____________.

      2) егіс алаңы, гектар ______________________, оның ішінде дақылдар бойынша:

      _____________,

      _____________,

      _____________.

      3) су тұтыну көлемі, мың текше метр (бұдан әрі – м3) ____________, оның ішінде дақылдар бойынша:

      _____________,

      _____________,

      _____________.

      4) суару тәсілі ____________________________;

      5) Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы көлтабандап суару жүйелерін қолдана отырып, өңдеп-өсірілетін көпжылдық азықтық дақылдар үшін, мың м3

      ___________________________________________________________________.

      6. Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат:

      1) субсидиялар алу үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері __________ ;

      2) банктік сәйкестендіру коды _________________ ;

      3) корреспонденттейтін шот______________________;

      4) БСН _________________________ ;

      5) бенефициар коды ___________________ .

      7. Алынған суаратын суға алғашқы төлем құжаттары ________________

      (төлем құжатының нөмірі)

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Өтінім беруші 20___жылғы "__" сағат_____ қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20___жылғы "__" сағат____ қабылданды.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады