"Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 294 және "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 27 ақпандағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 наурызда № 32033 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 294 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18214 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 59-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 59-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу тәртібін және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттарын, сондай-ақ оны жүзеге асыру үшін есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындайды.";

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 57-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 57-1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында валюталық операциялардың мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңда көрсетілген мәндерде қолданылады.

      Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздары – базалық активі бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының және (немесе) эмитент елінің заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар болып танылатын қаржы құралдары;

      2) есептік нөмірлердің тізілімі – соның негізінде және (немесе) орындалуы үшін капитал қозғалысы операциясы жүргізілетін валюталық шарттарға (бұдан әрі – капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттар) және шетелдік банктердегі шоттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) беретін қолданыстағы нөмірлерінің, сондай-ақ тіркеу куәліктерінің, хабарлау туралы куәліктердің қолданыстағы нөмірлерінің тізбесі;

      3) инвестициялау объектісі – акциялары, қатысу үлесі, пайлары сатып алынатын (сатып алынған) заңды тұлға, инвестициялық пай қоры, сондай-ақ мүлкіне мүліктік жарналар салынатын (салынған) заңды тұлға, жай серіктестік, консорциум. Депозитарлық қолхаттармен операциялар жүргізген жағдайда олардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаз эмитенті инвестициялау объектісі болып табылады;

      4) инвестор – инвестициялау объектiсiне меншік құқығы өтетін (өткен) заңды немесе жеке тұлға;

      5) қызметкерлер үшін бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздарына арналған опцион бағдарламасы – резидент-заңды тұлғаның қызметкері осы заңды тұлғаның инвесторлары және (немесе) осы заңды тұлғаның инвесторларының инвесторлары болып табылатын бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздарының келісілген санын сатып алатын бағдарлама;

      6) меншікті операциялар – валюталық шарттың тарабы болып табылатын резиденттің өз атынан жүзеге асыратын операциясы;

      7) резидент-эмитенттердің бағалы қағаздары – базалық активі резидент-эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар болып танылатын қаржы құралдары;

      8) тіркеу куәлігі – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін Ұлттық Банк валюталық шартты тіркеу кезінде берген және күшін жоймаған құжат;

      9) хабарлама туралы куәлік – Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін Ұлттық Банк валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа берген және күшін жоймаған құжат.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 8 (сегізінші) күніне (қоса алғанда) дейін Ұлттық Банктің орталық аппаратына Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бейрезиденттерден есепті кезеңдегі қаржылай қарыздар тарту талаптары туралы есепті ұсынады.

      Валюталық операцияларды жүргізу жағдайларын нақтылау мақсатында банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы Ұлттық Банктің орталық аппаратының сұратуы бойынша қаржылай қарыз шартының көшірмесін ұсынады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан резидент-заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шартына немесе шетелдік банктегі шотына есептік нөмір беру үшін резидент- заңды тұлға өтініш жасайды. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соның негізінде және (немесе) орындалуы үшін капитал қозғалысы операциясы жүргізілетін валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір беруге арналған өтініште резидент-заңды тұлғаның осы филиалының (өкілдігінің) валюталық операцияны жүзеге асыру немесе шетелдік банкте шот ашу туралы белгісімен резидент-заңды тұлға көрсетіледі. Мәліметтерді, есептерді және құжаттарды беруді резидент-заңды тұлға жүзеге асырады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Шетелдік банкте "эскроу-шот" режимінде шот ашқан кезде есептік нөмір беру үшін атына шот ашылған резидент-заңды тұлға өтініш жасайды. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік банкте шотқа есептік нөмір беруге арналған өтініште шетелдік банкте шот ашқан тұлға да көрсетіледі.";

      3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшалар осы қаулыға 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Төлем балансы департаменті (А.Б. Өскенбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
1-қосымша

  Қазақстан Республикасының
ішкі валюта нарығында
сұраныс пен ұсыныс көздерін
мониторингтеу қағидаларына
1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Клиенттердің банктік шоттары және банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар бойынша шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы жиынтық есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 1-INV

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейін, ай сайын.

      Нысан

      мың теңгемен

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Барлығы

резиденттер

бейрезиденттер

оның ішінде мыналармен операциялар бойынша

оның ішінде мыналармен операциялар бойынша

резиденттермен

бейрезиденттермен

резиденттермен

бейрезиденттермен

А

Б

В

1

2

3

4

5

1-бөлім. Шетел валютасының клиенттердің пайдасына түсімі

1

Барлығы

10000






2

оның ішінде:







3

контрәріптестердің төлемдері және банк шоттарына аударымдары:

11000






4

жеке тұлғалардың

11100






5

заңды тұлғалардың

11200






6

оның ішінде мынадай операциялар бойынша:







7

тауарлар және материалдық емес активтерді сату

11210






8

қызметтер көрсету

11220






9

берілген қарыздар бойынша борыштың және кірістердің негізгі сомасын алу

11230






10

қарыздар тарту

11240






11

бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар және капиталға қатысуды қамтамасыз ететін жарналар:

11250






12

басқа да ақша аударымдары

11260






13

банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар

12000






14

клиенттердің өз банктік шоттарынан ақша аударымдары

13000



X

X


15

оның ішінде ашылғаны:







16

резидент банктерде

13001



X

X


17

бейрезидент банктерде

13002



X

X


18

теңгеге шетел валютасын сатып алу

14000






19

оның ішінде:







20

жеке тұлғалар

14100






21

заңды тұлғалар

14200






22

банктік шоттарға қолма-қол шетел валютасын есептеу

15000






23

оның ішінде:







24

жеке тұлғалар

15100






25

заңды тұлғалар

15200






2-бөлім. Клиенттердің шетел валютасын алуы және (немесе) аударуы

26

Барлығы

20000






27

оның ішінде:







28

контрәріптестерге банктік шоттардан жүргізілетін төлемдер және ақша аударымдары:

21000






29

жеке тұлғалардың

21100






30

заңды тұлғалардың

21200






31

оның ішінде мынадай операциялар бойынша:







32

тауарлар және материалдық емес активтерді сатып алу

21210






33

көрсетілетін қызметтерді алу

21220






34

қарыздар беру

21230






35

қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау

21240






36

бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар және капиталға қатысуды қамтамасыз ететін жарналар:

21250






37

басқа да ақша аударымдары

21260






38

банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар

22000






39

клиенттердің өз банктік шоттарына ақша аударымдары

23000



X

Х


40

оның ішінде мыналарда ашылған:







41

резидент банктерде

23001



Х

Х


42

бейрезидент банктерде

23002



Х

Х


43

теңгеге шетел валютасын сату

24000






44

оның ішінде:







45

жеке тұлғалар

24100






46

заңды тұлғалар

24200






47

өз банктік шоттарынан қолма-қол шетел валютасын алу

25000






48

оның ішінде:







49

жеке тұлғалар

25100






50

заңды тұлғалар

25200






      Атауы __________________ Мекенжайы ____________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы_______________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________       _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефон

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      _________________________________________             ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Клиенттердің банктік шоттары
және банктік шотты ашпай және
(немесе) пайдаланбай
жүргізілген аударымдар
бойынша шетел валютасындағы
ақша қозғалысы туралы
жиынтық есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

Клиенттердің банктік шоттары және банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар бойынша шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы жиынтық есеп (индексі – 1-INV, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Клиенттердің банктік шоттары және банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар бойынша шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы жиынтық есеп" нысанын (бұдан әрі – 1-нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. 1-нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді.

      3. 1-нысанды екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер) түсімдердің көздері және шетел валютасын пайдалану бағыттары бойынша толтырады.

      4. 1-нысан мынадай екі бөлімнен тұрады:

      1-бөлім – Шетел валютасының клиенттердің пайдасына түсуі;

      2-бөлім – Клиенттердің шетел валютасын алуы және (немесе) аударуы.

      5. 1-нысандағы деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден төмен сома 0-ге (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      6. Есепті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша валюталау күніне қайта есептеліп көрсетіледі.

      7. 1-нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. 1-нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      8. 1-нысанды толтырған кезде мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      1-баған барлық жолдар бойынша 2, 3, 4, 5-бағандардың сомасына тең;

      коды 10000 жол = коды 11000 жол + коды 12000 жол + коды 13000 жол + коды 14000 жол + коды 15000 жол;

      коды 11000 жол = коды 11100 жол + коды 11200 жол;

      коды 11200 жол = коды 11210 жол + коды 11220 жол + коды 11230 жол + коды 11240 жол + коды 11250 жол + коды 11260 жол;

      коды 11240 жолда қарыздарға сондай-ақ клиенттер есеп беретін банктен тартқан қарыздар кіреді;

      коды 11260 жолда басқа да ақша аударымдарына сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген аударымдар кіреді;

      коды 13000 жол = коды 13001 жол + коды 13002 жол;

      коды 13001 жолда клиенттердің резидент банктерде ашылған өз банктік шоттарынан ақша аударымдарына клиенттердің есеп беретін банкте ашылған банктік шотынан ақша аударымдары (банкішілік аударымдар) да кіреді;

      коды 14000 жол = коды 14100 жол + коды 14200 жол;

      коды 15000 жол = коды 15100 жол + коды 15200 жол;

      коды 20000 жол = коды 21000 жол + коды 22000 жол + коды 23000 жол + коды 24000 жол + коды 25000 жол;

      коды 21000 жол = коды 21100 жол + коды 21200 жол;

      коды 21200 жол = коды 21210 жол + коды 21220 жол + коды 21230 жол + коды 21240 жол + коды 21250 жол + коды 21260 жол;

      коды 21240 жолда қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау операцияларына клиенттердің есеп беретін банктен тартқан қарыздары бойынша міндеттемелерді орындау операциялары да кіреді;

      коды 21260 жолда басқа да ақша аударымдарына төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген аударымдар да кіреді;

      коды 23000 жол = коды 23001 жол + коды 23002 жол;

      коды 23001 жолда клиенттердің резидент банктерде ашылған өз банктік шоттарына ақша аударымдарына клиенттердің есеп беретін банкте ашылған өз банктік шоттарына ақша аударымдары (банкішілік аударымдар) да кіреді;

      коды 24000 жол = коды 24100 жол + коды 24200 жол;

      коды 25000 жол = коды 25100 жол + коды 25200 жол.

      9. 1-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) 1-нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

      10. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда 1-нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
2-қосымша

  Қазақстан Республикасының
ішкі валюта нарығында
сұраныс пен ұсыныс көздерін
мониторингтеу қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Банктің және оның клиенттерінің шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 2-INV

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер)

      Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейін, ай сайын.

      Нысан

1-бөлім. Банк операциялары

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Барлығы (мың теңге)

Оның ішінде валюта түрлері бойынша (валютаның мың бірлігімен)

USD

EUR

RUB

CNY

А

Б

В

1

2

3

4

5

1

Банктің шетел валютасын сатып алуы

110000






2

оның ішінде:







3

банктің клиенттерінен

110001






4

Қазақстан қор биржасында

110002






5

банкаралық нарықта

110003






6

Банктің шетел валютасын сатуы

120000






7

оның ішінде:







8

банктің клиенттеріне

120001






9

Қазақстан қор биржасында

120002






10

банкаралық нарықта

120003






2-бөлім. Банк клиенттерінің операциялары

      мың теңгемен

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Барлығы

оның ішінде:

теңгеге

басқа шетел валютасына

банк клиенттерінің

резиденттердің

бейрезиденттердің

резиденттердің

бейрезиденттердің

A

Б

В

1

2

3

4

5

1

Банк клиенттерінің шетел валютасын сатып алуы

210000






2

оның ішінде:







3

жеке тұлғалар

211000






4

оның ішінде клиенттердің шетел валютасындағы өз банктік шоттарына аударылғаны

211400






5

заңды тұлғалар

212000






6

оның ішінде клиенттердің шетел валютасындағы өз банктік шоттарына аударылғаны

212400






7

оның ішінде мына мақсаттар үшін:







8

қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу (уәкілетті ұйымдар)

212410



Х


Х

9

төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге аудару

212420






10

оның ішінде мына операциялар бойынша:







11

тауарларды және материалдық емес активтерді сатып алу

212421






12

қызметтер көрсету

212422






13

капиталға қатысу бойынша дивидендтер мен өзге кірістерді төлеу

212423






14

қарыздар ұсыну (беру)

212424






15

қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау

212425






16

бағалы қағаздармен операциялар

212426






17

басқалары

212427






18

резидент банктердің жинақ салымдарына орналастыру

212430






19

бейрезидент банктердегі шоттарға жеке қаражатын аудару

212440






20

Банк клиенттерінің шетел валютасын сатуы

220000






21

оның ішінде:







22

жеке тұлғалар

221000






23

оның ішінде клиенттердің ұлттық валютадағы өз банктік шоттарына аударылғандары

221400




Х

Х

24

заңды тұлғалар

222000






25

оның ішінде клиенттердің ұлттық валютадағы өз банктік шоттарына аударылғандары

222400




Х

Х

      Атауы __________________ Мекенжайы ____________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы_______________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________       _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефон

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      _________________________________________             ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Банктің және оның
клиенттерінің шетел валютасын
сатып алуы (сатуы) туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Банктің және оның клиенттерінің шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп (индексі – 2-INV, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Банктің және оның клиенттерінің шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – 2-нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. 2-нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді.

      3. 2-нысанда екінші деңгейдегі банк, "Қазақстанның Даму Банкі", "Қазпошта" акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – банктер) банктің (1-бөлім. "Банк операциялары") және банк клиенттерінің (2-бөлім. "Банк клиенттерінің операциялары") шетел валютасын сатып алу және сату көлемін көрсетеді.

      4. 2-нысанда базалық активті валюталау күніне нақты жеткізе отырып, шетел валютасын теңгеге, сол сияқты басқа валютаға сату және сатып алу көлемдері көрсетіледі.

      2-нысандағы деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден төмен сома 0-ге (нөлге) дейін дөңгелектенеді, 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Есепті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша валюталау күніне қайта есептеліп көрсетіледі.

      5. 2-нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. 2-нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-бөлімнің және 2-бөлімнің 1-бағаны бойынша сатып алынатын немесе сатылатын шетел валютасының жалпы көлемдері мың теңгемен көрсетіледі. 1-бөлімнің 2, 3, 4, 5-бағандары бойынша, тиісінше, сатып алынатын және сатылатын АҚШ долларының (USD), еуроның (EUR), Ресей рублінің (RUВ) және Қытай юанінің (CNY) көлемдері тиісті валютаның мың бірлігімен көрсетіледі. 2-нысанды толтыру үшін банктің қолма-қол және қолма-қол емес шетелдік валютасымен (блоттер) мәмілелерді тіркеу журналы пайдаланылады.

      7. 1-бөлімнің кодтары 110000 және 120000 жолдарына банк клиенттерімен айырбастау операциялары (банктің айырбастау пункттері арқылы жеке тұлғалармен операцияларды қоспағанда) және Қазақстан қор биржасы мен банкаралық нарықта жасалған операциялар бойынша мәліметтер кіреді.

      8. 2-бөлімде деректер шетел валютасын теңгеге және басқа шетел валютасына сатып алу (сату) операциялары, сондай-ақ резидент клиенттер және бейрезидент клиенттер жүзеге асыратын операциялар бойынша көрсетіледі.

      2-бөлімге жеке тұлғалардың шетел валютасын банктің айырбастау пункттері арқылы сатып алуы (сатуы) бойынша операциялары кірмейді.

      9. 2-нысанды толтырған кезде мына талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      коды 110000 жол >= коды 110001 жол + коды 110002 жол + коды 110003 жол;

      коды 120000 жол >= коды 120001 жол + коды 120002 жол + коды 120003 жол;

      2-бөлімде барлық жолдар бойынша 1-баған 2, 3, 4, 5-бағандардың сомасына тең;

      коды 210000 жол = коды 211000 жол + коды 212000 жол;

      коды 211000 жол >= коды 211400 жол;

      коды 212000 жол >= коды 212400 жол;

      коды 212400 жол = коды 212410 жол + коды 212420 жол + коды 212430 жол + коды 212440 жол;

      коды 212420 жол = коды 212421 жол + коды 212422 жол + коды 212423 жол + коды 212424 жол + коды 212425 жол + коды 212426 жол + коды 212427 жол;

      коды 220000 жол = коды 221000 жол + коды 222000 жол;

      коды 221000 жол >= коды 221400 жол;

      коды 222000 жол >= коды 222400 жол.

      2-нысанды толтырған кезде 2-нысанның және 1-нысанның деректерін төмендегідей келісу қамтамасыз етіледі:

      2-нысанның 2-бағанының коды 211400 жолы = 1-нысанның коды 14100 жолы (2-баған + 3-баған);

      2-нысанның 3-бағанының коды 211400 жолы = 1-нысанның коды 14100 жолы (4-баған + 5-баған);

      2-нысанның 2-бағанының коды 212400 жолы = 1-нысанның коды 14200 жолы (2-баған + 3-баған);

      2-нысанның 3-бағанының коды 212400 жолы = 1-нысанның коды 14200 жолы (4-баған + 5-баған);

      2-нысанның 2-бағанының коды 221400 жолы = 1-нысанның коды 24100 жолы (2-баған + 3-баған);

      2-нысанның 3-бағанының коды 221400 жолы = 1-нысанның коды 24100 жолы (4-баған + 5-баған);

      2-нысанның 2-бағанының коды 222400 жолы = 1-нысанның коды 24200 жолы (2-баған + 3-баған);

      2-нысанның 3-бағанының коды 222400 жолы = 1-нысанның коды 24200 жолы (4-баған + 5-баған).

      10. 2-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) 2-нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

      11. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда 2-нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
3-қосымша

  Қазақстан Республикасының
ішкі валюта нарығында
сұраныс пен ұсыныс көздерін
мониторингтеу қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Клиенттердің шетел валютасындағы банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 3-INV

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейін, ай сайын.

      Нысан

  Банктік шот валютасының
мың бірлігімен

Жолдың коды

Барлығы

1

Клиенттің атауы




Клиенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)




Көрсеткіштің атауы \ Банктік шот валютасы

USD

EUR

RUB

USD

EUR

RUB

USD

EUR

RUB

А

Б

В

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Кезең басындағы қалдық

100000










2

Клиенттердің шетел валютасындағы банктік шоттарына түсім, барлығы

210000










3

оның ішінде:











4

резиденттерден

211000










5

оның ішінде мына операциялар бойынша:











6

тауарлар мен материалдық емес активтерді сату

211110










7

қызмет көрсету

211120










8

Берілген қарыздар бойынша негізгі борыш және кірістер сомасын алу

211130










9

резидент банктерден қарыздар тарту

211140










10

бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар және капиталға қатысуды қамтамасыз ететін жарналар

211150










11

басқа да ақша аударымдары

211160










12

бейрезиденттерден

212000










13

оның ішінде мына операциялар бойынша:











14

тауарлар мен материалдық емес активтерді сату

212110










15

қызмет көрсету

212120










16

берілген қарыздар бойынша борыш пен кірістер сомасын алу

212130










17

қарыздар тарту

212140










18

бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар және капиталға қатысуды қамтамасыз ететін жарналар:

212150










19

басқа да ақша аударымдары

212160










20

клиенттердің өздерінің банктік шоттарынан ақша аударуы

210300










21

оның ішінде мыналарда ашылған:











22

резидент банктерде

210301










23

бейрезидент банктерде

210302










24

теңгеге шетел валютасын сатып алу

210400










25

қолма-қол және шетел валютасын өздерінің банктік шоттарына есептеу

210500










26

Клиенттердің шетел валютасындағы банктік шоттарынан ақшаны алу, барлығы

220000










27

Оның ішінде мыналардың пайдасына:











28

резиденттердің

221000










29

оның ішінде мынадай операциялар бойынша:











30

тауарлар мен материалдық емес активтерді сатып алу

221110










31

қызметтер алу

221120










32

қарыздар беру

221130










33

резидент банктерден тартылған қарыздар бойынша міндеттеме-лерді орындау

221140










34

бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар және капиталға қатысуды қамтамасыз ететін жарналар:

221150










35

басқа да ақша аударымдары

221160










36

бейрезиденттерден

222000










37

оның ішінде мынадай операциялар бойынша:











38

тауарлар мен материалдық емес активтерді сатып алу

222110










39

қызметтер алу

222120










40

қарыздар беру

222130










41

қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау

222140










42

бағалы қағаздармен, вексельдермен операциялар және капиталға қатысуды қамтамасыз ететін жарналар:

222150










43

басқа да ақша аударымдары

222160










44

клиенттердің өздерінің банктік шоттарына ақша аударымдары

220300










45

оның ішінде мыналарда ашылған:











46

резидент банктерде

220301










47

бейрезидент банктерде

220302










48

теңгеге шетел валютасын сату

220400










49

қолма-қол шетел валютасын өздерінің банктік шоттарынан алу

220500










50

кезең аяғындағы қалдық

300000










51

шетел валютасын сатып алу (оның ішінде басқа шетел валютасына), барлығы

410400










52

оның ішінде бейрезиденттердің пайдасына төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру үшін

412400










53

шетел валютасын сату (оның ішінде басқа шетел валютасына) сату, барлығы

420400










      Атауы __________________ Мекенжайы ____________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы_______________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________       _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефон

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      _________________________________________             ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Клиенттердің шетел
валютасындағы банктік
шоттарындағы ақша қозғалысы
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Клиенттердің шетел валютасындағы банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп (индексі – 3-INV, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Клиенттердің шетел валютасындағы банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – 3-нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. 3-нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді.

      3. 3-нысан тізбесін банк клиенттері жасайтын валюталық операциялардың (бұдан әрі – Клиенттердің тізбесі) көлемін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қалыптастыратын және жаңартатын банк клиенттерінің операциялары бойынша екінші деңгейдегі банк, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер) жасайды.

      Клиенттердің тізбесіне Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, операциялары ішкі валюта нарығында шетел валютасына ұсыныстың немесе шетел валютасына сұраныстың негізгі көлемдерін қамтамасыз ететін бейрезидент заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері кіреді.

      Клиенттердің тізбесін Ұлттық Банк жаңартып отырады және жаңартылуына қарай банкке жазбаша түрде жіберіледі.

      4. 3-нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. 3-нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 3-нысан банктің Клиенттер тізбесіне кіретін әрбір клиенті үшін толтырылады. 3-нысан банк клиенттерінің шетел валютасындағы банктік шоттардың жалпы жай-күйін көрсетеді: банк клиенттерінің мына валюталармен: АҚШ долларымен, еуромен, Ресей рублімен ашылған банктік шоттары бойынша операциялар нәтижесінде болған, есепті кезеңдегі өзгерістерді бөле отырып, кезең басындағы және соңындағы қалдықтарды көрсетеді. Деректер банктік шот валютасының мың бірлігімен толтырылады. Мың бірлікпен берілген деректер үшін 500 (бес жүз) бірліктен кем сома 0 (нөлге) дейін, ал 500 (бес жүз) бірлікке тең және одан асатын сома 1000 (бір мың) бірлікке дейін дөңгелектенеді.

      6. 3-нысанды толтырған кезде банк клиенттің төлемін (аударымын) банктік шот валютасынан басқа валютамен жүргізген жағдайда, төлем (аударым) валюта конвертациясы ретінде емес, дәл мәнімен көрсетіледі.

      7. 3-нысанды толтырған кезде мына талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      кестенің барлық жолдары бойынша 1, 2, 3-бағандар барлық клиенттер бойынша банктік шоттың тиісті валютасы бойынша мәндердің сомаларына тең;

      коды 100000 жол = өткен есепті кезең үшін коды 300000 жолы;

      коды 300000 жол = коды 100000 жол + (коды 210000 жол - коды 210400 жол) + коды 410400 жол - (коды 220000 жол - коды 220400 жол) - коды 420400 жол;

      коды 210000 жол = коды 211000 жол + коды 212000 жол + коды 210300 жол + коды 210400 жол + коды 210500 жол;

      коды 211000 жол = коды 211110 жол + коды 211120 жол + коды 211130 жол + коды 211140 жол + коды 211150 жол + коды 211160 жол;

      коды 211140 жолда резидент банктерден қарыздар тарту бойынша операцияларға есеп беретін банктен тартылған қарыздар да кіреді;

      коды 212000 жол = коды 212110 жол + коды 212120 жол + коды 212130 жол + коды 212140 жол + коды 212150 жол + коды 212160 жол;

      коды 210300 жол = коды 210301 жол + коды 210302 жол;

      коды 210301 жолда клиенттердің резидент банктерде ашылған өз банктік шоттарынан ақша аударымдарына клиенттердің есеп беретін банкте ашылған банктік шоттан ақша аударымдары (банкішілік аударымдар) да кіреді;

      коды 220000 жол = коды 221000 жол + коды 222000 жол + коды 220300 жол + коды 220400 жол + коды 220500 жол;

      коды 221000 жол = коды 221110 жол + коды 221120 жол + коды 221130 жол + коды 221140 жол + коды 221150 жол + коды 221160 жол;

      коды 221140 жолда резидент банктерден тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау операцияларына есеп беретін банктен тартылған қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау операциялары да кіреді;

      коды 222000 жол = коды 222110 жол + коды 222120 жол + коды 222130 жол + коды 222140 жол + коды 222150 жол + коды 222160 жол;

      коды 220300 жол = коды 220301 жол + коды 220302 жол;

      коды 220301 жолда клиенттердің резидент банктерде ашылған өздерінің банктік шоттарына ақша аударымдарына клиенттердің есеп беретін банкте ашылған өздерінің банктік шотына ақша аударымдары (банкішілік аударымдар) да кіреді;

      коды 410400 жол >= коды 412400 жол.

      8. 3-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) 3-нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

      9. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда 3-нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
4-қосымша

  Қазақстан Республикасының
ішкі валюта нарығында
сұраныс пен ұсыныс көздерін
мониторингтеу қағидаларына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Банк клиенттерінің шетел валютасының ірі көлемдерін сатып алу операциялары туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 4-INV

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейін, ай сайын.

      Нысан

Клиенттің атауы

Жолдың коды

Барлығы

Клиенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

Барлығы (мың теңге)

оның ішінде, валюталар түрі бойынша (валютаның мың бірлігінде)

Көрсеткіштің атауы

USD

EUR

RUB

CNY

А

Б

В

1

2

3

4

5

1-бөлім. Шетел валютасын сатып алу және сату (валюталардың барлық түрлері)

1

Шетел валютасын сатып алу, барлығы

212100






2

оның ішінде:







3

шетел валютасындағы ағымдағы шотқа есептелді

212101






4

шетел валютасындағы жинақ шотына есептелді

212102






5

басқа резидент банктердегі өз шоттарына аударылды

212103






6

басқа резидент банктердің шоттарына басқа тұлғалардың пайдасына аударылды

212104






7

басқа бейрезидент банктердің шоттарына басқа тұлғалардың пайдасына аударылды

212105






8

бейрезидент банктердің өз шоттарына аударылды

212106






9

қолма-қол ақшамен берілді

212107






10

Шетел валютасын сату, барлығы

222100






11

оның ішінде:







12

басқа шетел валютасына

222120






13

теңгеге

222110






14

оның ішінде ұлттық валютада банктік шоттарға есептелді

222111






2-бөлім. Шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттары

15

Шетел валютасын теңгеге сатып алу, барлығы

121100






16

оның ішінде, мына мақсаттар бойынша:







17

тауарлар мен материалдық емес активтерді сатып алу

121101






18

қызметтер алу

121102






19

капиталға қатысуы бойынша дивидендтер мен өзге кірістерді төлеу

121103






20

қарыздар ұсыну (беру)

121104






21

қарыздар бойынша міндеттемелерді орындау

121105






22

бағалы қағаздармен операциялар

121106






23

өтеусіз қаржылық (материалдық) көмек және басқа өтеусіз аударымдар

121107






24

резидент банктердің жинақ салымдарына орналастыру

121108






25

бейрезидент банктердің шоттарына меншікті қаражатын аудару

121109






26

қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізу (уәкілетті ұйымдар)

121110






27

басқасы

121111






      кестенің жалғасы

1

Барлығы (мың теңге)

оның ішінде, валюталар түрі бойынша (валютаның мың бірлігінде)

Барлығы (мың теңге)

оның ішінде, валюталар түрі бойынша (валютаның мың бірлігінде)

USD

EUR

RUB

CNY

USD

EUR

RUB

CNY

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

1-бөлім. Шетел валютасын сатып алу және сату (валюталардың барлық түрлері)













































































































































2-бөлім. Шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттары



































































































































      Атауы __________________ Мекенжайы ____________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы_______________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________       _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефон

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      _________________________________________             ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Клиенттердің шетел
валютасындағы банктік
шоттарындағы ақша қозғалысы
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Банк клиенттерінің шетел валютасының ірі көлемдерін сатып алу операциялары туралы есеп (индексі – 4-INV, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Банк клиенттерінің шетел валютасының ірі көлемдерін сатып алу операциялары туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – 4-нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. 4-нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді.

      3. 4-нысанды есепті кезеңде жалпы сомасы бір миллиард теңгеден астам баламасындағы шетел валютасында сатып алу жүргізген резидент және бейрезидент заңды тұлғалардың операциялары бойынша ай сайын екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер) толтырады.

      4. 4-нысан банктің әрбір клиенті үшін толтырылады және клиенттің ұлттық валютаға және басқа шетел валютасына шетел валютасын сатып алу және сату көлемдерін (1-бөлім) және сатып алу мақсаттары бөлігінде ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алу көлемдерін (2-бөлім) көрсетеді.

      5. 4-нысанда шетел валютасын сатып алу және сату көлемдері валюталау күніне шетел валютасын нақты жеткізу бойынша көрсетіледі.

      Есепті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша валюталау күніне қайта есептеліп көрсетіледі.

      500 (бес жүз) бірліктен аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) бірлікке тең және одан көп сома 1000 (бір мың) бірлікке дейін дөңгелектенеді.

      6. 4-нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. 4-нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      7. 1-бөлімнің және 2-бөлімінің 1-бағаны бойынша сатып алынатын және сатылатын шетел валютасының жалпы көлемдері мың теңгемен көрсетіледі. 1-бөлімнің және 2-бөлімінің 2, 3, 4, 5-бағандары бойынша, тиісінше, сатып алынатын және сатылатын АҚШ долларының (USD), еуро (EUR), Ресей рублінің (RUB) және Қытай юанінің (CNY) көлемдері тиісті валютаның мың бірлігімен көрсетіледі.

      2-бөлімде шетел валютасын теңгеге сатып алу мақсаттары клиенттердің ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алуға ресімдеген өтінімдерінің негізінде көрсетіледі.

      4-нысанды толтыру кезінде мынадай талаптарды орындау қамтамасыз етіледі:

      коды 212101 жол + коды 212102 жол + коды 212103 жол + коды 212104 жол + коды 212105 жол + коды 212106 жол + коды 212107 жол = коды 212100 жолға:

      коды 222120 жол + коды 222110 жол = коды 222100 жол;

      коды 222110 жол >= коды 222111 жол;

      коды 212100 жол >= коды 121100 жол;

      коды 121101 жол + коды 121102 жол + коды 121103 жол+ коды 121104 жол + коды 121105 жол + коды 121106 жол + коды 121107 жол + коды 121108 жол+ коды 121109 жол + коды 121110 жол+ коды 121111 жол = коды 121100 жол.

      Коды 212104 жолға сондай-ақ есеп ұсынатын банкке басқа тұлғалардың банктік шоттарына аударымдары кіргізіледі.

      8. 4-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) 4-нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

      9. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда 4-нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
5-қосымша

  Қазақстан Республикасының
ішкі валюта нарығында
сұраныс пен ұсыныс көздерін
мониторингтеу қағидаларына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банк болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 5-INV

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиясы бар, банк болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (бұдан әрі – кәсіби қатысушы)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейін, ай сайын.

      Нысан

1-бөлім. Кәсіби қатысушының операциялары

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Барлығы мың (теңге)

Оның ішінде валюта түрлері бойынша (валютаның мың бірлігімен)

USD

EUR

RUB

CNY

А

Б

В

1

2

3

4

5

1

Кәсіби қатысушының клиенттердің тапсырмалары бойынша шетел валютасын сатып алуы

111






2

Кәсіби қатысушының клиенттердің тапсырмалары бойынша шетел валютасын сатуы

112






3

Бір клиенттің күніне шетел валютасын сатып алатын ең көп көлемі

120






2-бөлім. Шетел валютасымен операциялар жүзеге асырған клиенттер саны

Көрсеткіштің атауы

Жолдың коды

Валюталар түрлері бөлігінде операциялар жүзеге асырған клиенттер саны

USD

EUR

RUB

CNY

А

Б

В

1

2

3

4

1

шетел валютасын сатып алған клиенттер саны

210





2

шетел валютасын сатқан клиенттер саны

220





      Атауы __________________ Мекенжайы ____________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы_______________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________       _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефон

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      _________________________________________             ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Шетел валютасымен
айырбастау операцияларына
лицензиясы бар, банк болып
табылмайтын бағалы
қағаздар нарығына кәсіби
қатысушының шетел валютасын
сатып алуы (сатуы)
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банк болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп (индексі – 5-INV, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банк болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алуы (сатуы) туралы есеп" нысанын (бұдан әрі - 5-нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. 5-нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді.

      3. 5-нысанда шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банк болып табылмайтын кәсіби қатысушы (бұдан әрі - кәсіби қатысушы) шетел валютасын сатып алу және сату көлемін (1-бөлім. "Кәсіби қатысушының операциялары") және шетел валютасын сатып алу және сату операцияларын жүзеге асырған клиенттер санын (2-бөлім. "Шетел валютасымен операциялар жүзеге асырған клиенттер саны") көрсетеді.

      4. 5-нысанда негізгі активті валюталау күніне нақты қоя отырып, шетел валютасын теңгеге, сол сияқты басқа валютаға сатып алу және сату көлемдері көрсетіледі.

      5-нысандағы деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Есепті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша валюталау күніне қайта есептеліп көрсетіледі.

      5. 5-нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. 5-нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-бөлімнің 1-бағаны бойынша сатып алынатын немесе сатылатын шетел валютасының жалпы көлемі мың теңгемен көрсетіледі. 1-бөлімнің 2, 3, 4 және 5-бағандары бойынша тиісінше сатып алынатын және сатылатын АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB) және қытай юаны (CNY) көлемі тиісті валютаның мың бірлігімен көрсетіледі.

      7. 1-бөлімнің 111 және 112-кодты жолдарында кәсіби қатысушының клиенттердің тапсырмалары бойынша Қазақстан қор биржасында айырбастау операциялары бойынша мәліметтер қамтылады.

      8. 1-бөлімнің 120-кодты жолында валютаның әрбір түрі бойынша бір операциялық күндегі бір клиенттің тапсырмасы бойынша кәсіби қатысушы сатып алған шетел валютасының ең көп көлемі көрсетіледі.

      9. 2-бөлімде валюталар түрлері бөлігінде кәсіби қатысушының шетел валютасын сатып алған және сатқан клиенттерінің саны туралы деректер көрсетіледі.

      10. 5-нысанға деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) 5-нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

      11. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда 5-нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
6-қосымша

  Қазақстан Республикасының
ішкі валюта нарығында
сұраныс пен ұсыныс көздерін
мониторингтеу қағидаларына
6-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Қолма-қол шетел валютасының қозғалысы туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 16-PB

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20___ жылғы "___" _______________

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер)

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-не (қоса алғанда) дейін, ай сайын.

      Нысан

      валютаның мың бірлігімен

Көрсеткіштің атауы

Код жолы

АҚШ доллары

ЕУРО

Ресей рублі

А

Б

В

1

2

3

1

Қолма-қол шетел валютасының кезең басындағы қалдығы

100





2

Қолма-қол шетел валютасының түскені, барлығы

200





3

оның ішінде:






4

банктің Қазақстанға әкелгені

210





5

резидент банктермен және Ұлттық Банкпен операциялар

220





6

бейрезидент банктермен операциялар

225





7

валюталық шоттарға есептеу үшін банктік емес заңды тұлға-резиденттерден түсімдер

230





8

валюталық шоттарға есептеу үшін банктік емес заңды тұлға-бейрезиденттерден түсімдер

240





9

уәкілетті ұйымдардан сатып алынды

245





10

банктің айырбастау пунктері арқылы жеке тұлғалардан сатып алынды

250





11

валюталық шоттарға есептеу үшін жеке тұлға-резиденттерден қабылданды

260





12

валюталық шоттарға есептеу үшін жеке тұлға-бейрезиденттерден қабылданды

270





13

банктік шотты ашпастан және (немесе) пайдаланбастан біржолғы аударым үшін жеке тұлға-резиденттерден қабылданды

280





14

банктік шотты ашпастан және (немесе) пайдаланбастан біржолғы аударым үшін жеке тұлға-бейрезиденттерден қабылданды

300





15

жеке тұлғаларға жол чектерін сатудан қабылданды

311





16

өзге де түсімдер

320





17

Жұмсалған қолма-қол шетел валютасы, барлығы

400





18

оның ішінде:






19

банктің Қазақстаннан шығарғаны

410





20

резидент банктермен және Ұлттық Банкпен операциялар

420





21

бейрезидент банктермен операциялар

425





22

валюталық шоттардан банктік емес заңды тұлға-резиденттерге берілді

430





23

валюталық шоттардан заңды тұлға-бейрезиденттерге берілді

440





24

уәкілетті ұйымдарға сатылды

445





25

жеке тұлғаларға банктің айырбастау пунктері арқылы сатылды

450





26

валюталық шоттардан жеке тұлға-резиденттерге берілді

460





27

валюталық шоттардан жеке тұлға-бейрезиденттерге берілді

470





28

банктік шотты ашпастан және (немесе) пайдаланбастан біржолғы аударым бойынша жеке тұлға-резиденттерге берілді

480





29

банктік шотты ашпастан және (немесе) пайдаланбастан біржолғы аударым бойынша жеке тұлға-бейрезиденттерге берілді

500





30

жол чектерін өтеу (қабылдау) кезінде жеке тұлғаларға берілді

511





31

өзге шығыстар

520





32

Қолма-қол шетел валютасының кезең соңындағы қалдығы

600





      Атауы __________________ Мекенжайы ____________________________

      Телефоны ___________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы_______________________________________ ______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________       _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)       қолы, телефон

      Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      _________________________________________             ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Қолма-қол шетел валютасының
қозғалысы туралы есеп
нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Қолма-қол шетел валютасының қозғалысы туралы есеп (индексі – 16-PB, кезеңділігі – ай сайын)

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Бұл түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Шетел валютасындағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – 16-PB-нысан) толтырудың бірыңғай талаптарын анықтайды.

      2. 16-PB-нысаны "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді.

      3. 16-PB-нысанында көрсеткіштерді екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Қазпошта" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – банктер) есеп беру кезеңінде мәмілелер жасалған немесе есепті кезеңнің басында немесе соңында қолма-қол шетел валютасының қалдығы болған үш шетел валюталар түрлерінде көрсетеді.

      4. Деректер мыңдық валюта бірліктерінде бір бірлік деңгей дәлдікпен көрсетілген. Мыңдық бірліктегі деректер үшін 500 (бес жүзден) аз бірлік 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді және 500 (бес жүз) немесе одан да көп бірліктерге тең сома 1000 (бір мың) бірлікке дейін дөңгелектенеді.

      5. 16-PB-нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. 16-PB-нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      6. Кодтары 220 және 420 "Резидент банктер мен Ұлттық Банкпен операциялар" жолдарында қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату, қолма-қол шетел валютасын банктік шоттан алу және банктік шотқа салу операциялары көрсетіледі.

      7. Кодтары 225 және 425 "Бейрезидент банктермен операциялар" жолдарында кодтары 210 және 410 жолдарына енген операцияларды есептемегендегі қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату, қолма-қол шетел валютасын банктік шоттан алу және банктік шотқа салу операциялары көрсетіледі.

      8. 16-PB-нысанын толтыру кезінде келесі шарттардың орындалуы қамтамасыз етілуі қажет:

      16-PB-нысанының барлық бағандары бойынша:

      коды 100 жол= алдыңғы кезең есебінің коды 600 жолы;

      коды 200 жол = коды 210 жол + коды 220 жол + коды 225 жол + коды 230 жол + коды 240 жол + коды 254 жол + коды 250 жол + коды 260 жол + коды 270 жол + коды 280 жол + коды 300 жол + коды 311 жол + коды 320 жол;

      коды 400 жол = коды 410 жол + коды 420 жол + коды 425 жол + коды 430 жол + коды 440 жол + коды 445 жол + коды 450 жол + коды 460 жол + коды 470 жол + коды 480 жол + коды 500 жол + коды 511 жол + коды 520 жол;

      коды 600 жол = коды 100 жол + коды 200 жол - коды 400 жол.

      9. 16-PB-нысанына деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) 16-PB-нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 2 (екі) ай ішінде енгізіледі.

      10. Есепті кезеңде операция және/немесе кезеңнің басына немесе соңына қолма-қол шетел валютасының қалдықтары болмаған жағдайда, 16-PB-нысаны берілмейді.

      11. 320 "Өзге түсімдер" жолы және 520 "Өзге шығыстар" жолы тең болуы тиіс. Көрсетілген жолдардың теңсіздігі жағдайында ілеспе құжатты қоса беру қажет.

      12. Егер балансты бақылау кезіндегі айырмашылық (700-Н) 500 (бес жүз) доллардан (баламада) артық болса, дөңгелектеу кезінде туындаған айырманың есебін қоса беру қажет.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
7-қосымша

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
мониторингтеу қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: есептік нөмір беру орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына ұсынылады

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ПР-К/Э-3

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: ______ жылғы __________ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: резидент

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне (қоса алғанда) дейін

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік нөмірі _____________

      Шарттың валютасы____________________

      валюталық шарт валютасының мың бірлігі

Жолдар коды

Көрсеткіштердің атауы

Барлығы

оның ішінде ақша түрінде



1

2

10

Есепті кезеңде кредит бойынша сыйақы есептелетін мөлшерлеме (жылдық %)


Х

1-бөлім. Негізгі борыш бойынша мәліметтер

1-бөлік. Қарыз алушының кредиторға талаптары - берілген аванстар (алдын ала ақы)

11

Есепті кезеңнің басында берілген аванстар (алдын ала ақы)


Х

12

Есепті кезеңде қарыз алушы кредиторға берген аванстар (алдын ала ақы)



13

Есепті кезеңде қарыз алушыға кредитор өтеген аванстар (кредитор қарыз алушыға кредит бойынша қаражат ұсынды)



14

Аванс бойынша басқа да өзгерістер (+)/(-)



15

Есепті кезеңнің соңында берілген аванстар (алдын ала ақы) (=(11)+(12)-(13)+(14))


Х

2-бөлік. Қарыз алушының кредитор алдындағы міндеттемелері

16

Есепті кезеңнің басындағы негізгі борыш бойынша берешек


Х

17

оның ішінде мерзімі өткен берешек


Х

Есепті кезеңдегі өзгерістер:

18

Резидентті басқа резидентке (бейрезидентті басқа бейрезидентке) ауыстыру арқылы борыштың ұлғаюы


Х

19

Резидентті бейрезидентке (бейрезидентті резидентке) ауыстыру арқылы борыштың ұлғаюы


Х

20

Кредитор қарыз алушыға кредит бойынша қаражат ұсынды



21

Сыйақы капиталдандырылды (=51)


Х

22

Қарыз алушы кредиторға қарызды өтеді



22а

оның ішінде мерзімінен бұрын



23

Борышты қарыз алушының өзге де шарттар бойынша кредиторға қойылатын талаптарымен өзара есепке алуы



24

Кредитордың қарыз алушының борышын кешіруі


Х

25

Борыш капиталға қатысу құралдарына (қарыз алушы және (немесе) үшінші тұлғалардың), қарыз алушының жылжымайтын мүлкіне және өзге активіне ауыстырылды


Х

26

Борыш қарыз алушының борыштық бағалы қағаздарына, қарыз алушының тауарды жеткізуіне және өзге де борыштық міндеттемелеріне ауыстырылды


Х

27

Резидентті басқа резидентке (бейрезидентті басқа бейрезидентке) ауыстыру арқылы борыштың азаюы


Х

28

Резидентті бейрезидентке (бейрезидентті резидентке) ауыстыру арқылы борыштың азаюы


Х

29

Басқа негіздемелер бойынша жаңа есептік нөмір алғандықтан борышты тасымалдау (+)/(-)


Х

30

Борыш есептен шығарылды


Х

31

Борыш бойынша басқа өзгерістер (+)/(-) (толық жазу)



32

Кредиттің игерілмеген бөлігі жойылды


Х

33

Есепті кезеңнің соңындағы негізгі борыш бойынша берешек (=(16) + (18) + (19) + (20) + (21) - (22) - (24) - (25) - (26) - (27) - (28) + (29) - (30) + (31))


Х

34

оның ішінде мерзімі өткен берешек


Х

2-бөлім. Сыйақы бойынша мәліметтер

1-бөлік. Қарыз алушының кредиторға талаптары - берілген аванстар (алдын ала ақы)

41

Есепті кезеңнің басындағы қарыз алушының кредиторға талаптары


Х

42

Есепті кезеңде қарыз алушы кредиторға берген аванстар (алдын ала ақы)



43

Есепті кезеңде өтелген аванстар (сыйақы есептелді)


Х

44

Аванс бойынша басқа өзгерістер (+)/(-)



45

Есепті кезеңнің соңындағы қарыз алушының кредиторға талаптары (=(41)+(42)-(43)+(44))


Х

2-бөлік. Қарыз алушының кредитор алдындағы міндеттемелері

46

Есепті кезеңнің басындағы сыйақы бойынша берешек


Х

47

оның ішінде мерзімі өткен берешек


Х

Есепті кезеңдегі өзгерістер:

48

Сыйақының резидентті басқа резидентке (бейрезидентті басқа бейрезидентке) ауыстыру арқылы ұлғаюы


Х

49

Сыйақының резидентті бейрезидентке (бейрезидентті резидентке) ауыстыру арқылы ұлғаюы


Х

50

Есепті кезеңде сыйақы есептелді


Х

51

Есепті кезеңде сыйақы капиталдандырылды


Х

52

Төленген сыйақы, басқа шарттар бойынша қарыз алушының кредиторға қойған талаптарымен сыйақыны өзара есепке алуы



53

оның ішінде мерзімінен бұрын



54

Кредитордың қарыз алушыға сыйақысын кешіруі, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін төмендету арқылы


Х

55

Сыйақы капиталға қатысу құралдарына (қарыз алушы және (немесе) үшінші тұлғалардың), қарыз алушының жылжымайтын мүлкіне және өзге активіне ауыстырылды


Х

56

Сыйақы қарыз алушының борыштық бағалы қағаздарына, қарыз алушының тауарды жеткізуіне және өзге де борыштық міндеттемелеріне ауыстырылды


Х

57

Сыйақының резидентті басқа резидентке (бейрезидентті басқа бейрезидентке) ауыстыру арқылы азаюы


Х

58

Сыйақының резидентті бейрезидентке (бейрезидентті резидентке) ауыстыру арқылы азаюы


Х

59

Басқа негіздемелер бойынша жаңа есептік нөмір алғандықтан сыйақыны тасымалдау (+)/(-)


Х

60

Сыйақы есептен шығарылды


Х

61

Сыйақы бойынша басқа өзгерістер (+)/(-) (толық жазу)



62

Есепті кезеңнің соңындағы сыйақы бойынша берешек (=(46) + (48) + (49) + (50) - (51) - (52) - (54) - (55) - (56) - (57) - (58) + (59) - (60) + (61), оның ішінде:


Х

63

мерзімі өткен берешек


Х

64

салықтар бойынша берешек



3-бөлім. Қарыз алушы төлейтін ілеспе төлемдер бойынша мәліметтер

69

Есепті кезеңнің басындағы төленбеген комиссиялық төлемдер, айыппұлдар және қарыз алушы төлейтін басқа да төлемдер


Х

70

Қарыз алушы есепті кезеңде комиссиялар, айыппұлдар және шарттың талаптарында қарыз алушының төлеуі көзделген басқа да төлемдер төледі



71

Қарыз алушыға есепті кезеңде комиссиялар, айыппұлдар және шарттың талаптарында қарыз алушының төлеуі көзделген басқа да төлемдер кешірілді


Х

72

Есепті кезеңде комиссиялар, айыппұлдар және шарттың талаптарында қарыз алушының төлеуі көзделген басқа да төлемдер есептен шығарылды


Х

73

Қарыз алушы есепті кезеңде айыппұлдарды және қарыз алушыға соттар мен басқа да мемлекеттік мекемелер салған басқа да төлемдерді төледі



74

Қарыз алушының басқа да төлемдері (толық жазу)



75

Қарыз алушының басқа да операциялары, басқа да өзгерістер (толық жазу)



76

Есепті кезеңнің соңындағы төленбеген комиссиялар, айыппұлдар, қарыз алушы төлейтін басқа да төлемдер


Х

4-бөлім. Қарыз алушыға төленетін ілеспе төлемдер бойынша мәліметтер

79

Есепті кезеңнің басындағы төленбеген комиссиялық төлемдер, айыппұлдар және қарыз алушыға төленетін басқа да төлемдер


Х

80

Есепті кезеңде комиссиялар, айыппұлдар, шарттың талаптарында қарыз алушыға төленуі көзделген басқа да төлемдер қарыз алушыға төленді



81

Қарыз алушы есепті кезеңде комиссияларды, айыппұлдарды, шарттың талаптарында қарыз алушыға төленуі көзделген басқа да төлемдерді кешірді


Х

82

Есепті кезеңде комиссиялар, айыппұлдар, шарттың талаптарында қарыз алушыға төленуі көзделген басқа да төлемдер есептен шығарылды


Х

83

Қарыз алушыға есепті кезеңде айыппұлдар және қарыз берушіге соттар мен басқа да мемлекеттік мекемелер салған басқа да төлемдер төленді



84

Қарыз алушыға басқа төлемдер (толық жазу)



85

Қарыз алушының пайдасына басқа да операциялар, басқа да өзгерістер (толық жазу)



86

Есепті кезеңнің соңында төленбеген комиссиялар, айыппұлдар, қарыз алушы алуға арналған басқа да төлемдер


Х

      Ескертпе:______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      Резидент______________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлғаның атауы)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі______________________________

      Мекенжайы____________________________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________________________

      Орындаушы_________________________________________ ______________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ___________________________________________________ _______________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Қаржылай қарызды игеру
және қызмет көрсету туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп (индексі – ПР-К/Э-3, кезеңділігі – тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасының резиденттері есептік нөмір берілген қаржылай қарыздың валюталық шарттары бойынша тоқсан сайын ұсынады.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам (заңды тұлғалар үшін) және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      5. 1-бағанда төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, тауарлар жеткізу (жұмысты орындау, қызмет көрсету), активтерді беру, міндеттемелерді өзгеше орындау түрінде қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету, 2-бағанда төлемдер және (немесе) ақша аударымдары түрінде ғана көрсетіледі.

      6. Коды 10-жолда есепті кезеңде орташа алынған таза (салықтарды есептемегендегі) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық %) көрсетіледі. Сыйақы мөлшерлемесі жүз үлеске дейін дөңгелектей отырып, сан түрінде көрсетіледі. Егер кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болса, онда мөлшерлеменің есепті кезеңдегі базалық мәнін пайдалану керек. Егер кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі нөлдік болса, онда нөлдік мәндері қойылады.

      Егер Нысан нөлдік мәнмен ұсынылса коды 10-жол толтырылмайды.

      7. 1, 2, 3 және 4-тарауларда сомалар валюталық шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі. Егер қарыз мультивалюталық болса сомалар мың Америка Құрама Штаттарының долларымен көрсетіледі. Пайда болған бағамдық айырма басқа да өзгерістерде көрсетіледі (кодтары 14, 31, 44, 61, 75 және 85-жолдар).

      1-бөлімде негізгі борышты игеру мен өтеу бойынша ақпарат, 2-бөлімде сыйақы (егер сыйақы валюталық шартта көзделсе) есептеу мен төлеу бойынша ақпарат, 3, 4-бөлімдерде 1, 2-бөлімдерде көрсетілмеген өзге операциялар бойынша (бар болса): 3-бөлімде қарыз алушының өзінің операциялары бойынша, 4-бөлімде қарыз алушының пайдасына операциялар бойынша ақпарат көрсетіледі.

      Сыйақыға салық бойынша ақпарат 2-тарауда, басқа салықтар бойынша 3,4-тарауларда көрсетіледі.

      1, 2-бөлімдер қарыз алушының кредиторға талаптарын (бар болса) (1-бөлік) және қарыз алушының кредитордың алдындағы міндеттемесін (2-бөлік) қамтиды.

      Қарыз алушының кредиторға негізгі борыш (сыйақы) бойынша берілген аванстары (алдын ала ақылар) бар болса (1-бөлік), қарыз алушының кредитор алдындағы міндеттемелер туралы ақпарат (2-бөлік) аванстар толық өтелгеннен кейін толтырылады.

      8. Есепті кезеңнің басындағы берешек (кодтары 11, 16, 17, 41, 46, 47, 69 және 79-жолдар) өткен есепті кезеңнің соңындағы берешекке (кодтары 15, 33, 34, 45, 62, 63, 76 және 86-жолдар, тиісінше) тең. Берешек салықтар бойынша берешекті қоса отырып көрсетіледі.

      9. Борышты өтеу (коды 22-жол) ақша, тауарлар, жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрінде өтеуді қамтиды.

      Қаражатты (борыш, сыйақы, комиссиялар, айыппұлдар және басқа төлемдер – кодтары 24, 54, 71 және 81-жолдар) кешіру ретінде қарыз алушы өтемеген борыштық міндеттеменің кредитор мен қарыз алушының уағдаластығы негізінде ішінара немесе толық ерікті түрде азаюы танылады.

      Қаражатты (борыш, сыйақы, комиссиялар, айыппұлдар және басқа төлемдер – кодтары 30, 60, 72 және 82-жолдар) есептен шығару дегеніміз мыналарды білдіреді:

      1) резиденттің бейрезидент жойылған (қайтыс болған) жағдайда қаражатты (баланстан тыс) біржақты тәртіппен есептен шығаруы;

      2) резидент заңды тұлғаның банкроттығы кезінде қаражатты өтелген деп тану (таратылған резиденттің мүлігінің жетіспеушілігінен қанағаттандырылмаған, тарату балансы бекітілгенге дейін мәлімделмеген кредитор бойынша, тарату комиссиясы танымаған кредитордың талаптары);

      Қарыз алушының (кредитордың) резиденттігі өзгерген кезде қарыз алушы мен кредитор арасындағы міндеттемелер есепте есептен шығарылғандар ретінде (кодтары 30, 60, 72 және 82-жолдар) көрсетіледі.

      Кредиттің игерілмеген бөлігін жою (коды 32-жол) дегеніміз қарыз алушының алмаған (игерілмеген) валюталық шартта көзделген кредиттік қаражатының бір бөлігінің азаюын білдіреді.

      10. Кодтары 18, 19, 27, 28, 48, 49, 57 және 58-жолдар шартқа қатысушылар өзгерген кезде, оның ішінде бұрын Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары) 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес берілгеннің орнына жаңа есептік нөмір берілген кезінде толтырылады:

      кодтары 18, 27, 48 және 57-жолдар – талап ету құқығын басқаға беру (борышты аудару) немесе өзге де келісімдер нәтижесінде бастапқы кредитор және жаңа кредитор (бастапқы борышкер және жаңа борышкер) бірмезгілде резиденттер болып табылса немесе бірмезгілде бейрезиденттер болып табылса;

      кодтары 19, 28, 49 және 58-жолдар – талап ету құқығын басқаға беру (борышты аудару) немесе өзге де келісімдер нәтижесінде бастапқы кредитор және жаңа кредитор (бастапқы борышкер және жаңа борышкер) резидент (бейрезидент) және бейрезидент (резидент) болып табылса.

      Кодтары 29, 59-жолдар – бұрын Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары 15-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша берілген есептік нөмірдің орнына жаңа есептік нөмір берілгенде толтырылады.

      11. Коды 50-жол бойынша осы сыйақыдан салықты қоса алғанда, есепті кезеңде есептелген сыйақы көрсетіледі. Есепті кезеңде нақты төленген салық есепті кезеңде нақты төленген сыйақымен бірге коды 52-жол бойынша көрсетіледі. Бұл ретте есепті кезеңде төленген салық есепті кезеңнен бұрын есептелген сыйақыға жатқызылуы мүмкін.

      2-бағанда ақша түріндегі сыйақы мен салықтың нақты төлемі көрсетіледі.

      Есепті кезеңде тек сыйақыны төлемей салықты төлеу кезінде салықты төлеу 1-бағанда және 2-бағанда көрсетілуге тиіс.

      12. Ақшаны қайтару (төлемді орындамай қайтару) басқа да өзгерістерде (кодтары 31, 61, 74 және 84-жолдарда) көрсетіледі.

      13. Кодтары 25, 26, 31, 55, 56, 61, 74, 75, 84 және 85-жолдар Нысанға ескертпеде, оның ішінде активтің және (немесе) қарыз алушының борыштық міндеттемелерінің сипаттамасына талдаманы қажет етеді.

      14. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен беріледі.

      15. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 24-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
8-қосымша

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
мониторингтеу қағидаларына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: есептік нөмір беру орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына ұсынылады

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ПР-И/Г-4

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: ______ жылғы __________ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: резидент

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне (қоса алғанда) дейін

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік нөмірі ______________

      мың Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) доллары

Жолдар коды

Көрсеткіштердің атауы

Инвестордың атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)




А

Б

1

2

1-бөлік. Инвесторлардың инвестициялау объектісінің капиталына қатысуы

10

Есептi кезеңнiң басындағы жинақталған құн




20

Есепті кезеңде өзгеруі (+ұлғаю/-азаю) (21) + (22) + (23) + (24) + (25) + (26) + (27) + (28) + (29) + (30) + (31) + (32) + (33) + (34) + (35)





оның ішінде мыналардың есебінен:




21

ақша түсiмi (+)/ алу (-)




22

жабдықтың, тауардың және өзге мүлiктiң түсуi (+)/алынуы (-)




23

материалдық емес активтердiң түсуi (+)/алынуы (-)




24

коммерциялық кредиттер және қаржы қарыздары бойынша берешек есебінен жарғылық капиталдың ұлғаюы (+)/азаюы(-)




25

жарғылық капиталға дивидендтер есептеу (дивидендтердi акциялармен төлеу) (+)




26

өткен жылдардың бөлінбеген кірісі есебінен жарғылық капиталдың, резервтік капиталдың немесе капиталдың басқа баптарының +ұлғаюы/-азаюы




27

жылжымайтын мүлікті енгізу(+)/алуы (-)




28

бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздарын (вексельді қоса) енгізу (+)/ алу (-)




29

резидент эмитенттердің бағалы қағаздарын енгізу (+)/алу (-)




30

резиденттің резидентке (бейрезиденттің бейрезидентке) қатысу үлесін сатып алу (+)/сату (-)/сыйға тарту (+/-)




31

жаңа есептік нөмір алу (+)/(-)




32

бағамдық айырма (+)/(-)




33

баға өзгерістері (+)/(-)




34

инвестициялау объектісін жою (-), қайта ұйымдастыру (+/-) кезінде есептен шығару




36

резиденттің бейрезидентке (бейрезиденттің резидентке) қатысу үлесін сыйға тарту (+/-)




37

резиденттің бейрезидентке (бейрезиденттің резидентке) қатысу үлесін сатып алу (+)/сату (-)




38

басқалар (толық жазу)




39

Есепті кезеңнің соңындағы жинақталған құн (10) + (20)




40

Инвестордың есепті кезеңнің соңындағы жарғылық капиталға үлесі, %




41

Есепті кезеңде жарияланған дивидендтер




50

Есепті кезең үшін төленген (алынған) дивидендтер, төленген (төлеуге жататын) салықты қоса:
(51)+(52)+(53), оның ішінде




51

ақша түрінде




52

акциялар түрінде (қатысу үлесімен)




53

өзге (толық жазу)




54

Төлем көзінен ұсталатын инвестордың табысынан табыс салығын төлеу бойынша есепті кезеңнің аяғындағы берешек




Инвестициялау объектісінің акцияларды, қатысу үлестерін сатып алу (сату) бойынша есеп айырысулары туралы ақпарат

2-бөлік. Резиденттің бейрезидентке қоятын талаптары

60

Есепті кезеңнің басындағы бейрезиденттің резидент алдындағы берешегі


61

Есепті кезеңде берешектің ұлғаюы, оның ішінде:


61.1

резиденттің алдын ала ақы төлеуі


61.2

төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып инвестициялау объектісіне меншік құқығын бейрезидентке беру


62

Есепті кезеңде берешекті өтеу, оның ішінде:


62.1

инвестициялау объектісіне меншік құқығының резидентке өтуі


62.2

бейрезиденттің ақы төлеуі


63

Есепті кезеңдегі берешек бойынша басқа да өзгерістер (толық жазу)


64

Есепті кезеңнің аяғындағы бейрезиденттің резидент алдындағы берешегі (= (60) + (61) – (62) + (63)


3-бөлік. Резиденттің бейрезидент алдындағы міндеттемелері

70

Есепті кезеңнің басындағы резиденттің бейрезидент алдындағы берешегі


71

Есепті кезеңде берешектің ұлғаюы, оның ішінде:


71.1

бейрезиденттің алдын ала ақы төлеуі


71.2

төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып инвестициялау объектісіне меншік құқығын резидентке беру


72

Есепті кезеңде берешекті өтеу, оның ішінде:


72.1

инвестициялау объектісіне меншік құқығының бейрезидентке өтуі


72.2

резиденттің ақы төлеуі


73

Есепті кезеңдегі берешек бойынша басқа да өзгерістер (толық жазу)


74

Есепті кезеңнің аяғындағы резиденттің бейрезидент алдындағы берешегі (= (70) + (71) – (72) + (73)


      Ескертпе:__________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Резидент__________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлғаның атауы)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________

      Мекенжайы________________________________________________________________

      Телефоны ________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________

      Орындаушы_________________________________________ ______________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ____________________________________________________ _____________________

                  тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Инвестициялау объектісінің
капиталына қатысу туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп (индексі – ПР-И/Г-4, кезеңділігі – тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасының резиденттері есепті нөмірі берілген инвестициялау объектісінің капиталына қатысудың валюталық шарттары бойынша тоқсан сайын ұсынады.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам (заңды тұлғалар үшін) және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      5. Нысанды толтыру мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) инвестициялау объектісі – акциялары, қатысу үлестері, пайлары сатып алынатын (сатып алынған) заңды тұлға, инвестициялық пай қоры, сондай-ақ мүлігіне мүліктік жарна енгізілетін (енгізілген) заңды тұлға, жай серіктестік, консорциум. Депозитарлық қолхаттармен операциялар жүргізілген жағдайда, базалық активі болып табылатын бағалы қағаздың эмитенті инвестициялау объектісі болып табылады;

      2) инвестор - инвестициялау объектісіне меншік құқығы өтетін (өткен) жеке немесе заңды тұлға.

      6. Нысан жарғылық капиталға (акцияларымен, қатысу үлестерімен, пайлармен), жарғылық капиталға қарағанда өзге капиталға қатысу операциялары бойынша ұсынылады.

      Резиденттің инвестициялаудың бір объектісінің капиталына қатысу операциялары бойынша алған бірнеше есептік нөмірлер бойынша 1-бөлікті толтыруына рұқсат етіледі. Бұл жағдайда Нысан ұсынылатын барлық есептік нөмірлердің нөмірлері көрсетіледі.

      7. Егер резидент заңды тұлға оның капиталына қатысу операциялары бойынша берілген есептік нөмірлерді алса, онда 1, 2-бағандарда және одан әрі 1-бөлікте жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), әрбір бейрезиденттің заңды тұлғасының атауы және оның резиденттің капиталына қатысуы туралы ақпарат жеке көрсетіледі.

      Егер резидент берілген есептік нөмірлерді бейрезиденттің капиталына қатысу операциялары бойынша басқа резиденттермен бірлесе отырып алса, онда 1, 2-бағандарда және одан әрі 1-бөлікте 1 жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), әрбір резиденттің заңды тұлғасының атауы және оның бейрезиденттің капиталына қатысуы туралы ақпарат жеке көрсетіледі.

      Инвестициялық объектіні сатып алушы мен сатушы арасындағы операциялар бойынша резиденттің бейрезидентке талабы болған жағдайда 1 және 2-бөліктер, резиденттің бейрезидентке міндеттемесі болған жағдайда 1 және 3-бөліктер толтырылады. Егер резидент берілген есептік нөмірлерді бейрезиденттен резидент үшінші тұлғаның акцияларын, капиталындағы қатысу үлестерін сатып алу (бейрезидентке сату) операциялары бойынша алған болса, онда 1-бөлік толтырылмайды.

      8. Сомасы мың АҚШ долларымен көрсетіледі.

      Есепті кезеңдегі операциялар олардың нақты құны бойынша көрсетіледі. Өзге валюталармен көрсетілген сомалар тиісінше операция жүргізілген күнгі немесе есепті кезеңнің аяғындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, АҚШ долларына аударылады. Туындаған бағам айырмасы кодтары 32, 63 және 73-жолдар бойынша көрсетіледі.

      Есепті кезеңнің басындағы қалдық (кодтары 10, 60 және 70-жолдар) әрбір баған бойынша есепті кезеңнің алдындағы кезеңнің соңындағы қалдыққа (тиісінше кодтары 39, 64 және 74-жолдар) тең.

      9. Есепті кезеңдегі инвестициялау объектісінің капитал құнының ұлғаюы (+) белгісімен, капитал құнының азаюы (-) белгісімен көрсетіледі.

      Коды 31-жол Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары) 15-тармағына сәйкес бұрын берілген есептік нөмірдің орнына есептік нөмір берген кезде толтырылады.

      Кодтары 36 және 37-жолдар бойынша үшінші тұлғалардан (үшінші тұлғаларға) инвестициялау объектісін, оның ішінде бөліп төлеп сатып алған (сатқан), сыйға тартқан жағдайда инвесторға (инвестордың) инвестициялау объектісіне меншік құқығын нақты бергені көрсетіледі.

      Ақшаны қайтару (төлемді орындаусыз қайтару) коды 38-жолда көрсетіледі.

      10. Коды 41-жол бойынша төлем көзінен осы дивидендтерден ұсталатын салықты қоса алғанда, есепті кезеңде жарияланған дивидендтер көрсетіледі.

      Кодтары 51, 52 және 53-жолдар бойынша төлем көзінен ұсталатын және есепті кезеңде нақты төленген салық сомасымен есепті кезеңде инвесторларға нақты төленген дивидендтер көрсетіледі. Бұл ретте есепті кезеңде төленген салық есепті кезеңнен бұрын жарияланған дивидендтерге жатқызылуы мүмкін.

      Есепті кезеңде дивидендтерді төлеусіз салықты ғана төлеген кезде салықты төлеу тиісті кодтары 51, 52 және 53-жолдарда көрсетілуі тиіс.

      Салық бойынша берешек коды 54-жол бойынша көрсетіледі.

      11. Кодтары 60, 61, 61.1, 61.2, 62, 62.1, 62.2, 63, 64, 70, 71, 71.1, 71.2, 72, 72.1, 72.2, 73 және 74-жолдар инвестор алдын ала төлем немесе төлемді кейінгі қалдырумен үшінші тұлғадан акцияларды, инвестициялау объектісінің қатысу үлестерін сатып алған (үшінші тұлғаға сатқан) кезде толтырылады. Резидентте бейрезидентке талаптар туындаған кезде 2-бөлік толтырылады. Резидентте бейрезидент алдында міндеттемелер туындаған кезде 3-бөлік толтырылады.

      Тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету), өзге де ақшалай емес орындау түріндегі төлем Нысанға ескертпеде толық ашып жазуды талап етеді.

      12. Кодтары 38, 63 және 73-жолдарды толтыру Нысанға ескертпеде толық ашып жазуды талап етеді.

      13. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

      14. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 24-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
9-қосымша

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
мониторингтеу қағидаларына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: есептік нөмір беру орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына ұсынылады

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Міндеттемелердің орындалуы туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ПР-Д-5

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: ______ жылғы __________ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: резидент

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне (қоса алғанда) дейін

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік нөмірі ___________________

1-бөлім. Міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер

р/с №

Міндеттемелерді орындау түрі

Төлем белгілеу коды

Активтің аты

Жөнелтуші

Бенефициар

Күні

Валютасы

Сомасы, валютаның мың бірлігі

Ескертпе

Резиденттік белгісі

Атауы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Резиденттік белгісі

Атауы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12





































2-бөлім. Жинақталған құн және кірістер туралы мәліметтер

      мың Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) доллары

Жол коды

Көрсеткіштің атауы

Барлығы

А

Б

1

10

Есепті кезеңнің соңындағы жинақталған құн,
оның ішінде мыналар түрінде:


11

ақша


12

бағалы қағаздар, қатысу үлестері, оның ішінде:


12.1

акциялар, инвестициялық қорлардың пайлары, ақша нарығының қорлары


13

жылжымайтын мүлік


14

басқалары (толық ашып жазылсын)


20

Резиденттің есепті кезеңдегі кірісі


21

Бейрезиденттің есепті кезеңдегі кірісі


      Ескертпе:__________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Резидент__________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлғаның атауы)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________

      Мекенжайы________________________________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________

      Орындаушы _________________________________________ ____________________

                  тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      _______________________________________________ _________________________

                  тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Міндеттемелердің орындалуы
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Міндеттемелердің орындалуы туралы есеп (индексі – ПР-Д-5, кезеңділігі – тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Міндеттемелерді орындау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Қазақстан Республикасының резиденттері Нысанды бағалы қағаздармен, туынды қаржы құралдарымен, жылжымайтын мүліктің меншік құқығымен, зияткерлік меншік объектілері, бірлескен қызмет құқығымен операцияларға есептік нөмірі берілген валюталық шарттар, сенімгерлік басқару, траст, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына ақша мен қаржы құралдарын беру, ақшаны және өзге де валюталық құндылықтарды өтеусіз беру, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан орны бар резидент филиалдарының (өкілдігінің) шоттары бойынша тоқсан сайын ұсынады.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам (заңды тұлғалар үшін) және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      5. Нысанды толтыру мақсатында мына ұғымдар пайдаланылады:

      1) бейрезидент эмитенттердің қызметкерлерге арналған бағалы қағаздарға опциондар бағдарламасы – резидент заңды тұлғаның қызметкерлері осы заңды тұлғаның инвесторы және (немесе) осы заңды тұлғаның инвесторларының инвесторы болып табылатын бейрезидент эмитенттерден бағалы қағаздардың келісілген санын сатып алатын бағдарлама;

      2) бейрезидент эмитенттердің бағалы қағаздары – Қазақстан Республикасының және (немесе) бейрезидент эмитенттердің бағалы қағаздары базалық активтері болып табылатын депозиторлық қолхаттарды қоса алғанда, эмитент елінің заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар деп танылатын қаржы құралдары.

      6. 1-бөлімде есепті кезеңде валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер көрсетіледі.

      2-бағанда валюталық шарт бойынша міндеттемелерді мынадай орындау түрі көрсетіледі:

      1) төлемдер және (немесе) ақша аударымдары түрінде;

      2) тауарларды жеткізу (жұмысты орындау, қызмет көрсету) түрінде;

      3) активті (бағалы қағаздар, қатысу үлестері, инвестициялық қорлардың пайлары, жылжымайтын мүлік, зияткерлік меншік объектісіне арналған құқық, талдаманы қажет ететін активтің өзге түрлері) беру түрінде;

      4) өзге (толық ашуды қажет ететін).

      Егер міндеттемені орындау ақша түрінде жүзеге асырылатын болса, онда 3-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі, 4-баған толтырылмайды, ал 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарда ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжаты негізінде ақша жөнелтуші, ақша бенефициары, төлем күні, төлем валютасы, төлем сомасы төлем валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Нысанда салықты қоса алғанда көрсетіледі. Нысанда ақшаны қайтару (төлемді орындамай қайтару) көрсетіледі.

      Егер міндеттемелерді орындау активті беру түрінде жүзеге асырылатын болса, онда 4-бағанда активтің атауы көрсетіледі, 3-баған толтырылмайды, ал 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарда активті беруші тұлға, активті қабылдаушы тұлға, активті беру күні, актив құнының валютасы, актив құнының сомасы шарт валютасының мың бірлігімен актив құнының сомасы көрсетіледі.

      Егер міндеттемелерді орындау жұмысты орындау, қызмет көрсету немесе өзге тәсілмен жүзеге асырылатын болса, онда 3, 4-бағандар толтырылмайды, ал 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бағандарда міндеттемені орындайтын тұлға, міндеттемелердің орындалуын қабылдайтын тұлға, міндеттемелерді орындау күні, орындалған міндеттемелердің валютасы мен сомасы шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      3, 5, 7-бағандар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады. 10-баған "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес толтырылады.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан орны бар заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) шетелдік банкіндегі шоты бойынша Нысанды берген кезде Нысанда: заңды тұлға осы филиалға (өкілдікке) бұл шотқа жіберген, заңды тұлға осы филиалдан (өкілдіктен) бұл шоттан жіберген ақшаны ішкі корпоративтік аудару көрсетіледі.

      7. 2-бөлімде есепті кезеңнің соңында жинақталған құн және есепті кезеңдегі кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі.

      2-бөлім мына жағдайларда толтырылады:

      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан орны бар заңды тұлғаның филиалына (өкілдігіне) ашылған шетелдік банктегі шот бойынша Нысанды ұсынған кезде: есепті кезеңнің соңында осы шотта ақша сомасының қалдығы, шетелдік банк резидентке есепті кезеңде осы шот бойынша есептеген сыйақы, оның ішінде салым (салымдар) қоса көрсетіледі;

      2) шетелде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алумен байланысты операциялар бойынша Нысанды ұсынған кезде: есепті кезеңнің соңындағы жылжымайтын мүліктің құны, резиденттің есепті кезеңдегі жылжымайтын мүліктен кірісі көрсетіледі;

      3) ақша мен өзге мүлікті сенімгерлік басқаруға, трастқа берген кезде берілген мүліктің есепті кезеңнің соңындағы құны, резиденттің (бейрезиденттің) есепті кезеңдегі кірістері, оның ішінде мүлікті басқарғаны үшін кірістері көрсетіледі;

      4) резидент заңды тұлға өзінің қызметкерлері үшін жасайтын бейрезидент эмитенттердің бағалы қағаздарына опциондар бағдарламасы бойынша қызметкерлердегі бейрезидент эмитенттердің бағалы қағаздарының жиынтық құны көрсетіледі;

      5) клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау шоттарына ақша мен қаржы құралдарын берумен байланысты операциялар бойынша есепті кезеңнің соңында берілген мүліктің құны, резиденттің (бейрезиденттің) есепті кезеңдегі кірістері көрсетіледі.

      8. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

      9. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 24-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
10-қосымша

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
мониторингтеу қағидаларына
6-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: есептік нөмір беру орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына ұсынылады

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Шетелдік банктегі шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ПР-Ф-6

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: ______ жылғы __________ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: резидент-заңды тұлға

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне (қоса алғанда) дейін

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептік нөмірі _________________________

      Шетелдік банктің атауы, елі __________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Шот валютасы _________________________________________

      шот валютасының мың бірлігі

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы

Ағымдағы шот

Салым, осы ағымдағы шот шегінде ашылған салым

А

Б

1

2

10

Есепті кезеңде шот бойынша сыйақы есептелетін мөлшерлеме (жылдық %)




11

Есепті кезеңнің басындағы қалдық




20

Кезең ішінде түскен барлық қаражат (21) + (31) + (32)





оның ішінде:




21

бейрезиденттерден (22) + (23) + (24) + (25) + (26) + (27) + (28) + (29) + (30):




22

тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортынан түсiм




23

тартылған қаржылай қарыздар бойынша




24

берілген қаржылай қарыздарды өтеуден




25

жарғылық капиталға қатысу (акцияларды қоса алғанда) бойынша, оның ішінде бейрезидент-брокер арқылы




26

бағалы қағаздармен (акциялардан басқа) және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде бейрезидент-брокер арқылы




27

жылжымайтын мүлікті сатудан




28

бірлескен қызметтен




29

сыйақы және дивидендтер




29а

оның ішінде осы шот бойынша сыйақы




30

өзге де (толық жазылсын)




31

резиденттерден




32

валютаны айырбастауды қоса алғанда басқа меншiктi банк шоттардан аудару тәртiбiмен (33)+(34):




33

уәкiлеттi резидент-банктердегi банк шоттарынан




34

шетел банктерiндегi шоттардан




40

Кезең iшiнде жұмсалған барлық қаражат (41) + (42) + (52) + (53)





оның iшiнде:




41

өз филиалдары мен өкілдіктерін күтіп ұстауға




42

бейрезиденттерге басқа шығын (43)+(44) +(45) + (46) + (47) + (48) + (49) + (50) + (51):




43

тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импортына




44

тартылған қаржылай қарыздарды өтеуге




45

қаржылай қарыздарды беруге




46

жарғылық капиталға қатысу бойынша (акцияларды қоса алғанда), оның ішінде бейрезидент-брокер арқылы




47

бағалы қағаздармен (акциялардан басқа) және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде бейрезидент-брокер арқылы




48

жылжымайтын мүлiкті сатып алуға




49

бiрлескен қызметке




50

сыйақы және дивиденд төлеуге




51

өзге де (толық жазылсын)





оның ішінде:




51.1

шетелдік банк комиссиясы




52

резиденттерге өзге де шығын




53

валютаны айырбастауды қоса алғанда басқа меншiктi банк шоттарына аудару тәртiбiмен (54) + (55):




54

уәкiлеттi резидент-банктердегi банк шоттарына




55

шетел банктерiндегi банк шоттарына




56

Бағам айырмасы есебінен өзгерістер (+)/(-)




60

Есептi кезеңнiң соңындағы қалдық (11) + (20) – (40)+ (56)




70

Шетел банкi осы банк шот бойынша есептi кезеңде есептеген сыйақы




Овердрафт туралы ақпарат

80

Есепті кезеңде овердрафт үшін сыйақы есептелетін мөлшерлеме (жылдық %-бен)


81

Есепті кезеңнің басындағы қалдық


82

оның ішінде овердрафт үшін сыйақы бойынша қалдық


83

Банктің овердрафты ұсынуы (84) + (85) + (86) + (87)



оның ішінде:


84

өзінің филиалдары мен өкілдіктерін күтіп ұстауға


85

бейрезиденттерге өзге де шығын


86

резиденттерге өзге де шығын


87

валютаны айырбастауды қоса алғанда басқа меншiктi банк шоттарына аудару тәртібімен


88

Банк овердрафт үшін есепті кезеңде есептеген сыйақы


89

Банкке овердрафты өтеу


90

Банкке овердрафт үшін сыйақы төлеу


91

Есепті кезеңдегі овердрафт бойынша өзге де өзгерістер (толық жазылсын)


92

Есепті кезеңдегі сыйақы бойынша өзге де өзгерістер (толық ашып жазу)


93

Есепті кезеңнің соңындағы қалдық (81) + (83) + (88) – (89) – (90) + (91) + (92)


94

оның ішінде овердрафт сыйақысы бойынша қалдық (82) + (88) – (90) + (92)


      Ескертпе: ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Резидент______________________________________________________________

                  (заңды тұлғаның атауы)

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________

      Мекенжайы ______________________________________________________________

      Телефоны ________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________

      Орындаушы _________________________________________ ______________________

                              тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ___________________________________________________ ______________________

                  тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Шетелдік банктегі шоттағы
ақша қозғалысы туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Шетелдік банктегі ақша қозғалысы туралы есеп (индексі – ПР-Ф-6, кезеңділігі – тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Шетелдік банктегі ақша қозғалысы туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы шетел банкіндегі шоттың есептік нөмірі бойынша тоқсан сайын ұсынады.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      5. 1-бағанда шетел банкінде ашылған ағымдағы шот, салым, аллокирленбеген металл шот туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер ағымдағы шот шеңберінде салым ашылса, онда осындай салым туралы ақпарат 2-бағанда көрсетіледі. Егер ағымдағы шот шегінде бірнеше салым ашылса, онда осындай салымдар туралы ақпарат әрбір салым бойынша жеке-жеке көрсетіледі.

      6. Коды 10-жолда таза (салықтарды есепке алмағанда) есепті кезеңдегі ағымдағы шот, салым бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі (жылдық %), коды 80-жолда овердрафт бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі көрсетіледі. Сыйақы мөлшерлемесі жүздік үлеске дейін дөңгелектеніп сан түрінде көрсетіледі. Егер сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болса, онда есепті кезеңдегі мөлшерлеменің базалық мәні пайдаланылады. Егер сыйақы мөлшерлемесі нөл болса, онда нөлдік мән қойылады.

      Егер Нысан нөлдік мәндермен берілсе, онда кодтары 10, 80-жолдар толтырылмайды.

      7. Сома шот (салым) валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      Мультивалюталық шоттар (салымдар), сондай-ақ аллокирленбеген металл шоттары бойынша сома мың теңгемен көрсетіледі. Өзге валюталармен көрсетілген сома тиісінше операция жүргізілген күнгі немесе есепті кезеңнің соңындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, теңгеге аударылады. Пайда болған бағамдық айырма коды 56-жолда көрсетіледі.

      8. Кодтары 34, 55-жолдар толтырылған жағдайда ескертпеде одан (оған) ақша аударылатын шетел банкіндегі шоттың есептік нөмірі көрсетілуі тиіс.

      9. Овердрафт туралы ақпарат шетел банкі осындай овердрафт бойынша берілген есептік нөмірі болмаған жағдайда шотты ашу талаптарына сәйкес осы шот бойынша резидент заңды тұлғаға овердрафт ұсынған кезде толтырылады.

      Шетел банкі клиенттің шотында ақша жеткіліксіз болған немесе болмаған жағдайда оның есеп айырысу құжаттарын төлеуі үшін клиенттің шотын кредиттеуі овердрафтты білдіреді. Овердрафт кезінде банк клиенттің шотындағы барлық ақшаны есептен шығарады және бір мезгілде клиентке клиенттің шотындағы ақшамен өтелмеген ақының бір бөлігіне қаржылай қарыз береді.

      Пайда болған бағамдық айырма өзге де өзгерістерде көрсетіледі (кодтары 91, 92-жолдар).

      10. Есепті кезеңнің басындағы қалдық (кодтары 11, 81, және 82-жолдар) алдыңғы есепті кезеңнің соңындағы қалдыққа (тиісінше кодтары 60, 93 және 94-жолдар) тең келеді.

      11. Коды 70-жол бойынша осы сыйақыға салықтарды есептемегенде, есепті кезеңде есептелген сыйақы көрсетіледі.

      12. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәнмен ұсынылады.

      13. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 24-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
11-қосымша

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
мониторингтеу қағидаларына
7-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына ұсынылады

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының бейрезиденттерден есепті кезеңдегі қаржылай қарыздар тарту талаптары туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ПР-7

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: ______ жылғы __________ ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 8 (сегізінші) күніне дейін (қоса алғанда)

      Нысан

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

1-ші қаржылай қарыз туралы ақпарат

2-ші қаржылай қарыз туралы ақпарат

... қаржылай қарыз туралы ақпарат

А

Б

1

2

1

Валюталық шарт (атауы, нөмірі, күні, мақсаты мен тағайындалуы)




2

Валюталық шартқа толықтыру ретінде құжат (құжаттар) (бар болса) (атауы, нөмірі, күні, ескертпе)




3

Валюталық шартқа қатысушы бейрезидент (бейрезиденттер) (атауы, елі, валюта операциясындағы мәртебесі)




4

Осы валюталық шарттың реттік нөмірі (хабарлама туралы куәліктің (бар болса) нөмірі)




5

Валюталық шарттың сомасы (валюталық шарттың валютасында)




6

Шарттың валютасы




7

Негіздемелік келісім (бар болса) (атауы, нөмірі, күні)




8

Бейрезиденттің банкке қатынасы (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы толтырмайды)




9

Кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі (белгіленген пайыздық мөлшерлеме жағдайында жылдық % көрсетіледі, өзгермелі пайыздық мөлшерлеме жағдайында оны есептеу базасы мен маржа мөлшері көрсетіледі)




10

Негізгі борыш бойынша мерзімі өткен төлемдер үшін мөлшерлеме (әрбір кешіктірілген күн үшін, басқасы (толық жазу)




11

Ілеспе төлемдер (ұйымдастыру үшін, басқару үшін, міндеттеме үшін комиссия, басқасы (толық жазу), кредит, негізгі борыш сомасынан пайыздармен, басқасы (толық жазу)




12

Операцияның қысқаша сипаттамасы (төлем жасау бойынша нұсқаулық, қаражат қозғалысының схемасы, басқасы (толық жазу)




13

Кредиттің агенті (операторы, ұйымдастырушысы) (бар болса) жөніндегі мәлімет (атауы, резиденттің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), бейрезиденттің елі)




14

Ерекше жағдайлардың болуы (қарыз алушының мерзімін ұзарту, мерзімінен бұрын өтеу құқығы, кредитордың берешекті мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығы, басқасы (толық жазу)




15

Аталған валюталық шарт шеңберінде қаржыландырылатын келісімшарттар туралы мәлімет (бар болса):




15.1

қаржыландыруды сұратқан аппликант туралы мәлімет (атауы, резиденттің БСН, бейрезиденттің елі)




15.2

қаржыландырылатын келісімшарт (келісімшарттар) туралы мәлімет (атауы, нөмірі, күні, валюталық шарттың валютасындағы сома, валюта, келісімшарттың есептік нөмірі, мәміле паспортының нөмірі (бар болса)




15.3

келісімшартқа қатысушы бенефициар туралы мәлімет (атауы, резиденттің БСН, бейрезиденттің елі)




15.4

кредитордың банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалын қаржыландыру нысаны (қаражаттың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының шотына келіп түсуі, кредитордың бенефициарға жасаған төлемі, басқасы (толық жазу)




16

Қаражаттың келіп түсу және берешекті өтеу кестесі (шарт валютасының мың бірлігі)




17

Ескертпе




      Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан

      Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының атауы

      __________________________________________________________________________

      Мекенжайы ______________________________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________

      Орындаушы _________________________________________ ______________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ________________________________________________ _________________________

                  тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Банктің, Қазақстан
Республикасының
бейрезидент-банкінің
Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге
асыратын филиалының
бейрезиденттерден есепті
кезеңдегі қаржылай қарыздар
тарту талаптары туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының бейрезиденттерден есепті кезеңдегі қаржылай қарыздар тарту талаптары туралы есеп (индексі – ПР-7, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының бейрезиденттерден есепті кезеңдегі қаржылай қарыздар тарту талаптары туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары есепті кезеңде бейрезиденттерден тартқан қаржылай қарыздар бойынша және олар бейрезиденттерден бұрын тартқан, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары) 15-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген қаржылай қарыздар бойынша ай сайын ұсынады.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      5. Нысанды банк тұтастай банк жүйесі бойынша әрбір қаржылай қарыз бойынша, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы тұтастай алғанда Қазақстандағы шетелдік банктің филиалы бойынша әрбір қаржылай қарыз бойынша жасайды.

      6. Нысанда егер валюталық шарт шеңберінде банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының берешегінің сомасы баламасында 500 000 (бес жүз мың) Америка Құрама Штаттарының долларынан асса немесе асатын болса, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының бейрезиденттерден 180 (бір жүз сексен) күннен астам мерзімге тартқан қаржылай қарыздары туралы:

      1) есепті кезеңде осындай қаржылай қарыздарды тарту талаптары туралы;

      2) есепті кезеңде бұрын тартылған осындай қаржылай қарыздар бойынша Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу Қағидаларының 15-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерістері туралы ақпарат көрсетіледі.

      Коды 6-жол "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес толтырылады.

      Коды 7-жолда жекелеген мәмiлелердi, оның iшiнде коды 1-жолда көрсетілген валюталық шартты кредиттеудiң негіздемелік талаптарын айқындайтын негіздемелік келiсiм (бас келiсiм, кредиттiк желi және басқасы) көрсетiледi.

      7. Коды 8-жолда бейрезидент кредитордың банкке (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы толтырмайды) қатынасы көрсетіледі:

      1) банктің 10 (он) пайызы және одан көп дауыс беруші акцияларын бейрезиденттің тікелей иеленуі;

      2) банктің 10 (он) пайызы және одан көп дауыс беруші акцияларын бейрезиденттің жанама иеленуі;

      3) банктің 10 (он) пайызы және одан көп дауыс беруші акцияларын резиденттің тікелей иеленуі;

      4) банктің 10 (он) пайызы және одан көп дауыс беруші акцияларын резиденттің жанама иеленуі;

      5) банк пен бейрезидент бір-біріне ешқандай бақылау жасай алмайды және әсер ете алмайды, бірақ банктің 10 (он) пайыздан кем емес дауыс беруші акцияларын тікелей немесе жанама иеленетін бір инвестордың бақылауында және ықпалында болады;

      6) Нысанның осы тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілмеген жағдайлар.

      8. Коды 16-жолда банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалына қаражаттың келіп түскені және оның валюталық шарт бойынша берешекті өтеуі туралы ақпарат: қаражаттың (ақша, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түріндегі, өзгесі) нақты немесе болжалды (болашақта) түсу күні немесе негізгі борышты өтеу және сыйақыны төлеу күні, шарт валютасының мың бірліктеріндегі түсімдер (төлемдер) сомасы көрсетіледі. Егер шарттың сомасы валюталық шартта көзделмесе, онда қаражаттың нақты түскені туралы ақпарат қана көрсетіледі. Өзгермелі пайыздық мөлшерлеме жағдайында сыйақыны төлеудің болжалды сомасы валюталық шартта өзгеше белгіленбесе, есепті кезеңнің соңындағы базалық мөлшерлеменің мәнін ескере отырып есептеледі.

      9. Егер валюталық шарттағы сома әртүрлі валюталардағы бірнеше сомадан құралса, онда әрбір сома мен шарт валютасы бойынша Нысанның жекелеген бағандары толтырылады.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы бейрезиденттерден тартқан, есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар қаржылай қарыздарды игеру және оларға қызмет көрсету туралы нысанда әрбір қаржылай қарыз бойынша міндеттемелердің нақты орындалуы жөніндегі ақпаратты көрсету үшін реттік нөмір береді.

      Ынтымақтастық қағидаттарын белгілейтін, бірақ банктің, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының бейрезидентті қаржыландыруының жекелеген маңызды талаптарын айқындамайтын негіздемелік келісімге реттік нөмір берілмейді.

      11. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.

      12. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 32-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
12-қосымша

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
мониторингтеу қағидаларына
8-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы бейрезиденттерден тартқан, есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар қаржылай қарыздарды игеру және оларға қызмет көрсету туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 11-ОБ

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: ______ жылғы __________ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін (қоса алғанда)

      Нысан

1-кесте. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 32-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есеп ұсынылған қаржылай қарыздарды игеру және оларға қызмет көрсету

Реттік нөмірі

Кредитордың атауы

Кредит валютасының атауы

А

Б

В




      кестенің жалғасы

Негізгі борыш

Есепті кезең басындағы қалдық, шарт валютасының мың бірлігі

Есепті кезеңдегі операция,
шарт валютасының мың бірлігі

Есепті кезең соңындағы қалдық

Ұлғаюы

Азаюы

Барлығы

олардың ішінде мыналар есебінен

Барлығы

олардың ішінде қайта ұйымдастыру есебінен

Сомасы, шарт валютасының мың бірлігі

Баланстық шоттың нөмірі

қайта ұйымдастыру

капиталдандырылған сыйақы

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Сыйақы

Кредиттің жай-күйі

Ескертпе

Есепті кезең басындағы қалдық, шарт валютасының мың бірлігі

Есепті кезеңдегі операция, шарт валютасының мың бірлігі

Есепті кезең соңындағы қалдық

Есептелді

Төленді

Сомасы, шарт валютасының мың бірлігі

Баланстық шоттың нөмірі

9

10

11

12

13

14

15








2-кесте. Өзге де қаржылай қарыздарды игеру және оған қызмет көрсету

Реттік нөмірі

Алдыңғы кезеңдегі есептен алынған реттік нөмірі

Кредитордың атауы

Кредит валютасының атауы

Кредит сомасы

А

Б

В

Г

Д






      кестенің жалғасы

Кредиттік келісімнің (келісімшарттың) нөмірі

Іс-қимыл кезеңі

Кредитор елінің атауы

Игерудің басталған күні

Өтеудің соңғы мерзімінің күні

Ж

З

И

К





      кестенің жалғасы

Негізгі борыш

Есепті кезең басындағы қалдық, шарт валютасының мың бірлігі

Есепті кезеңдегі операция, шарт валютасының мың бірлігі

Есепті кезең соңындағы қалдық

Ұлғаюы

Азаюы

Сомасы, шарт валютасының мың бірлігі

Баланстық шоттың нөмірі

Барлығы

олардың ішінде мыналар есебінен

Барлығы

олардың ішінде қайта ұйымдастыру есебінен

қайта ұйымдастыру

Капиталдандырылған сыйақы

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Сыйақы

Кредиттің жай-күйі

Ескертпе

Есепті кезең басындағы қалдық, шарт валютасының мың бірлігі

Есепті кезеңдегі операция, шарт валютасының мың бірлігі

Есепті кезең соңындағы қалдық

Начислено

Оплачено

Сумма, тысяч единиц валюты договора

Номер балансового счета

9

10

11

12

13

14

15








      Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының атауы

      __________________________________________________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________

      Орындаушы _______________________________________________ ______________

                        тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      __________________________________________________ _______________________

                        тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Банк, Қазақстан
Республикасының
бейрезидент-банкінің
Қазақстан Республикасының
аумағында қызметін жүзеге
асыратын филиалы
бейрезиденттерден тартқан,
есепті кезеңнің басында және
(немесе) соңында өтелмеген
міндеттемелері бар қаржылай
қарыздарды игеру және оларға
қызмет көрсету туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы бейрезиденттерден тартқан, есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар қаржылай қарыздарды игеру және оларға қызмет көрсету туралы есеп (индексі – 11-ОБ, кезеңділігі – тоқсан сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы бейрезиденттерден тартқан, есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында өтелмеген міндеттемелері бар қаржылай қарыздарды игеру және оларға қызмет көрсету туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Банк, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы бейрезиденттерден олар тартқан қаржылай қарыздар бойынша тоқсан сайын ұсынады.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      5. Нысанда есепті кезеңнің басында және (немесе) соңында жалпы банк жүйесі бойынша, жалпы Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы бойынша бейрезиденттердің алдында өтелмеген міндеттемелері бар әрбір қаржылай қарыз бойынша ақпарат бөлек көрсетіледі.

      6. 1-кестеде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары) 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының бейрезиденттерден есепті кезеңдегі қаржылай қарыздар тарту талаптары туралы есепті банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалы ұсынған қаржылай қарыздарды игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      7. 2-кестеде өзге қаржылай қарыздарды игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөнінде мәліметтер көрсетіледі.

      8. Сомалар шарт валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

      9. 1-кестеде:

      А бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалының Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейрезиденттен есепті кезеңде қаржылай қарыздарды тарту талаптары туралы есепте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржылай қарызға беретін реттік нөмірі немесе Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары қолданысқа енгізілгенге дейін банкке бейрезиденттерден қаржылай қарызға берілген хабарлама туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.

      14-бағанда "қолданыстағы", "Тараптардың міндеттемелерді толық орындауы" тізімінен есепті кезеңнің соңындағы кредиттік келісімнің жай-күйі көрсетіледі. Кредиттік келісім тараптар міндеттемелерін, оның ішінде сыйақы бойынша немесе мерзімі өткен төлемдер бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады деп есептеледі.

      10. 2-кестеде Б бағанында өткен кезең үшін ұсынылған Нысаннан қаржылай қарыздың реттік нөмірі көрсетіледі.

      11. 1 және 2-кестелерде:

      1-бағанда есепті кезеңнің басында өтелмеген, оның ішінде мерзімі өткен негізгі борыш көрсетіледі;

      2-бағанда есепті кезеңде кредит қаражатын алу, борышты қайта ұйымдастыру және сыйақыны капиталдандыру есебінен негізгі борыштың ұлғайғаны көрсетіледі;

      3-бағанда талап қоюды беру (борышты аудару) кезінде қайта ұйымдастыру есебінен борыштың ұлғаюы көрсетіледі;

      4-бағанда сыйақыны капиталдандыру (сыйақыны негізгі борышқа жатқызу) көрсетіледі;

      5-бағанда есепті кезеңде өтеу және қайта ұйымдастыру есебінен негізгі борыштың, оның ішінде мерзімі өткен борыштың азаюы көрсетіледі;

      6-бағанда қайта ұйымдастыру есебінен борыштың азаюы көрсетіледі. Мерзімінен бұрын өтеу, кешіру, талапты басқаға беру (борышты аудару), борышты капиталға қатысу құралдарына (қарыз алушыға және (немесе) үшінші тұлғаларға) айырбастау, қарыз алушының жылжымайтын мүлкі және өзге де активі, қарыз алушының борыштық бағалы қағаздары, тауарды жеткізу және қарыз алушының өзге де борыштық міндеттемелері қайта ұйымдастырудың негізгі түрлері болып табылады;

      7 және 8-бағандарда есепті кезеңнің соңында өтелмеген, оның ішінде мерзімі өткен негізгі борыш және борыштың қалдығы ескерілетін баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі;

      9-бағанда есепті кезеңнің басындағы сыйақы бойынша, оның ішінде мерзімі өткен берешек көрсетіледі;

      10-бағанда есепті кезеңде есептелген сыйақы көрсетіледі;

      11-бағанда есепті кезеңде сыйақының, оның ішінде мерзімі өткен сыйақының ақы төлеу, қайта ұйымдастыру және капиталдандыру есебінен азаюы көрсетіледі;

      12 және 13-бағандарда есепті кезең соңындағы сыйақы, оның ішінде мерзімі өткен сыйақы бойынша берешек және осы берешек ескерілетін баланстық шоттың нөмірі көрсетіледі.

      12. 1-кестенің және 2-кестенің 15-бағанында қамтамасыз ету түрі және қамтамасыз ету сомасы валютасы көрсетіле отырып, валютаның мың бірлігімен көрсетіледі (бар болса). Қамтамасыз етудің бірнеше түрі болған кезде қамтамасыз етудің барлық түрі және қамтамасыз етудің жалпы нарықтық құны мың теңгемен көрсетіледі.

      1-кестенің В бағаны және 2-кестенің Г бағаны "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес толтырылады.

      2-кестенің К бағаны "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес толтырылады.

      13. 1 және 2-кестелерде арифметикалық-логикалық бақылау:

      1-баған = өткен тоқсан үшін ұсынылған Нысанның 7-бағаны;

      2-баған >= 3-баған + 4-баған;

      5-баған >= 6-баған;

      7-баған = 1-баған + 2-баған - 5-баған;

      9-баған = өткен тоқсан үшін ұсынылған Нысанның 12-бағаны;

      12-баған = 9-баған + 10-баған - 11-баған.

      14. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда, Нысан ұсынылмайды.

      15. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 33-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 8 Қаулыға
13-қосымша

  Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
мониторингтеу қағидаларына
9-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратына ұсынылады

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған

Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ПР-9

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: ______ жылғы __________ ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: уәкілетті банк

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізіне) дейін (қоса алғанда)

      Нысан

1. Валюталық шарттың деректемелері

Валюталық шарттың нөмірі

Валюталық шарттың күні

Валюталық шарттың есептік нөмірі

1.1

1.2

1.3




      кестенің жалғасы

2. Төлем құжаты бойынша ақша жөнелтуші

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)

Ел коды

Резиденттік белгісі

Экономика секторының коды

2.1

2.2

2.3

2.4

2.5






      кестенің жалғасы

3. Төлем құжаты бойынша бенефициар

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН, ЖСН

Ел коды

Резиденттік белгісі

Экономика секторының коды

3.1

3.2

3.3

3.4

3.5






      кестенің жалғасы

4. Валюталық операция туралы ақпарат

Күні

Валюталық операция коды

Төлем белгілеу коды (ТБК)

Валютаның мың бірлікпен сомасы

Төлем валютасының коды

Төлем белгісі

Ішкікорпоративтік ақша аударымы белгісі

Ақша алуға байланысты операция белгісі

4.1

4.2

4.3

4.4

4.5

4.6

4.7

4.8









      кестенің жалғасы

5. Валюталық операция бойынша контрагенттің ұйымы (банк) туралы ақпарат

Ұйымның (банктің) сәйкестендіру коды (БСК)

Атауы

Ел коды

5.1

5.2

5.3




      кестенің жалғасы

6. Валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН,
ЖСН

Ел коды

Резиденттік белгісі

Экономика секторының коды

6.1

6.2

6.3

6.4

6.5






      кестенің жалғасы

7. Валюталық шарт бойынша ақша алушы

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

БСН,
ЖСН

Ел коды

Резиденттік белгісі

Экономика секторының коды

7.1

7.2

7.3

7.4

7.5






      кестенің жалғасы

8. Ескертпе


      Уәкілетті банктің атауы _____________________________________________________

      Уәкілетті банктің БСН ______________________________________________________

      Мекенжайы ______________________________________________________________

      Телефоны _________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________

      Орындаушы _________________________________________ _____________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ___________________________________________________ ______________________

                  тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                   қолы, телефон

      Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы "____" ______________

  Жүргізілген валюталық
операциялар туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп (индексі – ПР-9, кезеңділігі – ай сайын)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Жүргізілген валюталық операциялар туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) 5-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды уәкілетті банк ай сайын ұсынады және ол жүргізген валюталық операциялар, оның ішінде клиенттің тапсырмалары бойынша ақпаратты қамтиды.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      5. Нысанға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары) айқындалатын шекті мәнге тең немесе одан асатын сомаға есепті кезеңдегі валюталық операциялар бойынша ақпарат кіреді.

      6. Нысанға "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың, оның аумағында жасалатын валюталық операциялар жөнінде, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункттері арқылы сатып алу (сату) жөнінде ақпарат кірмейді.

      7. Валюталық операциялар Нысанда:

      клиенттердің тапсырмалары бойынша (оның ішінде төлем карточкаларын қолдана отырып жүзеге асырылған) төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша – клиенттің уәкілетті банктегі банктік шотына ақша есептеу (клиенттің уәкілетті банктегі банктік шотынан ақша есептен шығару) күні;

      уәкілетті банктің өз төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша – уәкілетті банктің корреспонденттік шотына ақша есептеу (уәкілетті банктің корреспонденттік шотынан ақшаны есептен шығару) күні;

      басқа валюталық операциялар бойынша – операциялар жасау күні көрсетіледі.

      Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі ақпаратты уәкілетті банк резиденттен немесе бейрезиденттен осындай төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты алуына қарай түзетеді.

      8. Нысанның 1, 6 және 7-бөліктері валюталық шарт негізінде валюталық операциялар жүргізілген жағдайда толтырылады.

      9. Нысанның 1-бөлігінде валюталық шарттың деректемелері көрсетіледі. 1.3-баған валюталық шартқа есептік нөмір берілсе толтырылады.

      10. Нысанның 2 және 3-бөліктерінде төлем құжатына сәйкес ақша жөнелтуші мен бенефициар туралы ақпарат көрсетіледі.

      2.3 және 3.3-бағандарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ақша жөнелтушінің, бенефициардың тіркелген елінің (заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін) немесе тұрақты тұратын елінің (Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген азаматтығы немесе құқығы негізінде жеке тұлға үшін) екі әріптік коды толтырылады.

      2.4, 2.5, 3.4 және 3.5-бағандар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидалары) сәйкес толтырылады.

      Үшінші тұлға жеке тұлғаның банктік шотына қолма-қол ақша салған (алған) жағдайларды қоспағанда, банктік шоттан қолма-қол ақша салған (алған) кезде 2 және 3-бөліктерде шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады. Үшінші тұлға жеке тұлғаның банктік шотына қолма-қол ақша салған кезде 2-бөлікте ақша салатын тұлға туралы, 3-бөлікте шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады.

      Үшінші тұлға жеке тұлғаның банктік шотынан қолма-қол ақшаны алған кезде 2-бөлікте шоттың иесі туралы ақпарат толтырылады, 3-бөлікте ақша алатын тұлға туралы ақпарат толтырылады.

      Уәкілетті банк шетел валютасын, чектерді, вексельдерді, басқа төлем құжаттарын немесе өзге валюталық құндылықтарды сатқан кезде Нысанның 2-бөлігінде уәкілетті банк туралы, Нысанның 3-бөлігінде сатып алушы клиент туралы ақпарат көрсетіледі. Уәкілетті банк шетел валютасын, чектерді, вексельдерді, басқа төлем құжаттарын немесе өзге валюталық құндылықтарды сатып алған кезде Нысанның 2-бөлігінде сатушы клиент туралы ақпарат, Нысанның 3-бөлігінде уәкілетті банк туралы ақпарат көрсетіледі.

      11. Нысанның 4-бөлігінде валюталық операция туралы ақпарат көрсетіледі.

      4.2-баған Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.

      4.3-баған экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.

      4.5-бағанда "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес валютаның үш таңбалы әріптік коды көрсетіледі.

      4.6-бағанда "01" – жөнелтілген төлемдер немесе ақша аударымдары, уәкілетті банктің қолма-қол шетел валютасын алуы немесе шетел валютасын сатуы бойынша операциялары, чектер, вексельдер, басқа да төлем құжаттары немесе өзге валюталық құндылықтар үшін, "02" – кіріс төлемдер немесе ақша аударымдары, уәкілетті банктің қолма-қол шетел валютасын есептеуі немесе шетел валютасын сатып алуы бойынша операциялары, чектер, вексельдер, басқа төлем құжаттары немесе өзге валюталық құндылықтар үшін көрсетіледі.

      4.7-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелері немесе бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жүзеге асырылса "1" белгісі, қалған жағдайларда "0" белгісі көрсетіледі.

      4.8-баған Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес былай толтырылады:

      "1" – тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттен алынуы тиіс ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шотына аудару көзделмесе, бейрезиденттің резидентке (уәкілетті банкті қоспағанда) ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз;

      "2" – тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттен алынуы тиіс ақшаны резиденттің уәкілетті банктердегі банктік шотына аудару көзделмесе, резидентте (уәкілетті банкті қоспағанда) бейрезидентке ақшаны қайтару бойынша талаптардың туындауы көзделетін қаржылай қарыз;

      "3" – резиденттің үлестес тұлға болып табылмайтын бейрезидентке қаржылай қарыз нысанын пайдаланғаны үшін сыйақы төлеместен 720 (жеті жүз жиырма) күннен астам мерзімге ақша ұсынуы көзделетін қаржылай қарыз;

      "4" – егер тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезиденттің экспортқа ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап 720 (жеті жүз жиырма) күннен асатыны көзделген болса, экспорт бойынша операциялар;

      "5" – егер тиісті валюталық шарт талаптарында бейрезидент импорт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, бейрезиденттің ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі (аванстық төлем немесе толық алдын ала ақы) импортқа ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындау мерзімі резидент міндеттемелерді орындаған күннен бастап 720 (жеті жүз жиырма) күннен асатыны көзделген болса, импортқа ақы төлеу бойынша операциялар;

      "0" – қалған жағдайларда.

      "5" белгісі бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі тауар жеткізілмеген (қызметтер көрсетілмеген, жұмыстар орындалмаған) жағдайда бейрезиденттің ақшаны (аванстық төлемді немесе толық ақыны) қайтару бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін білдіреді. Егер валюталық шарт талаптарында тауар жеткізілмеген (қызметтер көрсетілмеген, жұмыстар орындалмаған) жағдайда ақшаны қайтару үшін бөлек мерзім көзделмесе, онда міндеттемелерді орындау мерзімі деп тауарды жеткізу (қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау) мерзімін айтады.

      12. Нысанның 5-бөлігінде валюталық операциялар бойынша контрагенттің ұйымы (банк) – алынған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін ақша жөнелтуші ұйым (банк), жөнелтілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін бенефициар ұйым (банк) туралы ақпарат көрсетіледі. Ішкі банктік валюталық операциялар бойынша есеп беретін уәкілетті банк туралы ақпарат көрсетіледі. Негізінде төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүргізілетін құжаттарда ақша жөнелтуші ұйым (банк) туралы ақпарат болмаған кезде 5-бөлік толтырылмайды.

      5.3-бағанда ақша жөнелтуші ұйым (банк) немесе бенефициар елінің "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес екі әріптік коды толтырылады. Ішкі банктік валюталық операциялар үшін "KZ" коды көрсетіледі.

      13. Нысанның 6 және 7-бөліктерінде валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші немесе ақша алушы туралы мәліметтер көрсетіледі. Егер валюталық шарт бойынша ақша жөнелтуші (алушы) төлем құжаты бойынша ақша жөнелтушімен (бенефициармен) сәйкес келетін болса, онда 6 (7)-бөлікте Нысанның 2 (3)-бөлігіне ұқсас ақпарат толтырылады.

      6.3. және 7.3-бағандарда валюталық шарт бойынша ақша жөнелтушінің немесе алушының тіркелген елінің (заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін) немесе тұрақты тұратын елінің (Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген азаматтығы немесе құқығы негізінде жеке тұлға үшін) "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ҚР ҰС ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес екі әріптік коды толтырылады.

      6.4, 6.5, 7.4 және 7.5-бағандар Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес толтырылады.

      14. Нысанның 8-бөлігінде Нысанның 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-бөліктеріне енгізілмеген қосымша ақпарат: инвестициялау объектісі, бағалы қағаздар эмитенті, жылжымайтын мүлік объектісінің елі, төлемнің ерекше талаптары туралы ақпарат, валюталық заңнама бойынша жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шотына ақша есептеу күні көрсетіледі.

      15. Нысанның 8-бөлігінде нақтылайтын ақпараттың болмауы бұзушылық болып табылмайды. Нысанға белгіленген шекті мәннен аз сомадағы валюталық операцияларды енгізу бұзушылық болып табылмайды.

      16. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

      17. Нысанға түзетулер (өзгерістер, толықтырулар) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18544 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларының 34-тармағында белгіленген ұсыну мерзімінен кейін 4 (төрт) ай ішінде енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады