Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 13 мамырдағы № 91-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 мамырда № 36112 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 37-бабы 1 тармағының 28-7) тармақшасының екінші абзацына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
Е. Ибрайханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
2025 жылғы 13 мамырдағы
№ 91-НҚ бұйрығымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің бұйрығына
1 қосымша

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабы 1 тармағының 28-7) тармақшасының екінші абзацына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар)) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке шот – тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

      2) өтпелі өтінім (бұдан әрі – өтінім) – су беруші АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізген суару суы үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;

      3) суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтер – су көздерінен (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелеріне және АШТӨ-лердің көлтабанды танаптарына су беру;

      4) су беруші – АШТӨ-ге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

      6) ақпараттандыру объектісі – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ), субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      7) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб–портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – электрондық үкіметтің порталы) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      9) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялауға арналған өтінімдер, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      10) суармалы танаптың кадастрлық нөмірі – жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, танаптың орналасқан жерін анықтауға (сәйкестендіруге) арналған суармалы танапқа берілетін бірегей код;

      11) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      4. АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізілген су көлемі су бөлу нүктесінде су берушінің немесе су пайдаланушының есепке алу аспаптарының не бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары мен құрылғыларының көрсеткіштері бойынша анықталады.

      5. Жеткізілген судың 1 (бір) текше метріне (бұдан әрі – м3) бөлінетін субсидиялар мөлшері су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган тарапынан (бұдан әрі - уәкілетті орган) АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы заң) сәйкес бекітілген тарифтерге пайыздық қатынаста, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес сараланып белгіленеді.

      Осы Қағидалар шеңберінде субсидиялау кезінде АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) су берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, қалған бөлігі су берушіге субсидия түрінде төленеді. Бұл ретте субсидияларды төлеудің барлық шарттары су беруші мен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы шартта жазылады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін облыс, республикалық маңызы бар қала, Астананың жетекшілік ететін әкімінің орынбасарының қолы қойылған, ол болмаған жағдайда – оның міндетін өзара алмастырушы тұлғаның қолы қойылған ілеспе хатпен уәкілетті органға мақұлдауға ұсынады.

      Уәкілетті орган субсидиялардың мақұлданған көлемін тиісті ілеспе хатпен қайтарады не бюджет қаражатының көлемін тиісті жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей пысықтауға жібереді. Субсидиялар көлемін пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын 1 ақпанға дейінгі мерзімде уәкілетті органмен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін Табиғи монополиялар туралы Заңымен сәйкес бекітілген су беруге арналған тарифтерді веб-порталға орналастырады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.

      9. Субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

      Электрондық шот-фактура электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) СМАЖ-ға өтінім бергенге дейін ЭШФ АЖ-да контрагентті растай отырып, "сұрақ-жауап" режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура субсидияларды алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады).

      Субсидияларды алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактуралар қайтарып алынған, жойылған және түзетілген жағдайларда, су беруші алынған субсидияларды Көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

      10. Өтінім ауыл шаруашылығы кооперативінен немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет (бұдан әрі – бірлескен қызмет) туралы шарт негізінде әрекет ететін немесе бірлескен кәсіпкерлік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығынан берілген жағдайда, ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелерінде немесе бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бірлескен қызмет шартына қатысушыларда немесе шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінде тіркелген жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуын растай отырып, субсидия беруге рұқсат беріледі.

2-тарау. Субсидиялау төлеу тәртібі

1-параграф. Субсидиялар алу талаптары

      11. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) көрсетілетін қызметті алушылардың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық үкіметтік портал арқылы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтінім беруі;

      2) өтінімді СМАЖ-да тіркеу.

      Веб-порталда жеке шоттың болуы АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) СМАЖ-да өтінімді тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінімді беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;

      3) СМАЖ-да АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) және су берушілердің жеке шотының болуы, оның деректері СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған;

      4) СМАЖ бен ЭШФ АЖ ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде суаратын суды беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су берушінің тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      5) АШТӨ-де (көрсетілетін қызметті алушыларда) СМАЖ-дың мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

      12. Өтінімдерді қабылдау жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына (қоса алғанда) дейін жүзеге асырылады.

2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі

      13. Жерүстімен суару кезінде сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері:

      1) күріш дақылдары үшін қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі – ҚҚС) тарифтің 50 (елу) пайызын (бұдан әрі – %);

      2) Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы көлтабандап суару жүйелерін қолдана отырып өсірілетін көпжылдық шөптер үшін ҚҚС-сыз тарифтің 85%-ын құрайды.

      14. Су үнемдейтін технологияларды (тамшылатып, жаңбырлатып (алдыңғы, айналмалы, барабанды), спринклерлі) пайдаланбай суару кезінде сатып алынатын суару суының 1 (бір) м3 үшін бюджеттік субсидия мөлшері су беру тәсілдеріне қарамастан тарифтерге (ҚҚС-сыз)% қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:

Атауы

2025 жыл

2026 жылдан бастап

2,0 (екі) теңгеге дейін

40%

30%

м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін

45%

35%

м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін

50%

40%

м3-іне 9,01 теңгеден (тоғыз бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін

55%

45%

м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін

60%

50%

м3-іне 20 (жиырма) теңгеден жоғары

65%

55%

      15. Су үнемдейтін технологияларды (тамшылатып, жаңбырлатып (алдыңғы, айналмалы, барабанды), спринклерлі) пайдалана отырып суару кезінде сатып алынатын суару суының 1 (бір) м3 үшін бюджеттік субсидия мөлшері су беру тәсілдеріне қарамастан тарифтерге (ҚҚС-сыз) % қатынаста сараланып белгіленеді және мыналарды құрайды:

2,0 (екі) теңгеге дейін

60%

м3-іне 2,01 теңгеден (екі бүтін жүзден бір) 4,0 (төрт) теңгеге дейін

65%

м3-іне 4,01 теңгеден (төрт бүтін жүзден бір) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейін

70%

м3-іне 9,01 теңгеден (тоғыз бүтін жүзден бір)15,0 (он бес) теңгеге дейін

75%

м3-іне 15,01 теңгеден (он бес бүтін жүзден бір) 20,0 (жиырма) теңгеге дейін

80%

м3-іне 20 (жиырма) теңгеден жоғары

85%

      16. Сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3 арналған субсидия мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = T * % тарифтердің бекітілген мөлшеріне сәйкес,

      мұнда:

      S – сатып алынған суаратын судың м3 арналған субсидия мөлшері, теңгемен;

      T – м3-ге бекітілген тариф (ҚҚС-сыз), теңге.

      17. Субсидияланатын суаратын судың көлемі Қазақстан Республикасы Су кодексінің бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бөлінісіндегі су пайдалану лимитінен аспауы тиіс.

3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, Астана қалалары әкімдігінің интернет-ресурсында және одан кейін тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, облыс әкімдігінің интернет-ресурсында суаратын су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған ай сайынғы өтінімдерді қабылдау кезеңі туралы хабарландыру орналастырады.

      19. Веб-портал (бұдан әрі – "жеке кабинет") арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік үшін АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) және су берушінің СМАЖ-да өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болуы тиіс;

      Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын уәкілеттік органға ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектендірілген тізімін жолдайды.

      20. "Жеке кабинетте" тіркелу үшін АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) және су берушілер мыналарды көрсетеді:

      1) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы);

      4) субсидиялар алу үшін су берушінің екінші деңгейлі банктегі банктік шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) немесе су берушілер 1 (бір) жұмыс күні ішінде "жеке кабинетте" деректерін өзгертеді.

      21. АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімді қалыптастыруы мен тіркеуі жеке кабинетте АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) тұрғылықты жері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің атына мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 12-тармағы талаптарын СМАЖ тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сын қою арқылы СМАЖ-да тіркеледі және Көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі.

      22. АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушы) веб-порталда өтінімді тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері веб-порталда қалыптастырылған тиісті хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) және су берушінің "жеке кабинетінде" қолжетімді болады.

      23. Көрсетілетін қызметті берушінің АШТӨ-ден (көрсетілетін қызметті алушылардан) жауапты қызметкері өтінімді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімнің деректердің растығын тексереді.

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесінде жүктелетін, субсидия төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.

      Тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінім резервке (күту парағына) келіп түседі.

      Өтінімді резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қосылмайды.

      Резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінімдер келіп түскен күні мен уақытқа сәйкес не ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде кезектілік бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық үкіметтің порталы мен СМАЖ-дың өзара іс-қимылы арқылы АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушы) және су беруші СМАЖ-да тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына және АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) және су берушінің СМАЖ-дағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      25. Уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актінің құқықтық органдарға тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

      26. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік және тиімділікті бағалау

      27. Көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша суаратын суды беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандатуға арналған субсидияларды пайдалану туралы есепті тиісті қаржы жылына 31 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.

      28. Қазақстан Республикасы аумағында су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құны субсидияларын алған тұлғаларға қатысты бақылау мен мониториг Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама аясында жүргізіледі.

4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      29. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Басқарма басшысының (көрсетілетін қызметті берушінің) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Шағымды Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда жібермейді.

      30. АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға тиіс:

      Басқарма (көрсетілетін қызметті беруші) – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағым берген АШТӨ-ні (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау

2

Көрсетілетін қызметті беруші

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру ақпараттандыру объектісі – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні
Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейді.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Субсидия беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсынады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, көрсетілген қызметті алушылар мен су берушілерде СМАЖ-да дербес шоттың болуы туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жер пайдалану және (немесе) тиісті алаңның жеке меншігі құқығында болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелердің электрондық үкіметтің "шлюзі" арқылы алады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес берілетін келісімінің болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтерд құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  (Кімге) ___________________
(облыстың, Астана, Алматы
және
Шымкент қалаларының
жергілікті атқарушы органы)
(кімнен)
_____________________ (заңды
тұлғаның атауы немесе жеке
тұлғаның (дара кәсіпкердің) аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі)

Су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға арналған өтінім 20 __ жылғы ____________ айы үшін

      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі)

      _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________;

      (атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, байланыс телефоны)

      2. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      1) өтінім берушінің мекенжайы ____________________________________

      (индекс, әкімшілік-аумақтық объектілер

      жіктеуішінің коды, қала, аудан, облыс, көше, үй, телефон)

      2) өтінім берушінің деректемелері __________________________________

      ____________________________________________________________________;

      (жеке тұлғалар (дара кәсіпкер) үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар

      үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3) дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін

      __________________________________________________________;

      4) кәсіпкерлік субъектісінің санаты ________________________________;

      5) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды (ЭҚТЖ) ________.

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәліметтер:

Жер учаскесі тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Жер учаскесі тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы

1

2

3




      4. Жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат.

Р/с №

Суармалы танаптың кадастрлық нөмірі

Алаңы, гектар (бұдан әрі – га)

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы

барлығы

оның ішінде суармалы

1

2

3

4

5

6







      Суармалы танаптың алаңы осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды.

      5. Суару көзі туралы мәлеметтер:

      1) су көзінің атауы _______________________________________________;

      (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, субөлгіш, сутаратқыш)

      2) су берушінің тарифі (теңгемен) __________________________________;

      3) су берушімен жасалған су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы

      шарттың көшірмесі _______________________________________;

      4) бірлік өлшемдерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген

      есепке алу аспабының не өлшеу құралы мен құрылғысының атауы, су үнемдейтін

      технологияларды енгізу актісінің нөмірі және күні

      ____________________________________________________________________.

      6. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсірілетін түрлері бойынша суаратын суды

      тұтыну көлемі:

Егілетін дақыл

Егіс алаңы, га

оның ішінде суару тәсілдері бойынша

жерүстімен суару, га

тамшылатып (жерасты) суару, га

айналдыра жаңбырлатқыш машина, га

алдыңғы жағынан жаңбырлатқыш машина, га

барабан типті жаңбырлатқыш машина, га

стационарлық суару жүйесі, га

















      кестенің жалғасы

су тұтыну көлемі, мың текше метр (бұдан әрі – м3)

жерүстімен суару

тамшылатып (жерасты) суару

айналдыра жаңбырлатып суаратын машина

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га



















      кестенің жалғасы

су тұтыну көлемі, мың текше метр м3

алдыңғы жағынан жаңбырлатып суаратын машина

барабан типті жаңбырлатқыш машина

стационарлық суару жүйесі

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га



















      кестенің жалғасы

Атырау, Ақтөбе, және Батыс Қазақстан облыстарында механикаландырылған су көтеру арқылы көлтабандап суару жүйелерін қолдана отырып өсірілетін көпжылдық азықтық дақылдар үшін, м3

алаң, га

су тұтынудың үлестік нормасы, м3/га

су тұтыну көлемі, м3/га







      7. Су берушінің екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер:

      1) банктің атауы ________________________________________________;

      2) субсидиялар алу үшін екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың

      деректемелері _______________________________________________________;

      3) банктік сәйкестендіру коды ____________________________________;

      4) корреспонденттейтін шот ______________________________________;

      5) БСН ________________________________________________________;

      6) бенефициар коды _____________________________________________.

      8. Алынған суару суына бастапқы төлем құжаттары ___________________.

      (төлем құжатының нөмірі)

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

      Өтінім беруші 20___жылғы "__" сағат_____ қол қойып, жіберді.

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      Өтінім 20___жылғы "__" сағат____ қабылданды.

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Субсидия беру туралы хабарлама

      Құрметті _______________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша

      су берушінің №__________ есептік шотына 20___ жылғы "__" __________ төлем

      тапсырмасымен ___________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғаны

      туралы хабарлаймыз.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Құрметті _______________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша

      субсидия беруден _____________________________________________________

      _________________________________________________ себепті бас тартылды.

  Ауыл шаруашылығы
тауарларын өндірушілерге су
беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құнын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет – ресурста орналастырылған

      Әкімшілік нысанның атауы:

Суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): № 14-СБҚСП

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есеп беретін жылдан кейінгі жылдың қорытындысы бойынша 31 желтоқсаннан кешіктірмей.

ЖСН/БСН



 

      Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал қоюы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде):

Р/с №

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – АШТӨ) атауы

АШТӨ-нің жеке сәйкестендіру нөмірі бизнес сәйкестендіру нөмірі

Кәсіпкерлік субъктісінің санаты(ірі, орташа, шағын)

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің нысаны

Дақыл атауы

Жер учаскесі алаңы, мың (гектар)

Су лимиті, мың текше метр

Суару тәсілі

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Аудан әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес

1

АШТӨ 1








2

АШТӨ 2


















Барлығы









Аудан әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес

1.

АШТӨ 1








2.

АШТӨ 2


















Барлығы









Жиыны








      Кестенің жалғасы

АШТӨ ақы төлеген суаратын судың көлемі, мың (текше метр)

Субсидиялар мөлшері, (бір текше метрге теңге)

Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге (10*11)

Облыс мәслихаты бекіткен сома, мың теңге

Ауытқу, мың теңге

10

11

12

13

14

Аудан әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес





















Аудан әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес


























      "Суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Атауы _________________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы ______________________________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________________

      (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      _______________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  "Суармалы су беру бойынша
көрсетілетін қызметтерге
арналған субсидияларды
пайдалану туралы есеп"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша (нысанның индексі және кезеңділігі)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған субсидияларды пайдалану туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмері көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) атауы көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында АШТӨ-нің жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

      7. Нысанның 4-бағанында кәсіпкерлік субъктісінің санаты (ірі, орташа, шағын) көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында шаруашылық жүргізуші субьектілердің нысаны көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында дақыл атауы көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында жер учаскесінің алаңы көрсетіледі.

      11. Нысанның 8-бағанында су лимиті көрсетіледі.

      12. Нысанның 9-бағанында суару тәсілі көрсетіледі.

      13. Нысанның 10-бағанында АШТӨ ақы төлеген суаратын судың көлемі көрсетіледі.

      14. Нысанның 11-бағанында субсидиялар мөлшері көрсетіледі.

      15. Нысанның 12-бағанында төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      16. Нысанның 13-бағанында Облыс мәслихаты бекіткен сома көрсетіледі.

      17. Нысанның 14-бағанында ауытқу көрсетіледі. Облыс мәслихаты бекіткен сома мен төленген субсидиялар арасындағы айырмашылық ауытқу болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
2025 жылғы 13 мамырдағы
№ 91-НҚ
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің бұйрығына
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жойылған кейбір бұйрықтар тізбесі

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12714 болып тіркелді).

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 209 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17145 болып тіркелді).

      3. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 22 қазандағы № 429 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17902 болып тіркелді).

      4. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20741 болып тіркелді).

      5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №146 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22718 болып тіркелді).

      6. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 438 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31259 болып тіркелді).

      7. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 28 ақпандағы №78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32018 болып тіркелді).

      8. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 262 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33113 болып тіркелді).

      9. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 186 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34465 болып тіркелді).

      _______________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады